v
Мақсаты:
Тәрбиешілік:
Шыршаны безендіре білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Жаңа жыл мерекесі және қыс мезгілі туралы білімдерін дамыту.
Оқыту:
Мереке ерекшелігін сезіне білуді үйрету.
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Шырша шамдарын жағамыз»»
Ересек топтарға арналған «Түрлі-түсті бояулар» вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:.
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Өтпелі тақырып: «Қош келдің жаңа жыл»
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: «Шырша шамдарын жағамыз»
Мақсаты:
Тәрбиешілік:
Шыршаны безендіре білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Жаңа жыл мерекесі және қыс мезгілі туралы білімдерін дамыту.
Оқыту:
Мереке ерекшелігін сезіне білуді үйрету.
Педагогикалық технологиялар: коммуникативті-ақпараттық технологиясы, ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы, жеке тұлганы дамыту технологиясы.
Ресустармен қамтамасыз ету: суреттер
Билингвалдық компоненті: жаңа жыл - новый год, шырша - елка.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Жаңа жылды қарсы алып,
Барлық бала ән салып.
Ақшақар жүр би билеп,
Қол соғады барша жұрт.
Шыршамыз да керемет,
Ойыншықтар тағылған.
Алыс жақтан келіп тұр,
Аяз ата сағынған.
2.Негізгі бөлім:
Жұмбақ жасыру.
«Шанамен зырғып желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Жаңа жылдық шыршаны және қысқы орманның суреттерін көрсету.
- Балалар, шыршаны қандай мерекеде безендіреді?
- Жаңа жыл мерекесіне кімдер келеді?
- Шыршаға нелер іледі?
- Аяз Ата бізге не алып келеді?
Тәрбиеші балаларға даяр шыршаның шаблонына түрлі түсті қағаздардан дөнгелектер қиып жапсырады .
Сергіту сәті.
Оңға, оңға түзу тұр.
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары - төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Балалар даяр шыршаның шаблонына түрлі түсті қағаздардан дөнгелектер қиып жапсырады . Оқу қызметінде қиналған балаларға бағыт - бағдар беріп отыру.
3.Қорытынды:
Өлең оқып беру.
Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Жаңа жылда жаңа жыр!
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Балалардың жұмысын мадақтайды.