Тақырыбы: «Менің үйімдегі бөлме гүлдері»
Мақсаты:Бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру.Гүлдің атауларын,сырт келбетін,жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын,оларды баптап күту ережелерімен таныстыру. Өсінді отырғызу жолын көрсетіп,табиғатты аялауға,сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Бөлме гүлдері, тамырланған гүл, ыдыс, тағы басқа қажетті заттар.
Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Просмотр содержимого документа
«Шырша шамдарын жағамыз»
Ересек «Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тәрбиеші:Оразова Г.Т
Өтпелі тақырып: «Қош келдің Жаңа жыл»
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Апликация
Тақырыбы: «Шырша шамдарын жағамыз»
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі және қыс мезгілі туралы білімдерін дамыту; мереке ерекшелігін сезіне білуді үйрету;шыршаны безендіре білуді үйрету;тапсырманы ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Жаңа Жыл мерекесі жайлы әңгімелесу.
Топтағы шыршаны безендіру.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,
дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.
Билингвалды компонент: шырша- елка,жаңа жыл- новый год, қыс-зима
1.Ұйымдастырушылық кезең
Жылулық шеңбері.
Қол алысып,кәне,біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
2.Негізгі бөлім
Балалар шеңберге тұрып,тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.
Ұйымдастыру-
іздестіру
-Балалар,қазір бізде жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде болатын қандай мерекелерді білесіңдер?
Сөздік жұмыс: шырша,шам.
-Жаңа Жылда не істейміз?
-Шыршаның түсі қандай болады?
-Жаңа Жылда сыйлық алғыларың келе ме?
-Олай болса,шыршамызды безендірейік.Шыршаны немен безендірсек болады?Әрине,түрлі түсті дөңгелектермен.
Фонға шырша берілген,сол шыршаны түрлі түсті дөңгелектермен безендіреміз. Шыршаны безендіруді төменгі жағынан бастаймыз.
Төменгі жағына 3түсті: қызыл,сары,көк дөңгелекті жапсырамыз.Оның жоғарғы жағына: қызыл,сары; оның жоғарғы жағына: қызыл,көк түсті шарларды жапсырамыз.Шыршамыз әдемі болған сияқты,бірақ бір нәрсе жетіспейді.
-Балалар,шыршамызды безендірдік,алайда не жетіспей тұр?
-Дұрыс айтасыңдар,жұлдызша.Түсі қандай?
Ол неше бұрышты?
Жұлдызшаны шыршаның ең жоғарғы жағына жапсырамыз.
Сергіту сәті.
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Көкке қарап,талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Балалармен жеке жұмыс өткізеді.
Қорытынды:
-Балалар,бүгін біз нені безендіруді үйрендік?
-Шыршаны безендіру сендерге ұнады ма?
-Шыршаны.
-Иә,ұнады.
.