Деңгейлік тапсырма.
1 деңгей.
Терме диктант.
А) Қызыл сиырды байлап алдым
Көк сиырды айдап салдым.
Ә) Көк лағым көгенде жатып семіреді.
Б) Асқар тауда қалын орман
Оны кейде шөптей орған.
2 деңгей.
А) Тақтаға қой суретін іліп, осы сөзге сәйкес сын есімдерді тіркеп айтқызу.
Ә) Қой малына қатысты білетін мақал-мәтелдерді сұрау
3 деңгей. Шығармашылық диктант.
А) ... сөз жанға қас,
... қойшы малға қас
Ә) ... бұтаққа да,
... жиде бітеді.
Б) Масақтың дәні ....
4 деңгей.
Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрастырыңдар.
а) Тақырыбы: «Әдептілік»
ә) Тірек сөздер: Сәлемдесу, сыйлау, үлкенге көмек, кішіге қамқорлық, сыпайы сөйлесу, ұқыпты болу.
Тақырыбы: Сан есім.
Жұмбақ.
1)Екі қарауыл,
Екі тыңшы,
Бір жыршы. ( Екі көз, екі құлақ, тіл)
2) Сандарға қатысты 5 сөз жаз.
| Т | ө | р |
| О | н | т |
| Қ | б | о |
| С | е | ғ |
| А | г | ы |
| Н | і | З |
3) Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыр.
Алты қабат, елу қой, тоқсан алты пәтер, он үшінші пәтер, жиырма алты қала, жиырмы төрт мектеп, отыз ағаш.
Өз – өзіңді тексер.
1. Он екінші, бес, сегізінші, қырық сөздері қай сөз табына жатады?
а) зат есім; ә) сын есім; б) сан есім.
2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
а) 6 ә) 7 б) 8 в) 9
3. Сан есім ........ болып бөлінеді?
а) есептік, реттік, жинақтық ә) қатарлық, кезектік
б) есептік, реттік, қатарлық
4. Артық сөзді тап.
а) жүз, алты ә) бірінші, сегізінші б) қырық, алпыс
Деңгейлік тапсырма.
1 деңгей.
Жұмбақты оқып, көшіріп жаз, сан есімді тап, қай түріне жатады?.
Елу тісті, екі қолды,
Жүз төрт түйме,
Он бір ине.
2 деңгей.
Жүз сөзінің әртүрлі мағынасына 3 сөйлем құрап жаз. Сан есімге байланысты мақал жаз.
3 деңгей.
1) Жаңылтпашты жатқа жаз.
Қырық құлып
Қырық құрық
Құлып та- қырық
Құрық та- қырық
2) Сандарды сөзбен жаз.
259, 1045, 95.678, 200.604, 689.450.
Тақырыбы: Етістік.
Мақалдарды оқы.
1. Еңб 2, адамның 2-інші анасы.
2. Ерінш2, тің ертеңі 1, тп,5.
3. Өм “ 1 адам 6 6 ” асын еңб 2, ке үйр “ 7 ” еді.
Жұмбақтар.
Көп нүктенің орнына етістіктерді қойып жаз.
1. Өмірді ... (өлшейді).
Ешкімнен сұрамай.
Тіліңді ... (алмайды)
Тетігін бұрамай. (Сағат)
2. Ұшқанда өлең ..., (айтады)
Қоңғанда жер ... (қазады)
Мұны да ойлап көрейік,
Шешімін кім табады? (Қоңыз).
3. Көзге ... (көрінбейді)
Қолға ... (ілінбейді). (Жел).
4. Дәмді- дәмді тағамдарды ... (жинайды)
Қонақтарын көңілдене ... (сыйлайды). (Дастархан).
Өз-өзіңді тексер.
1. Болымсыз етістікті жаса:
а) керіл ...; ә) бол ...; б) сыз ...
2. Жіктеулі есімдіктердің жақтарын қой:
а) дайындалдым (... жақ); ә) билеп жүр (... жақ); б) қатысасың (... жақ).
3. Етістіктердің сұрақтарының сыртына шақтарын дұрыс қой:
а) не істедім? (... шақ); ә) не істеп отыр? (... шақ); б) не істейсің? (...шақ).
4. Дұрыс байланысқан сөз тіркесін тап:
а) қолмен ұстау; ә) гүл өсу; б) көк самға.
5. Іс-әрекеттің қазір болып жатқанын білдіріп «Не істеп отырмын? Не істеп отырсың? Не істеп отыр?» деген сұраққа жауап беретін етістіктер.
а) Осы шақ; ә) Өткен шақ; б) Келер шақ
6. Етістікке жіктік жалғау жалғанып өзгеруін Қалай атаймыз?
а) Етістіктің шақтары; ә) Етістіктің жіктелуі: б) Етістіктің септелуі
7. Іс-әрекеттің бұрын болғанын білдіріп «Не істедім? Не істедің? Не істеді? деген сұрақтарға жауап беретін етістік.
Деңгейлік тапсырма.
1 деңгей.
1)Өлең жолдарынан етістікті тауып, астын сыз.
Айналаға су бүркіп,
Аппақ тозаң қылады
Күн көзіне құлпырып,
Кемпірқоса құрады.
2)Баған түрінде дара және күрделі етістіктерді жазу.
Дара етістік Күрделі етістік
Оқыды Оқып отыр
... ...
... ...
2деңгей
1)Көп нүктенің орнына сөздерді қойып, күрделі етістік жаса.
Айдос ауылға .... Тоғжан үйді .... Мал төлден .... Әдемі гүл ....
2) Берілген зат есімдерден туынды етістік жаса, 2 сөзбен сөйлем құра.
Арқан, шеге, ем, үй, көз, ой.
3 деңгей.
1)«Қанатты достар» тақырыбында мәтін құра. Етістік түріне қарай ажырат.
2)Көп нүктенің орнына тиісті етістікті жазыңдар.
Құстар қалай ұшады?
Қарға ұшар.......... ,
Шағала ұшар ........,
Үйрек ұшар ..........,
Қаз ұшады .......... .
Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.
Деңгейлік тапсырма.
1-деңгей.
Түнде жаңбыр жауды. Жел тұрды. Сәуле далаға шықты. Далада ағаш бар. Ағаштың бұтағында торғай отыр.
Осы әңгімеден жалаң және жайылма сөйлемдерді тап.
2 -деңгей.
Жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемге айналдырып жаз.
Мен кітапханаға бардым. Айман мені кітапханада күтеді. Менде кітап аз. Біз кітапханада бірге дайындалдық.
3 -деңгей.
Жалаң сөйлемдерді жайыла сөйлемдерге айналыдырып жаз.
Демалысқа шықты. Жарас қуанды. Сатушы келді. Сәуле жазды.
Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.
Түнде күндіз болды.
Жерге жұлдыз қонды.
«Не қажет» ойыны.
Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазу.
Балалар ... жиналды. ... ағаштар өседі. ... оқ дарымайды. ... жау жоламайды. ... басталды. ... желбіреді. ... жүзеді.