Туған күн.
1. Бүгін он төртінші наурыз. Менің туған күнім. Туған күніме
қонақтар келді. Менің атам, әжем бар. Олар қалада тұрады.
Атам мен әжем маған шахмат сыйлады. Әкем мен анам компьютер сатып
алды. Әпкем маған конструктор сыйлады. Сыйлықтар маған өте ұнады. Мен қатты қуандым. Туған күніме достарым, сыныптастарым да келді. Олар маған әр-түрлі ойыншықтар сыйлады.
Шешем туған күніме үлкен торт пісірді. Торт өте дәмді және тәтті болды.
Қонақтар барлығы риза болды. Туған күнім өте көңілді өтті.
Мәтін бойынша тапырмалар:
Мәтінді түсініп оқыңдар.
Мәтінді аударыңдар
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер:
а/ бүгін қандай күн ? ә/ туған күнге кімдер келді ?
б/ ата мен әже қайда тұрады ? в/ олар не сыйлады?
г/ әке мен ана не сыйлады ? ғ/ әпке не сыйлады?
д/ туған күнге тағы кімдер келді? е/ олар не сыйлады?
ж/ шешем не пісірді ? и/ туған күн қалай өтті?
2. Үлгі бойынша сөйлем құрап жаз. Сөзді өрбітіп жазуға үйрен.
Туған күн
Менің туған күнім
Менің туған күнім болды
Менің туған күнім наурызда болды.
3. Сөздердің жалғауларын дұрыс жалғап жаз.
Менің туған күн.........
Сенің туған күн........
Сіздің туған күн.......
Оның туған күн.......
Үй жануарлары. 5 сынып.
А1 – деңгей:
1. Мен, сіздер, бұл, анау, сөздерінен сөйлем құрап, түрін анықтаңдар.
2. Ит, мысық, үйрек, тауық, торғай сөздеріне жіктеу есімдіктерін қосып, иелік форма жасаңдар және үндестік заңын түсіндіріңдер.
А2 – деңгей:
1. Есім дегеніміз не? Есімдіктің неше түрі бар, мысалдар келтіріңдер.
2.Төрт түліктің пайдасы туралы әңгімелеңдер.
В1 – деңгей:
1. Жануарлардың мінезі туралы әңгімелеңдер.
2. Сілтеу есімдіктерімен сөз тіркесін жасаңдар.
В2 – деңгей:
1. Жануарлар әлемі туралы әңгімелеңдер.
2. Иелік форманы пайдаланып сөз тіркесін жасаңдар.
С1 – деңгей:
1. Есімдік деген не, оның неше түрі бар? Мысалдар келтіріңдер.
2. Арыстан мен түлкі туралы ертегіні айтып бер.
С2 – деңгей:
1. Иелік форма қалай жасалады? Мысалдар келтіріңдер.
2. Ұлттық ойындар туралы әңгімелеңдер.
3. Етістік туралы айтып, мысалдар келтіріңдер.
Адамның дене мүшелері.
А1 – деңгей: 5-сынып.
1. Адамның дене мүшелеріне нелер жатады?
2. Керекті шылауларды қойып жаз.
Шашың ұзын ----? Көзің қара-----? Ол жұмыс істей ....?
Ұлты орыс -----? Оның тісі әдемі.....? Әкең үйде-----? Таза----?
А2 – деңгей:
1. Шылаудың қандай түрлерін білесіңдер, мысалдар келтіріңдер.
2. Көп нүктенің орнына тиісті дене мүшесінің атауын қойып жаз.
--------------- көреді
Адам --------------- ойлайды
--------------- естиді
--------------- демалады
--------------- сөйлейді
В1 – деңгей
1. Уақыт мезгілдеріне шылаулар тіркеу арқылы сөйлемдер құраңдар.
2. Адамның сезу мүшелері туралы айтып беріңдер.
В2 – деңгей:
1. Дене мүшелерінің атқаратын қызметі туралы жазыңдар.
2. Сұраулық шылаулармен мысалдар келтіріңдер
С1 – деңгей:
1. Адам – ардақты ат.
Адам -.................... /мақалды толықтырыңдар/.
2. Денсаулыққа пайдалы қандай кеңестерді білесіңдер?
3. Шылаудың қандай түрлерін білесңдер?
С2 – деңгей:
1. Шылаулармен мысалдар келтіріңдер.
2. Дене мүшелері туралы мазмұндау.
3.Ұйқының пайдасы қандай?
3-сынып. Қорытынды сабақ.
1-тапсырма. Ассоциация жазу. 1-топ: Туған күн. 2-топ: Көктем.
2-тапсырма: «Сен маған-мен саған» Әр топтың мүшесі бір-біріне сұрақ
қойып, жауап алады. /доппен ойнау/.
3-тапсырма: «Кім тез, жылдам, шапшаң?» Жазбаша жұмыс. Көп нүктенің
орнына тиісті әріптерді жазу.
Наурыз ж..л басы. 22 Наурыз – ..лкен мереке. К..н мен т...н те...еледі.
Адамд...р аул..ны тазал..йды, а..аш егед..., наурызк...же п..с..ред.. . Олар
б..р - б..р..не ...она......а барады. Наурыз қ...тты болс..н!
4-тапсырма: Қисынды ойлау. /аяқтау/.
Шаг – қадам, Шерсть – жүн Звук – үн, Сон – түс,
Человек-...... Ночь -............. Солнце-... Птица-....
Ребенок – бала, Деньги – ақша
Двор -....... Сад -...............
5-тапсырма: Кім шешен? /сөздік ойыны/.
Друг- Дружба- Настоящий друг- Верный друг- Честный-
Вместе играем- Высокого роста- Занимается- Добрый-
Заболел- Неразлучные- Веселый день- Серебряный дождь-
Чистая вода- Весенние месяцы- Пришла весна- Тает снег-
Прилетают птицы- Равняются- С праздником Наурыз-
6-тапсырма: Тест тапсырмаларын орында:
1. Табиғатпен....болу керек /доп, дос, бос, күз/.
2. Кемпірқосақ.....түсті болады. /бес,алты, жеті, төрт/.
3. Наурыз- ... /жыл басы, ортасы, аяға, бірінші күні/.
4. Құстар .... ұшып келеді / қыста, жазда, көктемде, күзде/.
5. Көктемде күн ..../ жылынады, суытады, мұз қатады, ысиды/.
НӘТИЖЕ САБАҚ. 3 сынып.
1 – тапсырма. Берілген сөздерді орыс тіліне аудар.
Өсімдіктер- Жазушылар- Ақындар- Ғалымдар-
Любимый- Интересный- Сказка- Библиотека-
Свободное время- Читальный зал - В клетку- В линию-
Дневник- Расписываются- Разноцветные- Кисточка-
2 – тапсырма. 1-топ – Еңбек сабағы. 2-топ – Сурет сабағы.
/ әңгімелеу/.
3 – тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,
сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Мен ....... сурет саламын. 2. Әсет тамаша ән........ 3. Алена ермексаздан
.............жасады. 4. Балалар ........оюлар қиды.
Керекті сөздер: қайшымен, қарындашпен, үй, айтады.
4 – тапсырма. Менің оқу құралдарым туралы айтып беріндер.
1 – топ - дәптер, сызғыш, күнделік. 2 – топ – кітап, қалам, өшіргіш.
МЕКТЕП.
Біздің мектеп өте әдемі, биік. Мектептің сыныптары кең, жарық, таза.
Мектеп екі қабатты. Бірінші қабатта спорт залы, еңбек кабинеті бар. Екінші
Қабатта қазақ тілі, орыс тілі, математика, география кабинеттері бар. Мектепте актовый зал бар.
Биік-высокий Кең-широкий Жарық-светлый Екі қабатты-двухэтажн.
Еңбек- труд
Сұрақтарға жауап бер.
Мектеп қандай?
Мектептің сыныптары қандай?
Мектеп неше қабатты?
Бірінші қабатта не бар?
Екінші қабатта не бар?
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жаз.
Қар....ндаш, өш...ргіш, к..нделік, к..тап, оқ..шы, қал...м, с...рет, әл..ппе, с...нып, қаб...т, мект..п, м...ғалім, орынд..қ, та...та, д..птер.
Жақша ішіндегі сөзді аударып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
/ Я / үшінші сыныпта оқимын. Біздің сыныпта он екі / ученик/ бар. Біз сабақта / книга/ оқимыз. Біздің мұғалім /хороший/ адам.
Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыр.
Мектеп, сабақ, оқимын, парта, қабат, әртүрлі, әдемі, мұғалім, оқушы, қарындаш, қалам, таза, кең, жарық, жақсы, отырамын, жазамын, туралы.
Берілген сөздерді өрбітіп жазыңдар.
Дәптер. Мектеп. Оқушы. Сынып. Кітап.
Мысалы: 1. Қалам
2. Көк қалам
3. Көк қалам бар.
4. Сашада көк қалам бар.
Лавровка орта мектебінің -------сынып оқушысы--------------------------------
---------- аты- жөні, қазақ тілі пәнінен-----------------------------------------------
тақырыбы бойынша.
| № | Нені білемін? | Нені білгім келеді? | Нені білдім? |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Сабақ : ұнады /4/ онша ұнаған жоқ /3/ өте ұнады. /5/.
Сабақтың тақырыбы: Байланыс жүйесі
Сөйлесу қатынас құралдары
Күн сайын біз адамдармен әр түрлі жолмен байланыс жасаймыз. Олар: хат, телефон, факс, электронды пошта, интернет және т.б.
Бұрын адамдар хат-хабарды түйе немесе ат арбамен 20000 шақырымға дейін жол жүріп әрең жеткізетін. Кейіннен Қазақстанның қалаларында, облыстарында, аудандарында, ауылдарында пошта бөлімшелері ашылды.
Алматы қаласында пошта бөлімшесі 1860 жылы ашылған. Орталық пошта Республикамыздағы ең ірі байланыс жүйесі болатын. Бұл жерден адамдар жедел хат, сәлемдеме, ақша аударуға әлі де мүмкіндіктері бар.
Бұл күндері ұялы телефон, факс, электронды пошта, интернет пайда болды. Интернеттің тарихы өткен ғасырдың 60-жылдарынан басталады. АҚШ Қорғаныс министрлігіне қарулы күштермен байланыс жасау үшін компьютер жүйесі қажет болды. Мұны 70-жылдары Америка ғалымдары қолға алып, 80-жылдары телефон компаниялары компьютер арқылы көптеген елдермен байланыс жасай бастады. Сөйтіп, халықаралық компьютер тілі пайда болды да, компьютер жүйесі дүние жүзіне тарай бастады.
Интернетті көптеген мақсатқа қолдануға болады. Интернеттің көмегімен машина, үй сатып алуға, басқа қалалардағы қонақ үйден күні бұрын орын алуға, кино көруге, ағылшынша газеттер, жапонша журналдар оқуға, кез келген қалалардан кітаптар сатып алуға, Германиядағы қарсыласыңызбен шахмат ойнауға, тіпті басқа елдегі таныстарыңмен еркін сөйлесуге де болады.
Интернеттің көмегімен санаулы уақыттың ішінде электронды пошта арқылы кез келген елдермен байланыса аласыз және бұл телефонмен сөйлесуден арзанға түседі.
Егер сіздің үйіңізде компьтер болмаса, факстің немесе Интернеттің көмегімен арнаулы факс-бюроны не Интернет-кафеларды пайдалануға болады.
Өміріміз күн санап дамып өзгеруде, сонымен бірге қарым-қатынастың түрі де көбеюде. Сөйлесу әрі қарапайым, әрі жеңіл, әрі тез болатын болды.
Сөздік
қатынас – связь
құрал – средство
күн сайын – каждый день
байланысу – связываться
арқылы – через
хат-хабар – корреспонденция
түйе – верблюд
ат арба – повозка, телега
бөлімше – отделение
байланыс жүйесі – система связи
жедел хат – телеграмма
сәлемдеме - посылка
мүмкіндік – возможность
қалааралық – междугородний
ұялы – сотовый
Қорғаныс министрлігі – Министерство обороны
қарулы күштер – вооруженные силы
қолға алу – взять в свои руки
тарау – распространяться
қолдану – пользоваться
күні бұрын – заранее
кез келген – любой
қарсылас – сверстник
санаулы – считанный
қарым-қатынас – отношение
1-тапсырма
Мына сөйлемдерге қарсы пікір айтыңыз.
Күн сайын біз ат арбамен байланыс жасаймыз. – Жоқ, қателесесіз, күн сайын біз адамдармен хат, телефон, факс, интернет арқылы байланыс жасаймыз.
Бұрынғы кезде хат-хабарларды пойыз арқылы жеткізетін. Алматы қаласында пошта бөлімшесі 1960 жылы ашылған. Сәлемдемені қалааралық сөйлесу бөлімінде қабылдайды. Интернеттің тарихы осы ғасырдан басталады. Интернетті тек қана бір мақсатпен қолдануға болады. Телефонмен сөйлесу электронды поштадан арзанға түседі. Үйде компьютер болмаса, факсті немесе Интернетті пайдалануға болмайды. Қазіргі кезде қарым-қатынастың түрі азаюда. Сөйлесу өте қиын және ұзақ болатын болды.
2-тапсырма
Мына сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, сөйлем құраңыз.
Корреспонденция, почтовое отделение, бывший город Верный, система связи, система междугородней связи, история Интернета, с помощью Интернета, в считанное время, отношение
3-тапсырма
Алыста саяхатта жүріп, үйіңізбен қалай байланыс жасағаныңызды айтып беріңіз.
4-тапсырма
Байланыс жүйесі туралы жолдасыңызбен сөйлесіңіз.
Адамдармен байланыс жасауды ұнатасыз ба?
... .
Сіз пошта бөлімшесіне жиі келіп тұрасыз ба?
... .
Хат жазуды ұнатасыз ба? Неге?
... .
Үйіңізде компьютер бар ма? Электронды пошта арқылы хат жібересіз бе?
... .
Факс-бюро немесе Интернет-кафеға барып тұрасыз ба?
... .
Факс жібере аласыз ба?
... .
Ұялы телефоныңыз бар ма? Оны жиі пайдаланасыз ба?
... .
Байланыстың қай түрін жиі пайдаланасыз? Неге?
... .
Сабақтың тақырыбы: Менің мамандығым
Сөздікті меңгеріңіз.
Мұғалім - учитель
жазушы - писатель
дәрігер - врач
есепші - бухгалтер
мал дәрігері - ветеринар
ғарышкер - космонавт
суретші - художник
шаштараз - парикмахер
бояушы - маляр
аудармашы - переводчик
сәулетші - архитектор
жұмысшы - рабочий
құрылысшы - строитель
сатушы - продавец
даяшы - официант
жүргізуші - водитель
хатшы - секретарь
заңгер - юрист
әнші - певец
биші - танцор
аспаз - повар
Ақпаратты теріске шығарыңыз.
Ол жүргізуші емес, ол ....................Ол құрылысшы емес, ол ................Ол заңгер емес, ол ........................Ол дәрігер емес, ол .......................Ол мұғалім емес, ол......................
Ол студент емес, ол .....................Ол сатушы емес, ол ........................
3. Үлгіні пайдалана отырып, досыңыздың мамандығын сұраңыз.
- Салем!
- Салем!
- Халің қалай?
- Жақсы, рахмет!өзіңнің денсаулығың қалай?
- Денсаулығым жақсы!
- Сен қай университетті бітірдің?
- Мен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін
бітірдім.
- Мамандығың қандай?
- Мамандығым - заңгер.Сенің мамандығың қандай?
- Менің мамандығым - құрылысшы.
- Жақсы екен. Сау бол!
- Көріскенше!
4.Ақпаратты оқыңыз.
Аты: Әлішер Нұғман
Елі: Қазақстан
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Нұрмақов көшесі, 26-ншы үй, 77-нші пәтер
Телефонның нөмірі: 64-18-21
Жасы: 22-де
Мамандығы: заңгер
Отбасы жағдайы:үйленбеген
5. Мына сұрақтар мен жауаптарды толтырыңыз.
1. Аты ______________________? Әлішер Нұғман
2. Қайда тұрады? ________________
3. Мекен – жайы ______________? ________________
4. ______________ қандай? 8-19-28
5. ______________ нешеде? 22-де
6 . Мамандығы ______________? __________________
7 . ______________ бе? Үйленбеген.
6. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз.
-шы\- ші
Зерттеу, жазу, кен, теңіз, егін, мүсін, бояу, тіл, тігін, трактор, балық, сату, құрылыс, сурет, жүргізу, жұмыс, сәулет, ән, би, аударма, хат,аң, әдебиет,
ем, ел, өтірік.
-ғар \-гер, -қар\ -кер
Іс, жауын,зер, дәрі, заң,қызмет, талап, саясат, жауап, мұра.
7. Мамандық атауларын сала бойынша қойып жазыңыз.
а) Ой еңбегі саласы (сфера умственного труда):
ә) Өндіріс саласы (сфера производства):
б) Ауылшаруашылық саласы (сфера сельского хозяйства):
в) Тұрмыстық қызмет көрсету саласы (сфера обслуживания):
г) Өнер саласы (сфера искусства):
Керекті сөздер: жазушы, жұмысшы, құрылысшы, балташы, іскер, малшы, қойшы, есепші, кенші, даяшы, тілші, жүргізуші, әртіс, ғалым, суретші, аспаз, сауыншы, ақын, тігінші, мақташы, ұшқыш, егінші, бояушы, сәулетші, әнші, зергер, тракторшы, мүсінші, биші, орманшы, аудармашы, хатшы, филолог, сағат шебері, экономист, инженер, геолог, телефоншы, сатушы, мал дәрігері, агроном, дәрігер, балықшы, шопан, шаштараз, заңгер, мұғалім, суретке түсіруші, аяқ киім жөндеуші, домбырашы, композитор, менеджер.
8. Бос орынға мамандық атауларын жазыңыз. Мәтін бойыншаөзара әңгімелесіңіз.
Менің атам және әжем егде адамдар. Олар - ____________ . Менің әкем - ________, шешем - ___________. Біз Алматыда тұрамыз.Менің екі ағам бар: біреуі - _________, екіншісі _________. Олар Астанада. Менің апам банкте ___________. Біздің туыстарымыз ауылда. Олар: ________, _________, _______, ___________ .Мен өзім _________, келешекте __________ болуым керек. Сіздің ___________ қандай?
Тест тапсырмалары
Менің әкем ұшақтарда ұшып жүр. Оның мамандығы қандай?
а) әнші ә) есепші б) ұшқыш
2. Меруерттің ағасы шетел фирмасында ақша санап жүр. Оның мамандығы қандай?
а) мұғалім ә) есепші б)тілші
3. Жанар сурет салып жүр. Оның мамандығы қандай?
а) дәрігерә) аудармашы б) суретші
4. Салтанат адамдарды емдеп жүр. Оның мамандығы қандай?
а) дәрігер ә) хатшы б) жазушы
5. Менің шешем киім тігіп жүр. Оның мамандығы қандай?
а) ұшқыш ә) сәулетші б) тігінші
6. Сәния оқушыларды оқытып жүр. Оның мамандығы қандай?
а) аудармашы ә) мұғалім б) аспаз
7. Болат үйлер салып жүр. Оның мамандығы қандай?
а) ұстаз ә) сатушы б) құрылысшы
8. «... не істеп жүр?» деген сұраққа жауап беріңіз. Әнші не істеп жүр?
а) заттарды сатып жүр ә) ақша санап жүр б) ән айтып жүр
9. «... не істеп жүр?» деген сұраққа жауап беріңіз.Аспаз не істеп жүр?
а) киім тігіп жүр ә) тамақ пісіріп жүр б) жаңа үйлер салып жүр
10. «... не істеп жүр?» деген сұраққа жауап беріңіз. Суретші не істеп жүр?
а) сурет салып жүр ә) киім тігіп жүр б) ақша санап жүр
КІМ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕДІ? 10 сынып.
| № | Мамандықтардың түрлері | Қызметі, міндеті | Кәсіби біліктілігі | Медициналық қайшылықтар |
| 1. | | | | |
| 2. | | | | |
| 3. | | | | |
ДӘРІГЕР ТОЛҒАНЫСЫ, ҚЫЗМЕТІ.
| № | Дәрігер не істейді? /етістіктерді қолдану/. | Дәрігер қандай болу керек? /сын есім/. | Қызметі қауіпті ме? | Бұрынғы мен қазіргі дәрі- гердің айыр- машылығы. Гиппократ антының мәні бар ма? |
| 1. | | | | |
| 2. | | | | |
| 3. | | | | |
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ СУРЕТШІЛЕРІ.
| № | Суретшілер, шеберлердің аты – жөні | Шығармалары, туындылары |
| 1. | | |
| 2. | | |
| 3. | | |
Мамандықтардың бес тармағы. 10 - 11 сыныптар.
| № | Мамандықтардың тармақтары | Мамандықтардың түрлері. |
| 1. | Адам - табиғат | Бақшы, зоотехник, ветеринар, мал Шаруашылығындағы жұмысшылар, |
| 2. | Адам - техника | Слесарь, токарь, радиотехник, байланысшы, тігінші, жүргізуші, электрик, инженер т.б. |
| 3. | Адам - адам | Сатушы, мұғалім, балабақша тәрбиешісі, баұушы, дәрігер, официант, админитсратор, менеджер т.б. |
| 4. | Адам - белгілі жүйе /знакомая система/. | Сызушы, машинист, оператор ЭВМ, Радист, экономист, программист, бухгалтер, телеграфист т.б. |
| 5. | Адам – көркемді бейне /художественный образ/. | Маляр, гравер, архтектор, фотограф, актер, суретші, музыкант, модельер, дизайнер т.б. |
ҚАЙ САЛА СІЗГЕ ҰНАЙДЫ, ТАРТАДЫ?
1. 1. Адам /балалар және ересек адамдар, оқушылар және студенттер, сатып
Алушы, пассажирлер, көрермендер, оқырмандар, әріптестер/.
1. 2. Информация / мәтіндер, формулдар, кестелер, кодтар, сызулар, шетел
тілдер, бағдарлау тілдері –язык программирования.
1. 3. Финансы-қаржы. / ақша, акциялар, фондтар, лимиттер, кредиттер/.
1. 4. Техника / механизмдер, станоктар, мекемелер, конструкциялар,
приборлар, машиналар/.
1. 5. Өнер / әдебиет, музыка, театр, кино, балет, бейнелеу өнері/.
1. 6. Жануарлар / қызметші, жабайы, үй жануарлары/.
1. 7. Өсімдіктер. / ауылшаруашылықты, жабайы өсімдіктер, декоративтік/.
1. 8. Азық – түліктер / ет тағамдары, балық, сүт өнімдері, кондитер және нан
өнімдері, консервы, жемістер, көкөністер, жидектер/.
1. 9. Өнімдер / металл, маталар, тері, былғары, ағаш, тас, дәрі/.
1. 10.Табиғи ресурстар / жерлер, ағаштар, таулар, су қоймалар/.
САЛАНЫҢ ҚАЙ ТҮРІ СІЗДІ ТАРТАДЫ?
Ауылдағы досымнан хат.
Сәлем, Виктор!
Халың қалай? Денсаулығың жақсы ма? Ата-анаң аман ба? Оларға менен сәлем айт. Менің жағдайым жақсы. Әке-шешем де аман. Ауылда жаңалықтар аз. Біздің мектеп үлкен, кең, жарық. Әр түрлі үйірмелер өтеді.
Биыл қазақ тілін тығыз үйрене бастадым. Мен қазақ тілі үйірмесіне барамын. Үйірме аптасына екі рет болады. Бүгін қазақ тілінен сабақ болады. Біз қазақ тілінде сөйлесе бастадық. Қазақша аздап түсінеміз. Мұғалімнің айтуынша: «Тілді үйрену әр адамның қолынан келеді, тек ниеттену керек»,- дейді.
Мен теледидарды қазақ тілінде көремін, тыңдаймын. Қазақша радионы тыңдаймын, өлеңдерді жаттаймын. Мемлекеттік тілде газет, журналдарды оқимын. Түсінбесем, достарымнан сұраймын. Менің досымның ұлты қазақ. Ол маған қазақ тілін меңгеруге көмектеседі. Витя, ал сен қазақ тілін қалай білесің? Қазақша түсінесің бе? Ал, енді хош сау бол, жауап бер, күтемін.
Сәлеммен досың Саша.
Тапсырма. Переведите на казахский язык.
Меня зовут Петр. Я русский. Я ученик седьмого класса средней школы.
Я изучаю казахский язык. Я начал говорить по-казахский, но говорю плохо. Сейчас урок казахского языка. Преподаватель читает текст. Она читает текст медленно. Мы внимательно слушаем. Потом мы читаем вместе, переводим. Мы хорошо понимаем текст. Мы задавали друг другу вопросы, отвечали на них. Отвечали на вопросы преподавателя. Прозвенел звонок. Перерыв. Мы вышли из кабинета. У нас урок прошел быстро и интересно.
Я хочу быстрее усвоить казахский язык, так как этот язык второй родной мне язык.
Қазақша хат жазу.
1. Хатты түсініп оқу, аудару, мазмұндау.
Сәлеметсіздер ме, қымбатты көке, апа! Халдарыңыз жақсы ма?
Мен жұмысқа орналастым. Жағдайым жақсы. Жатақханада тұрамын. Таныстарым көп. Орыс,қазақ достарым да бар. Мен мұнда қазақ тілін, ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Қазақ тілінде дұрыс оқимын, сөзді дұрыс айтамын. Ағылшын тілін жаңа-жаңа үйреніп келемін, әзірше меңгеру қиын. Радиодан, теледидардан хабар тыңдаймын. Қазақша хабардың мазмұнын түсінемін. Бірақ әлі еркін сөйлей алмаймын.
Үйірмеде оқимын. Маған Айнагүл көмектеседі. Екеуміз бір бөлмедеміз. Ол - өте жақсы дос, кішіпейіл, мейірімді, ақкөңіл. Жұмысқа бірге барамыз, бірге демаламыз.
Алматы – үлкен, әдемі қала. Маған өте ұнайды. Демалыс күндері қаланы аралаймыз: қыдырамыз, концертке барамыз. Ауылдағы туыстарға, достарға сәлем айтыңыздар. Хат күтемін.
Мекен-жайым: Алматы қаласы, Баженов көшесі, 6-үй.
Сәлеммен балаларың Арыстан. Қазан айының 2-сі, 2009 жыл.
Қымбатты –дорогой ақкөңіл-добродушный
Орналастым-устроился әзірше – пока
Жағдай –условие,положение,дела екеуміз –вдвоем
Жатақхана – обшежитие қаланы аралаймыз-ходим по городу
Мазмұн –содержание сәлеммен – с приветом
Кішіпейіл – скромный,вежливый
ҚАЗАҚША ҮЙРЕНДІК ПЕ?
Қазақша үйрендіңіз бе?
Үйреніп жүрмін. Баламмен бірге дайындаламын. Радио тыңдаймын, теледидар көремін. Кеше дүкенге бардым. Сатушы жас жігіт екен. Қазақша «Айналайын, екі кило ет өлшеңізші»,-деп едім, өте риза болды. Сонаң соң аялдамада бойжеткен тұр екен. «Қалқам, сағат қанша?»- деп сұрадым. Таңданып бетіме қарады /с удивлением смотрела на меня/. Ол да риза болды. – Сіз неге үндемейсіз?
Мен де қазақша үйреніп қалдым. Жеңіл мәтіндер,ертегілер оқимын. Үйде кейде қазақша сөйлеймін. Көшеде де қазақтармен қазақша сөйлескім келеді, бірақ ұялам. Себебі ойымды дұрыс жеткізе алмай қалам.
Ұялмаңыз. Бәрі өзімізге байланысты.
Күрделі сөздер. 1- тапсырма: берілген кестені толтыр.
| Қос сөздер | Біріккен сөздер | Қысқарған с/р | Тіркесті сөздер |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
2-тапсырма: кестені толтыр.
| Жалпы есімдер | Жалқы есімдер. |
| | |
| | |
| | |
| | |
Топтық сайыс бойынща кесте-сайысы.
| Мәтінді аудару 5 ұпай. | Мәтін бойынша кластер құрастыру 5 ұпай. | Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру 5 ұпай. | Мәтіннің мазмұнын мазмұндау 10 ұпай | Барлық ұпай саны. |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
1. Мәтінді тыңдап, оқып, орыс тіліне аударыңыз және мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар да, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Демалыс күні
Адамдардың көбі демалыс күні кеш тұрады, өйткені жұмысқа асықпайды. Бұл күні ұйқыларын қандырғысы келеді. Кейбір адамдар демалыс күні ешқайда шықпайды. Үйде отырып теледидар көреді, демалады немесе демалыс күнін пайдаланып үй шаруасымен айналысады. Содан кейін жалқауланып теледидардың алдында отырады.
Ал кейбір адамдар ерте тұрып, үй жұмысын тез бітіруге тырысады. Содан соң қыдырады, қонаққа барады, қаланың сыртына шығады. Үйде отырып демалыс күндерін босқа өткізгілері келмейді.
Мен үйде отырып демала алмаймын, өйткені ішім пысады. Жолдастарыммен кездесіп, қыдыруды ұнатамын. Кейде жолдастарымды үйге шақырып аламын. Олармен музыка тыңдап, әңгімелесеміз. Сонан соң далаға шығамыз. Кейде киноға, театрларға барамыз, қыста коньки, шаңғы тебеміз, жазда жағажайға барып суға түсеміз. Мен суда онша жүзе алмаймын, ал менің жолдасым жақсы жүзеді, өйткені ол жүзумен шұғылданады.
Әрине, үйге де көмектесемін: үй ішін жинаймын, кілемдерді қағамын, еденді сыпырамын, жуамын, жиһаздың шаңын сүртемін, кірімді жуып, үтіктеймін, содан кейін оларды шкафтың сөрелеріне тәртіппен қомын, ілемін. Тамақты да өзім пісіремін, дүкенге, базарға барып, азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидек әкелемін. Кейде күн жылы болса, саяжайға барып, әке-шешеме көмектесемін: жер қазамын, тырмалаймын, арам шөптерді жұламын, оларды және түскен жапырақтарды сыртқа шығарамын, өртеймін, ағаштарды суарамын, үйдің айналасын сыпырамын.
Ертең тағы демалыс күні, жексенбі. Бұл күні жоспарым өзгеше: мен ертең ерте тұрмаймын. Терезенің желдеткішін ашамын, кереуеттің алдында дене шынықтыру жаттығуларын орындаймын, жуынамын, киінемін, таңертеңгі тамағымды ішемін. Содан соң үй ішін жинап, жолдастарыма барамын. Ертең спорт кешенінде жеңіл атлетикадан спорт жарысы болады. Мен өзім көркем гимнастикамен шұғылданамын. Аптасына үш рет спорт кешеніне барып тұрамын. Спорттың барлық түрін жақсы көремін. Спорт жарысын көріп, кафеге барып түскі асымызды ішеміз. Содан кейін киноға брамыз.
Түстен кейін үйге қайтамыз. Үйде музыка тыңдаймын. Кешкі тамақты әзірлеймін. Менің ең жақын досым ұлттық билер үйірмесіне қатысады. Кешке оның концерті болады. Концерттен кейін үйге барып демаламын, теледидар көремін. Ерте жатамын, өйткені келесі күні жұмыс аптасы басталады.
Сөздік
ұйқыны қандыру – выспаться
кейбір – некоторые
пайдалану – воспользоваться
шаруа – дела, хозяйство
айналысу – заниматься
жалқаулану – лениться
іш пысу – умирать от скуки
суға түсу – купаться
жүзу – плавать
шұғылдану – заниматься
әрине – конечно
тырмалау – разравнивать граблями
арам шөп жұлу – рвать сорную траву
жапырақ – листья
өртеу – сжигать
жеңіл атлетика – легкая атлетика
жарыс – состязание
көркем гимнастика – художественная гимнастика
үйірме – кружок
2. Жаңа сөздермен сөз тіркесін жасаңыз және сөйлем құрастырыңыз.
3. Мына күрделі етістіктермен сөйлем құраңыз.
Іш пысу, ұйқы қану, коньки тебу, шаңғы тебу, домбыра тарту, ән салу, суға түсу, күнге күю, қарсы алу, қонақ күту, көмек беру, тамақ ішу, жақсы көру, суретке түсу.
4. Кеше өзіңіздің не істегеніңізді, жолдасыңыздың не істегенін әңгімелеңіз.
5. Өткен аптаны қалай өткізгеніңізді айтыңыз.
Үй жұмысы:
а) Мәтінді мазмұндау.
ә) Жаңа сөздерді жаттап келу
б) «Менің демалыс күнім» деген тақырыпқа шағын шығарма жазыңыз.
қатысу - участв
Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық көліктер
1. Мәтінді тыңдап, оқып, орыс тіліне аударыңыз.
Пойызбен саяхат жасау
Менің атым Ксения. Семейденмін. Мен медецина академиясының екінші курсында оқып жүрмін. Қызмет бабымен ел ішінде немесе шетелге сапар шекпеймін, өйткені студентпін. Жазғы демалыста ата-анама барып тұрамын. Олар Семейде тұрады. Семейге дейін ұшақ, пойыз және автобустар барады. Студент болған соң, ұшаққа отырмаймын. Билеті қымбат болғандықтан, пойызбен жүремін. Өткен жолы да пойызға отырдым. Теміржол бекетіне кіріп, ең алдымен анықтама бюросына бардым.
- Кешіріңіз, Семейге дейін қандай пойыз жүреді? Қай кассадан билет сатып алуға болады? Қай платформаға шығуым керек? Пойыз қай платформаға тоқтайды? Қай жолдан жүреді? Купелі вагонға билет бар ма?
- Семейге екі жолаушылар пойызы жүреді. Біреуі жүрдек пойыз. Кестені қараңыз. Пойыздың келуі де, кетуі де анық көрсетілген. Бесінші кассадан билет сатып алыңыз. Купелі вагонға да, плацкарт вагонға да билеттер бар. Пойызыңыз екінші платформаға тоқтайды. Бірінші жолдан жүреді.
Келесі күні мен досыма билет алғыздым. Ол мені шығарып салуға теміржол бекетіне келді. Менің қол жүгім ауыр емес. Перрон басы ығы-жығы халық: жүк көтерушілер, жолаушылар, шығарып салушылар, қарсы алушылар өте көп. Алтыншы вагонды іздеп келе жатырмыз.
Мынау алтыншы вагон ба?
Иә, алтыншы вагон. Мен жолсерікпін. Билетіңізді көрсетіңіз.
Жолаушы кім?
- Мен. Билетім міне. Менің орным қай купеде? Орным жоғарыда ма, әлде төменде ме?
Жолсерік бәріне жауап берді. Мен төсек-орын алып, төменгі орынға орналастым. Жолсеріктен газет, жорнал алып, оларды оқуға кірістім. Пойыз дәл белгіленген уақытында жүріп кетті. Жолаушылар бір-біріне сәтті сапар тіледі.
Сөздік
қызмет бабымен – по службе
ел ішінде – по стране
сапар шегу – совершать поездку
ұшақ – самолет
анықтама бюро – справочное бюро
тоқтау – останавливаться
жол – путь
купелі вагон – купейный вагон
жолаушылар пойызы – пассажирский вагон
жүрдек пойыз – скорый поезд
кесте - расписание
келуі – прибытие
кетуі – убытие
анық – ясно, четко
плацкарт вагон – плацкартный вагон
қол жүгі – ручная кладь
жүк көтеруші – носильщик
жолаушы – пассажир
төсек-орын – постельное белье
Сәтті сапар! – Счастливого пути!
шығарып салушы – провожающий
қарсы алушы – встречающий
жолсерік – проводник
әлде – или
2. Мына сөйлемдерді өткен шақтың екі түріне қойып аударыңыз.
Үлгі: Сен жазда ауылға сапар шегесің. – Сен жазда ауылға сапар шектің.Сен жазда ауылға сапар шеккенсің.
1. Сен жазда ауылға сапар шегесің. 2. Мен Қарағандыда боламын. 3. Мен кассадан билет сатып аламын. 4. Ләззәт купелі вагонға отырады. 5. Пойыз бірінші жолдан жүреді. 6. Жолсерік газет-жорнал, төсек-орын және шай береді. 7. Әйгерім Мәскеуге үш тәулік жүреді. 8. Сіз төменгі орынға орналасасыз. 9. Мен жоғарғы орынды ұнатамын. 10. Перронда жолаушылар, жүк көтерушілер жүгіріп жүр. 11. Ата-анама пойызға билет сатып ала алмаймын. 12. Мен анықтама бюросында тұрмын.
3. Жақша ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.
1. Біз былтыр Шымкентке (совершили поездку). 2. Билетті (заранее) кассадан (на скорый поезд) алдық. 3. Оныншы (пассажирский поезд) қай (путь) келіп тоқтайды? 4. Сендер (в купейный вагон) отырдыңдар ма? 5. Пойыз (по расписанию) келеді. 6. Мен пойызға (опоздал). 7. (В справочном бюро) кісі көп. 8. Сіз қай вагонды (ищете)? 9. Менің орным (наверху), Сіздің орныңыз (внизу). 10. (Постель) (у проводника) алу керек. 11. Теміржол бекетінде (пассажиры, носильщики, проводники, встречающие, провожающие) көп.
4. Пойызбен жол жүру туралы жолдасыңызбен сөйлесіңіз.
- Сіз қызмет бабымен сапар шегесіз бе?
- .............................. .
- Сіз ел ішінде сапар шегесіз бе, шетелге ме?
- ............................... .
- Өткен жолы пойызбен қайда бардыңыз?
- ............................... .
- Жүрдек пойызға міндіңіз бе?
- ................................ .
- Қай бекеттен түстіңіз?
- .................................. .
- Сіз пойызға кешігіп қалған жоқсыз ба?
- ....................................... .
- Пойыз кесте бойынша келді ме, кешігіп келді ме?
- ...................................... .
- Билетті алдын ала алдыңыз ба?
- ....................................... .
- Сізді кім шығарып салды, кім қарсы алды?
- ...................................... .
- Неше сағат жүрдіңіз?
- .......................................... .
- Сапарыңыз сәтті болды ма?
- ........................................... .
5. а) жолаушы және анықтама бюросының қызметкері, ә) жолаушы және жолсерік, б) екі жолаушы арасында сөйлесу құрыңыз.
6. «Пойызбен жол жүру» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.