СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Отбасы туралы әңгіме

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өз отбасы туралы қарапайым сөйлем айтуға үйрету

Просмотр содержимого документа
«Отбасы туралы әңгіме»

Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель: Хамитбекова Н.Б

Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас.

Пән/Предмет: Тіл дамыту.

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Менің отбасым»

Тақырыбы/Тема: «Отбасы туралы әңгіме»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Отбасы мүшелеріне құрметпен, сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Өзінің отбасы мүшелерінің бір-біріне қалай көмектесетіндіктері жайлы сұрақтарға жауап беруге, басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, түсіне білуге ынталандыру.

3.Оқыту – обучающая: Өз отбасы туралы қарапайыммен сөйлеммен айтуға үйрету үйрету.


Педагогикалық технологиялар/пед.технологии:денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: Отбасы мүшелерінің суреттері. Үлкенді құрметтеу, сыйлау туралы суреттер.

Гантелдер, екі ұзын скакалка

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: Отбасы-семья, әке-папа, ана-мама.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Сұрақ жауап арқылы балалармен әңгімелесу.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Ауа-райы қандай?

Тосын сәт: Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді екен, қарандаршы.

Тәрбиеші әже болып киініп келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сурет пен жұмыс: «Менің отбасым» тақырыбына әңгімелесу.

Балаларға отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып, өздерінің отбасы мүшелерінің қызметтері мен қарым-қатынастары туралы айту.


Балалар, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырақ – отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы –дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері: әке, ана ана және олардың балалары. Отбасының болуы – үлкен бақыт. Барлығымыз бірге қайталайық. 
Отбасы – ол бақыт, 
Отбасы – ол ата-ана, 
Отбасы – туыстарымыз, 
Отбасы – ол шаңырақ. 
-Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады. 
Олар ата, апа, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас т.б. 

Билингвалдық компонент:

2.Негізгі бөлім/оснавная часть: Отбасы-семья, әке-папа, ана-мама.


Сергіту сәті.

Басбармағым – атам

Балан үйрек - әжем,

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкене бөбек – мен.

Бір үйде біз нешеуміз,

Бір үйде біз бесеуміз.



« Кім жоқ»-дидактикалық ойын: Тақтада отбасы мүшелерінің суреттері ілулі тұрады. Балалар көздерін жұмады.Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды.

Саусақ жаттығуы: «Менің отбасым»

Әжемен қоштасу. Рахмет айту.

3.Қорытынды/итоговая часть:

-Балалар бізге қонаққа кім келді?

Суретте кімдер болды?

.