|
Ұйымдастыру- іздестіру
Сергіту сәті
|
Д/ ойын «Кім жоқ?»
- Ал, үйдің отбасы мүшелерін атайық.
Д/о «Мен айтамын, сен тап»
Тәрбиеші өлең сөздерін оқиды,
Менің әжем, ер әжем
Мінезі өте жәйлі әжем
Тірек болып жүр әжем
Әрқашанда қасымда
- Әже туралы не дейді?
2 –ші өлең жолдары;
Бақшасында балалар
Іні, әпке, аға бар
Ойыншықтар көп онда
Машина, ат, түйе бар
- Өлеңде отбасы мүшелерінен кімдердің аттары бар?
Сюжеттік суретке қарап талдау, әңгіме құрастыру, суретке тақырып қою.
Д/ойын «Мынау кім?» - Сендер өз отбасыларың туралы әңгімелеп беріңдер?
- Атың кім?
- Сенің ағаң бар ма?
- Сенің әпкең бар ма?
- Сен қіммен балабақшаға келесің?
- Өзің үйде қандай жұмыстар істейсің?
- Анаң үйде қандай шаруамен айналысады?
- Әкеңнің, анаңның, әжеңнің, атаңның есімдері кім?
- Әжең үйге қандай көмек береді?
- Әр қайсыңның отбасында неше адам бар?
- Сендердің неше аға, әпкелерің бар?
- Сендердің қайсыларың үлкен, ал қайсыларың кіші?
Саусақ театры арқылы туысқандық қатынастарын айтады.
Д/О «Біз қалай туыспыз?»
Сөздік жұмыс: әпке, сіңлі, іні, ағайын, нағашы
Д/о «Еркелетіп айт»
Ата-әжеміз, әке-шешеміз қандай жылы сөздер айтып еркелетеді?
-Сендер өз отбасыларыңа қандай тілек тілер едіңдер?
Дәптермен жұмыс:
Сыйлықты таңдап сыйла. Себебін түсіндір.
Мақал-мәтел
Тату үйдің бауырсағы да дәмді.
|
Отбасы мүшелерін атайды, зейіндерін дамытып, есте сақтайды
Тыңдап, суреттерге қарап , кім туралы екенін табады.
Балалар арқайсысы бөлек-бөлек суретке қарап отрыа әңгіме құрастырады.
Балалар үйден әкелген суреттеріне қарап өз отбасылары туралы әңгімелейді.
Балалардың жауабы
Балалар қалауы бойынша әңгімелейді
Балалар саусақтарына сақина (саусақ театрынан : бала, ана, әке, апа, ата сақиналары) алып киеді, саусақ театрына қатысады,
сұрақтарға жауап береді.
Сөздерді талдайды, мағлұмат береді.
Құлыным, ботақаным, жаным, күнім, қошақаным
Өз туыстарына арнап тілектерін білдіреді.
Мақалды тыңдау . Сөздерінің мағнасын өзара талдап, дәйектемелер келтіреді, мағынасын өздерінің түсінігі бойынша айтады.
|