СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Математика еліне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математика еліне саяхат математика пәні бойынша жұмыстар.Бастауыш сыныпқа арналған

Просмотр содержимого документа
«Математика еліне саяхат»

Сабақтың тақырыбы: Әріпті өрнектер.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: әріпті өрнектер жайлы оқушыларға

түсіндіру, білімдерін жетілдіру.


2. Дамытушылық: есеп, өрнек құрастыру арқылы

ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Тиянақтылыққа, жақсы, әдемі жазуға

тәрбиелеу.Оқушылардың күнделікті өмірде есептерді

пайдалана білуге үйрету


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, әріпті өрнектер, салыстыру есептері.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, ізденушілік, салыстыру.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздерме оқушылар! Отырыныздар. Сабақта кімдер жоқ? Оқушыларымызды түгендеп болдық енді сабағымызға көшейік. Бүгін бізде қандай сабақ? Ия балалар бізде математика сабағы.

ІІ. Өткенді қайталау.

Оқушылар үйге берілген есепті шығардық па? Дәптерлерімізді тапсырамыз артынан тексеріп бағасын қоямыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Кіріспе. Балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Әріпті өрнектер». Оқушылар бүгін математика сабағында өрнектерді жазу үшін латын әліпбиінің әріптерін үйреніп жаттаймыз.

Бұл өрнектер бізге есеп шығарғанда керек болады. Енді оқулыққа сәл қарайықшы бізде берілген № 1 есебімізде бос орынға сәйкес санды қойып, өрнектерді оқуымыз керек, өрнектерді оқу үшін алдымен латын әріптерін үйренейік. Ол үшін тақтаға назар аударындаршы, сосын менімен бірге қайталап оқындар.

+ 7 9 - - 5 2 +

Латын әріптері

Әріптің жазылуы

әріптің оқылуы

a

а

b

бэ

c

цэ

d

дэ


Балалар енді әріптерді бос орынға қоямыз.

а+7 9 – b d – 5 2 + c b + d

енді балалар кесте бойынша өрнектерді оқып және олардың мәнін табамыз:

а

9

4

2

3

5

6

8

а + 1

9+1

4+1

2+1

3+1

5+1

6+1

8+1

10 – а

10-9

10-4

10-2

10-3

10-5

10-6

10-8


Ал енді балалар № 3 есепке қарайықшы, сөз есеп берілген қалай шығарамыз?

Кітапханада аңдар туралы кітаптар 6 сөреге, ертегілер 3 сөреге жиналған. Барлығы неше сөреге кітаптар жиналды екен?


Аңдар – 6с

Ертегі – 3с ? 6 + 3 = 9

Жауабы: барлығы 9 сөреге кітаптар жиналған.



Келесі № 4 есебімізді тақтаға бір – бірлеп шығып орындайықшы.

Асты астына шешуін жазып отырындар.


3+1 5+2

10-7 9-6

8+1 7-4


Сергіту сәті. Оң қолымда 5 саусақ,

сол қолымда 5 саусақ.

Бесті беске қосқанда,

болып шықты 10 саусақ.


Оқулықпен жұмыс: оқулықтағы тапсырма бойынша № 5 есепті шығарамыз.


Дәулетте 10 кәмпит бар еді, ол 3 кәмпитін Серікке бергенде, олардың кәмпиттері тең болды. Серікте неше кәмпит болды?


Болғаны – 10 к

Бергені – 3 к

Қалғаны - ? 10 – 3 = 7

Жауабы: Серіктеде 7 кәмпит болды.

Дәптермен жұмыс:

барлық есепті дәптерлерімізге таза, ұқыпты, әдемі етіп жазамыз. 2 клетка қалдырып 11 клеткаға есебіміздің нөмірін жазамыз.


ІV. Қорытынды.

Оқушылар бүгінгі сабағымыз түсініктіме, бүгін біз әріпті өрнектерді өттік, латын әліпбиіндегі әріптерді жатқа білуіміз керек екенің білуіміз керек.


Үйге тапсырма. Бағалау.

Балалар үйге тапсырма № 4 есептің екінші бағаның шығарып келеміз. Оқушылар сабаққа жақсы ат салысқан балаларға жақсы бағалаймын олар, Әлібек, Әлішер, Ақбаян , Жанна, Нұрсұлтан, Темірлан, Жантөре, Күмісай күнделіктерінді әкеліндер.