Ересек «Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 17.01.2019.
Тәрбиеші: Шакимова Г.К.
Білім беру саласы: «Таным»
Өтпелі тақырып: «Қардың қасиеті»
Пән: Қ.М.Ұ.Қ.
Тақырыбы: «Математика еліне саяхат»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Белсенді қызығушылықтарын тәрбиелеу.Достық қарым қатынастарын нығайту,Ұжыммен жұмыс жасау,бірігіп бір біріне көмектесу.
Дамытушылық: Есту,көру қабілеттерін жетілдіру,есте сақтау,логикалық,шығармашылық
Білімділік: Геометриялық пішіндерге деген білімдерін жалпылау,қалыптастыру.Балалардың кеңістікте өздерін қалай бағыттауларын үйрету.
-Онға дейін ауызша санауды жалғастыру
-Логикалық есептерді шығаруды жалғастыру
-Жануарлар туралы білімдерін бекіту
- Воскобович ойыны «Гиаконт», «Игровизор» пайдалана білу
Педагогикалық әдіс тәсілдер: ойын,коммуникативті
Ресурстармен қамтамасыз ету: Геометриялық пішіндер,үлестірмелі материалдар,қарындаш,гуашь,аққала,планшет,көкөніс суреттері.
Ұйымдастырушылық оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастыру кезең:
Психологиялық көңіл күйлерін қалыптастыру.Балалар қонақтармен амандасады (үш тілде)
Балалар,айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
Қыста далада қандай өзгерістер болады?
Балалардың жауабы: Күн суық болады,боран болады,адамдар жылы кйінеді т.т.
Балалар қараңдаршы, сендерге Қыс ханшаймынан хат келіпті.Қанекей оқиық.
Құрметті балалар! Мен сендерді өзімнің патшалығыма шақырамын.Қазір қыс мезгілі болғандықтан,далада боран болуы мүмкін,сендер адасып кетпеу үшін,әр аялдамадағы тапсырмаларды орындауларың керек.
Тапсырманы дұрыс орындаған сайын сендерге жол көрсетіледі.
Балалар,тапсырмаларды орындаймыз ба?
Иә,орындаймыз.
Қазір сендер мына жіптен бір біріне қосып,шеңбер шығару керек.
Міне,дұрыс шеңбер пайда болды. Шеңбер ол не? Геометриялық пішін.Енді біз шеңбер аялдамсына барамыз.Ары қарай қалай барамыз? Біз оңға бұрылып,тура жүреміз міне аялдамаға келдік.
2.Негізгі бөлім:
Шеңбер аялдамасы: 1- тапсырма Воскобович ойыны «Гиоконт» Балалар таяқшаларды қосу арқылы резеңкеден жануарлардың бейнесін салады.
Жарайсыңдар, балалар.Сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар, енді келесі аялдамаға бару үшін,мына сұрақтарға жауап берулерің қажет
1.Төрт тышқанда неше құлақ бар? (сегіз)
2.Екі орындықта неше аяқ бар?(сегіз)
3. Аулада қаздар жүрген ол қаздардың аяғын Самат санағанда алтау болған сонда неше қаз болған деп ойлайсыңдар? (үшеу)
4.Столда бес стақан компот тұр оның біреуі папасы ішіп,қайтадан қойды сонда неше стақан қалды? (бесеу)
5.Қандай пішінде басы, не соңы жоқ? (шеңберде,сопақшада)
6.Үш күнді қатарымен айтыңдар(бүгін,ертең ,оның арғы күні!
Қалай жолды табамыз? Тура, сосын солға бұрыламыз
Үшбұрыш аялдамасы: 2-тапсырма «Игровизор»
Балалар үлкен кіші таңбасын белгілейді.
Балалар сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар жарайсыңдар.
«Сиқырлы сандар» атты ойын ойнаймыз
Келесі аялдамаға
Қане маған жол көрсетіңдер
Солға бұрылып,тура барамыз
Сопақша аялдамасы: 3- тапсырма Суретте доп,қырыққабат,сәбіз,қызылша.Бұл жерде де ерекше тапсырма бар екен, қане орындайық
Балалар,айтыңдаршы мына суретте не көріп тұрсыңдар? Не артық? Неге доп артық?
Мен келісемін сендермен бірақ,бізде математика ұйымдастыру қызметі ал, математикада жейтін жемейтін керек емес яғни бұнда пішін бар. Өйткені сәбіз үшбұрыш,қалған көкөніс дөңгелек.
Жарайсыңдар,дұрыс жауап бердіңдер.олай болса келесі аялдамаға жол жүреміз
Шаршы аялдамасы аялдамасы: 4-тапсырма Әркім өз орындарыңа отырыңдар,столдың үстінде түрлі түсті бояу,планшет және салфетка.
Балалар бірігіп жұмыс жасайды.
Мінекей сендер бірнеше тапсырманы орындадыңдар,біз әсем Қыс ханшайымының сарайына да жеттік Қыс ханшайымы бізді өте ұзақ күтті.
Балалар қонаққа барғанда немен бару керек?
Қазір біз сыйлыққа Қыс ханшайымына песоктан сарай салып береміз.Сарайымыз біздің ерекше болуы қажет.
Қалай ойлайсыңдар, сарайды неден саламыз?
Сурет салу үшін әр түрлі геометриялық пішіндерді пайдаланасыңдар?
Қане балалар айтыңдаршы,қандай пішіннен салдыңдар? Бұл әсем сарайда кім тұрады? Бұл сарайда қандай іс шаралар болып тұрады?
Балалар өз ойларын айтады.
Қорытынды:
Рефлексия
Әр бала өзінің көңіл күйіне ұнайтын аққаланы таңдап,неге сол түсті таңдағанын айтады.
Ақ түс- оқу қызметінде оңай болды, көгілдір-кішкене қиын.
Құрметті балалар!
Мен сендерді өзімнің патшалығыма шақырамын.Қазір қыс мезгілі болғандықтан,далада боран болуы мүмкін,сендер адасып кетпеу үшін,әр аялдамадағы тапсырмаларды орындауларың керек.
Тапсырманы дұрыс орындаған сайын сендерге жол көрсетіледі.
1.Төрт тышқанда неше құлақ бар? (сегіз)
2.Екі орындықта неше аяқ бар?(сегіз)
3.Аулада қаздар жүрген, ол қаздың аяқтарын
Самат санағанда алтау болған сонда неше қаз болған деп ойлайсыңдар? (үшеу)
4.Столда бес стақан компот тұр оның біреуін Рауанның папасы ішіп,қайтадан қойды,сонда неше стақан қалды (үшеу)
5.Қандай пішінде басы, не соңы жоқ? (шеңберде,сопақшада)