СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«ХХІ ғасыр ұстазы»

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың алатын орнын нақтылау.Ұстаздардың жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа,үздіксіз білім алып,инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру. Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттырып,құлшынысын ояту.

Просмотр содержимого документа
««ХХІ ғасыр ұстазы»»

Сабақтың тақырыбы: «ХХІ ғасыр ұстазы»

Сабақтың мақсаты: Қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың алатын орнын нақтылау.Ұстаздардың жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа,үздіксіз білім алып,инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру. Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттырып,құлшынысын ояту.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. «Капитан» ойыны. Кеменің ішінде жүрміз деп ойлаңыздар. Қазір тамақ жеу,еден жуу,құтқару жұмыстарын атқарамыз. 3,5,6 адам. Адам санына қарай топқа бөліп отырғызу.

2. Тренинг ережесін құру

- Тыңдай білу

- Сөзді бөлмеу

- Белсенділік

- Шығармашылық

- Төзімділік

- Сыйластық

3. «Сіз қандай мұғалімсіз?»

Мақсаты: Өзіндік бағасын арттыру. Жағымды көңіл-күй орнату.

  1. «Болмысымның бәрі- тілімде,Тілімдегінің бәрі-түсімде» дейтін жәйттердің бәрі адамның бет және дене құбылыстары(мимика және пантомимика) арқылы бейнеленіп көрсетіледі. Арнайы тапсырманы орындау: Топ жетекшілеріне ішінде мақал жазылған үлестірме ұсынылады.Сол мақалдың мазмұнын топ мүшелерінің бірі денесінің қимыл-қозғалысы мен бет әлпетін өзгерту арқылы көрсетеді де, оның шешімін қарсы топтан талап етеді.

  1. Айдағаны бес ешкі,

Ысқырығы жер жарады.

2.Көп жортқан түлкі терісін алдырады.

3.Қарыз күліп келіп, жылап қайтады.

5. Постер қорғау.

1. «Қазіргі кездегі білім берудегі мәселелер» Мақсаты: Білім сапасын жетілдіру үшін мұғалімдердің заманауи оқытудағы әдістері мен дағдыларын инновациялық- педагогикалық және сини тұрғыдан ойлауын қалыптастыру.

2. «Білім берудегі қиындықтар,оны шешу жолдары» Мақсаты: Өз тәжірибесіндегі қиындықтарды анықтай отырып,мұғалімдердің таным-ізденушілік қабілеттерін дамыту, кәсібилік пен шеберлікті арттыру.

3. «Мұғалім беделі» Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби біліктілігін көтеру, өз ісінің шебері болу үшін алдағы мақсаттарын жаңаша көзқараспен айқындау.

6. «Сурет салып көрейік»

Күн, тау,үй, ағаш,қапшық, жол,сақина.

Күн дәл ортасына салынса- жастық шағы қызықты,шығысқа салынса- балалық шағы, батысқа салынса-кәрілік шағы қызықты болады. Тау- дөңгелек болса мінезі жұмсақ,мейірімді,сенгіш. Ұшты болса- өкпелегіш,тік мінезді. Егер басында қар болса-өзгермелі адам. Үй-ағаш үй арманы орындалады.бір терезе болса өзіне жақын бір адам туралы ойлау. Бірнеше терезе,жапқыштарымен тұйық,сақ адам. Мұржасы болса,түтін шығып жатса әңгімеге жақын,өсекқұмар адам. Ағаш- біреу болса жолдасына ұнайды.бірнеше болса балаларды жақсы көредіӘдемі салынса сұлулыққа құштар. Қапшық- үйге жақын жатса байлық жақын. Аузы байлаулы болса сараң.жерде жатса жалқау,тік тұрса еңбекқор адам. Жол- жақын болса жолы жеңіл.Жол үйдің есігінен шықса табысын үйге әкеледі. Алыстау жатса айналасындағыларға тарататын адам. Сақина- көзсіз болса қонақ қабылдағанды жақсы көреді. Көзі болса болашақты ойлайды,капитал жинайды.Неке жүзігі мықты отбасы.

7. Ертегі терапия «Алдар Көсе»

1-топ сурет салады

2-топ әңгіме құрайды

8.Ағаштағы орныңыз қайсы?

9. Қорытынды. Білімді,сауатты адамдар- ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ар мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі бекер» деген өсиетін ұстанып,еңбек етуіміз қажет.

10.Кері байланыс. Жалаушаларға ұсыныс тілектерін жазу,жіпке тізу.