СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Интегрированный открытый урок

Нажмите, чтобы узнать подробности

Интрегрированный открытый урок по предметам "Английский язык" и "Информатика"

Просмотр содержимого документа
«Интегрированный открытый урок»

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Білім басқармасының

«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны


«Келісілген» «Бекітілген»

колледж әдіскері Оқу жұмысы бойынша

__________ Тортбаева Р.Б. директордың орынбасарымен

«___»___________2019 ж. _________Латыпова С.С.

«___»_________2019 ж.


«Ағылшын тілі» және «Информатика» пәндері бойынша

Интеграцияланған ашық сабағының әдістемелік әзірлемесі


Тақырыбы:

«My native town». Слайдтарды безеңдіру. Жан бітірімді баптау.

Дайындаған:

Молдажанова Г.С. – I санатты

ағылшын тілі пәнінің оқытушысы

Койшыбаева А.К. –

информатика пәнінің оқытушысы

Жалпы білім беретін пәндер Филологиялық пәндер

(циклды) комиссиясымен (циклды) комиссиясымен

құпталды ____________ құпталды ____________

Хаттама №_________ Хаттама №________

«__»________ 2019 ж «__»________ 2019 ж

Ағылшын пәндер мұғалімдерінің

Облыстық әдістемелік бірлестігімен құпталды__________

Хаттама №________ «__»________ 2019 ж

Бейсембинова Б.Ж. _____________

Ақпараттық жүйе басқару және бағдарламаны қамтамасыз ету

пәндер мұғалімдерінің

Облыстық әдістемелік бірлестігімен құпталды__________

Хаттама №________ «__»________ 2019 ж

Тусупбаева К.А. _____________

Семей - 2019




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Білім басқармасының

«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны


Пән аты: Информатика және ағылшын тілі.

Топ – 11 ДМк (1402000 Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану)

Оқытушылар: Молдажанова Г.С., Қойшыбаева А.Қ.

Өткізу күні: 27.02.2019 жыл

Сабақтың тақырыбы: My native town. Слайдтарды безендіру. Жан бітірімді баптау.

Сабақтың типі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың мақсаты:

«Менің туған қалам – Семей» тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін жүйелеу; оқушылардың зерттеу жұмысында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын бекіту; Power Point бағдарламасын қолдана отырып өз жобасын ағылшын тілінде ұсына білу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:

- өз жобасын ағылшын тілінде ұсына білу;

- Семей қаласының тарихымен, көрікті жерлерімен танысу;

- тақырыпқа байланысты лексикалық бірліктерді өңдеу;

- слайдтар құру мастерін пайдалану;

- ақпаратты презентация ретінде өңдей білуде құзіретті болуға үйрету.

Тәрбиелік:

- білім алушылардың ағылшын тілін оқудағы оң мотивациясын қалыптастыру;

- тілді қарым-қатынас құрал ретінде практикалық пайдалану қажеттілігін қалыптастыру;

- келешекте Қазақстанның білімді, мәдениетті, сауатты азаматы болуына бағыт беру;

- қазақ еліне, тіліне, жеріне құрмет көрсету.

Дамытушылық:

- өз ойларын еркін және сауатты жеткізуге дағдыландыру;

- білімдерін іс жүзінде қолдана білу икемділігін қалыптастыру;

- оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету;

- оқушылар презентацияларды құруда алған білімдерін пайдалануын жетілдіру, өмірмен байланыстыру;

- білімдерің кеңейту.

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, информатика, қазақ тілі, мәдениеттану, Қазақстан тарихы, өлкетану, география.

Қолданылатын технология: Ақпараттық-коммуникациялық технология, Сабақ өткізу әдісі: түсіндірме-иллюстративті, оқу және жазу арқылы сыни ойлау технологиясын дамыту элементтері.

Сабақтың типі: аралас

Пайдалынатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, презентация (лексикалық тақырыпқа), үлестірмелі материалдар.

Аймақтық компонент: Семей қаласының көрікті жерлері

БҚ 1: Өмірде білімдері мен дағдыларын жаңартып отыру;

БҚ 2: Нәтижелі, сапалы жұмыс істеу;

БҚ 5: Қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;

БҚ 6: Коммуникативтік қабілеттілікке ие болу.

Сабақтың ұраны: The history of land is the history of its people. 


Сабақ құрылымы:

№

Сабақ құрылымының элементтері

Уақыт

1.

Ұйымдастыру кезеңі. Презентация.

2 минут

2.

Қайталау.

3 минут

3.

Жаңа тақырып

27 минут

4.

Бекіту

10 мин

5.

Қорытынды жасау. Бағалау.

3 мин


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Койшыбаева А.Қ.: - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және студенттер!

Бүгін біз бірінші рет информатика сабағымен бірге ағылшын тілі сабағын өткіземіз. Ағылшын тілі мен информатика пәні өзара тығыз байланысты. Компьютерде табысты жұмыс істеу көп жағдайда ағылшын тілін жақсы меңгеруге байланысты.

Бағалау:

Молдажанова Г.С.: - Good day, dear students and guests! We are glad to see you. Today we are going to have an unusual lesson. It is combined lesson of English and Informatics. We all know that two subjects have close relations. I ask you to be active, attentive and concentrate. And I hope you will do your best. Are you ready to start the lesson? Do you think we’ll learn something interesting and useful? I’m glad to hear it. So, let’s get down to business.


  1. Қайталау.

Койшыбаева А.Қ.: - Сіздер пернетақтамен таныссыздар. Ал сіз түймелердің ағылшын атаулары бар екенін байқадыңыздарма?

Shift

Enter

Back space

Caps lock

Page down

Home

End

Insert

Delete

Page up

Койшыбаева А.Қ.: - Міне, информатика сабағында ағылшын тілімен бірінші кездесу.

Молдажанова Г.С.: - And these are the commands. So repeat after me:

Open

Ашу

Открывать

Close

Жабу

Закрывать

Print

Басып шығару

Печатать

End

Соңы

Конец

Input

Енгізу

Ввести

Output

Құрамнан шығару

Вывести

Next

Келесі

Следующий

  1. Жаңа тақырып:

Молдажанова Г.С.: - The theme of our lesson is «My native town».

- Today we will speak a lot about the history of our town, its historical places and landmarks. I hope the information you’ll get will be necessary for you in your future. Let’s see what we’ll learn and discuss at the lesson. Look at the screen!


And the motto of our lesson is “The history of land is the history of its people”. Why do people say so? (- Бүгінгі сабағымыздың ұраны «Жер тарихы – ел тарихы». Неге біз олай айтамыз?). Give examples of the idea.

The answers of students:

  • Әрбір адам өз елінің тарихын білу керек.

  • Қайда болсан да өз елінің салт-дәстүрін үмытпау қажет.

  • Біз Қазақстанның азаматы болғандықтан, қай жерде болсақ та, өзіміздің мәдениеттілігімізді, қонақжайлылығымызды, сауатты азамат екендігімізді әрқашан да көрсетуіміз керек.

Молдажанова Г.С.: - For me home is not only a place, where I live, but also my native town.

- A native town … You were born here, grown up, studied, made first steps to your own life.

- And wherever you lived, you will always remember the town on the banks of the river Irtysh.

- And if you accidentally meet your fellow countryman your first question will be: “How is Semey today?”

And how is Semey today we will know at the lesson.

(Семей қаласының көрікті жерлері туралы видеотаспада тамашалау, мұғалімдер үш тілде өлең оқиды)

Молдажанова Г.С.:

My native town

You are like a flower

My native town

You are like a song

My native town

You become much better

Oh, Semey

We love you best of all.

Койшыбаева А.Қ.:

Қазақстанның бір қаласы Семейім,
Сұлулығыңды қай қалаға теңейін.
Әдемілігіңе көз тоймайды білемін,
Бақыт, байлық өмірбақи халқына мен тілеймін.
Қарт Ертіс Семейімнен ағады,
Жүрегімде Семейге деген құштарлығым жанады.
Семейімді мәңгі бақи сыйлаймын,
Мақтанудан мен аузымды тыймаймын!

Молдажанова Г.С.:

Семипалатинск, мой любимый город!

Едва ли я найду другой такой,

Милей тебя, который сердцу дорог

И жизнью мне подаренный самой.

Природою твоею восхищались

Абай и Достоевский много лет.

Любовь к тебе лишь в книгах их осталась,

А это значит – им забвенья нет!

И выстояв и выжив на века,

Не смог забыть те взрывы полигона

С которыми связала нас судьба,

Которые забыть нам невозможно.

Молдажанова Г.С.: - At the previous lesson you have got some information about Semey. Now I have some questions, so try to give me the correct answers paying attention to the types of questions.

- Сұрақтарға жауап бермес бұрын сұрақтың түрлерін қайталап жіберейік (интерактивті тақтамен жұмыс).

  • Ағылшын тілінде сұрақтың неше түрі бар? (4)

  • Түрлерін атап беріңіздер. (жалпы, альтернативті, арнайы, бөлінген)

  • Сұрақтың жалпы түрі туралы не білесіздер? («Ия» немесе «жоқ» деген жауапты талап етеді)

  • Сұрақтың арнайы түрі туралы не білесіздер? (Арнайы сұраулы сөздерден басталады және нақты жауапты талап етеді)

  • Сұрақтың альтернативті түрі туралы не білесіздер? (жасалуы жалпы сұраққа ұқсас, бірақ «немесе, әлде» деген сөзі болады және екі жауаптын біреуін таңдау қажет)

  • Сұрақтың бөлінген түрі туралы не білесіздер? (сұрақтың мұндай түрі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі – хабарлы сөйлем (болымды әлде болымсыз), екінші – үтірмен бөлінген қысқа сұрақ)

Semey

Semey is an old town. It was founded in the 18th century. Semey was very important in the economic of our country. The caravan way passed from southern countries to the north through Semey. Merchants carried goods from China by Silk Road.

Semey lies on the banks of the Irtysh. It was a cultural center. Abai and M. Auezov lived and worked in it. F.M. Dostoevsky, a famous Russian writer, spent some years in exile in Semey. Today Semey is an industrial, cultural and economic center of our region. There are some factories in Semey. They produce clothes, food, machines, cement and other things.

Semey is a cultural center. There are many schools, colleges and institutes. There are some libraries, cinemas and theatres in Semey. People can visit the Dostoevsky museum, the Abai museum and others. The museum of the Local Lore has wonderful exhibits. Semey is a beautiful town. There are some parks and squares in it. It is famous for its pine forest. It is the world second largest after Canada.


Is Semey an old town? – Yes, it is. Semey is an old town.

When was it founded? – It was founded in the 18th century.

What outstanding people lived and worked here? – Абай, Шакарим, Достоевский lived and worked here.

Today Semey is a cultural center of our region, isn’t it? – Yes, it is. Today Semey is a cultural center of our region.

What attractions are there in Semey? – There are many attractions. There are some libraries, cinemas and theatres in Semey. People can visit the Dostoevsky museum, the Abai museum and others. The museum of the Local Lore has wonderful exhibits.

What is Semey famous for? - It is famous for its pine forest.

What attraction do you want to show guests and tourists?


Койшыбаева А.Қ.: - PowerPoint бағдарламасымен жұмыс жасауды өткен сабақта таныстық. Өткен сабақты есімізге түсіріп, осыған байланысты сөзжұмбақ шешіп көрейік. «Семей» сөзіне сөзжұмбақ шешу.

Сіздерге біздің қаламыз туралы ақпарат жинап және презентация жасау тапсырмасы берілді. Power Point бағдарламасында презентацияларды безендірудің қандай түрлері бар? Презентация әзірлеу кезінде қандай ережелерді сақтауымыз керек екенін есімізге түсіріп жіберейікші.

6 бала жобаны қорғайды, қалғандарымыз өз жолдастарымыздың жобаларын бағалаймыз. Ол үшін сіздердің алдарыңызда бағалау парағы жатыр:


Студенттердің аты-жөні

Тақырыптың ауқымдылығы (тақырыптың ашылуы, мазмұндылығы, жүйелілігі)

Презентацияның безендірілуі (презентацияның ашықтығы, сөздердің анық болуы, түстердің үйлесімдігі, жылжу батырмаларын пайдалану, слайдтағы ақпарат қысқа және қарапайым болуы)

Ағылшын тілінде презентациядағы ақпараттың айқындылығы (толықтығы, сөздердің дәлдігі)






  • Әрбір критерий бойынша 1-ден 5-ке дейін балл қою қажет. Сіз ұсынылған критерийлермен келісесіз бе? Презентацияларды бағалау критерийін еркін бағанға жазуға болады.


Молдажанова Г.С.: - Dear students, while protecting your presentation don’t forget to introduce yourselves, then tell us about your favorite attraction and thank listeners. Құрметті студенттер! Көрмелерді көрсеткен кезде, ең алдымен өздеріңізді таныстыруға, содан кейін біздің қаламыздың көрікті жерлері туралы айтып болғаннан кейін тыңдармандарға алғыс айтуларыңызды ұмытпаңыздар.

To our listeners I’d like to tell that if you have questions you may ask after the presentation.

  • So, let’s listen to your groupmates with their presentations.

(Студенттер өздері даярлаған презентацияларымен таныстырады).

Койшыбаева А.Қ.: - Ал, енді, құрметті оқушылар, «Менің туған қалам» атты презентацияларды тамашалай алдық. Соларды әрбіреуін бағалап өтейік. Жақсы жақтарын айтайық, кемшіліктері қандай болды және өздерінің ұсыныстарыңды айтуға болады.

(Студенттердің ой-пікірлері тыңдалады).

Молдажанова Г.С.: - I’m so pleased with your projects. They were very interesting and lovely. We have found out a lot of information about those attractions of our town. Did you like the presentations? What do you think about the presentations? What’s your idea? (Оқытушы әрбір дайындалған презентацияларды талдап өтеді – лексикалық жағынан, сөйлем дұрыс құрастыру жағынан, дұрыс сөз тіркестерін таңдап алуларынан).

  1. Бекіту:

Койшыбаева А.Қ.: - Сабағымызды «Жүзден жүйрік» ойынымен аяқтасақ. Ойын 16 сұрақтан тұрады. Power Point дегеніміз не?

  1. Power Point-тың негізгі міндеті қандай?

  2. Презентация ұғымының ағылшынша мағынасы қалайдеп аталады?

  3. Слайд дегеніміз не?

  4. Power Point бағдарламасы көрмесінің слайдтарды көрсетуге бастау әмірін қай батырма орындайды?

  5. Power Point бағдарламасы терезесінде жанбітірімді баптау әмірі қай мәзірде орналасқан?

  6. Слайдта орналастырылатын объектілер қандай?

  7. Жанбітірімді баптау деген не?

  8. Name 5 attractions of our town. – The Abay’s theatre, the Central park, Semey bridge, cinemas, the Biological centre.

  9. Where is the Abay’s theatre placed? - The Abay’s theatre is placed in the centre of our town.

  10. How many parks are there in our town? – There are two parks.

  11. What monuments are there in Polkovnichy Island? - There are several monuments. They are “Stronger than Death”, “The Peace monument”, a sculpture of a peace book, “Mayors for Peace”, a map of our region.

  12. When was the Yamyshevsky gate built? – It was built in 1718.

  13. Is the Museum of fine arts named after Nevzorov in a historic building? – Yes, it is.

  14. What outstanding people lived and worked in Semey? – Many outstanding people lived and worked in Semey. They are Abay, Shakarym, Mukhtar, Shokan.

  15. How old is our college? – It is 90 years old.


  1. Қорытынды жасау. Бағалау.

Молдажанова Г.С.: - So, what have you learned today?

  • Did you like the lesson?

  • What did you like?

  • It’s time to sum up our results. I’ll give you the following marks.

  • The lesson is over. Thank you. Good-bye.

Қойшыбаева А.Қ.: - Бүгінгі сабақта «Менің туған қалам – Семей» және «Слайдтарды безендіру. Жан бітірімді баптау» тақырыбы бойынша барлығымыз тамаш жұмыс жасадық. Бағалау. Қоштасу.