Ересектер тобының
күз мерекесіне арналған ертеңгілі
Балалар А. Енсеповтың «Балалық шақ» атты әнімен парласып кіреді, ұлдар сыртқы, ал қыздар ішкі шеңберге тұрады.
Қазақ би адымдарын шеңберде жасап, жарты шеңбер болып тұрады да, ортаға күз (қыз бала) шығады.
Күз: Бүгін ерекше мереке
Бүгін көңілді мереке
Кел, балалар билейік
Достармен бірге күлейік
Би «Шақыру»
Биден соң балалар залда еркін тұрады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қонақтар.
Біздің бүгінгі мерекеміз күзге арналады.
Балалардың тақпақтары:
Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Кұс біткен керуен тізеді,
Көңілсіз неліктен күз енді?
Сары ала тон жамылған,
Күз атамыз секілді.
Қойны толы дәмді нан,
Тәттісі көп не түрлі.
Қандай өзі береген,
Алмасын-ай, алмасын.
Жемісі көп не деген,
Жеп тауыса алмайсың.
Өрік, шие, балы бар,
Қауын, қарбыз көбейді.
Жегің келсе, берін ал
Неге аласың демейді.
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Жайдары күз. Жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толып ен далам
Дариядай шалқып жүр.
«Алтын күз»» өлеңін орындайды.
Өлеңнен соң балалар отырады.
Жүргізуші:Біз өзіміздің күзгі балымызды бастаймыз.Бал қонақтарсыз өте мекен? Қарсы алындар – күзгі айлар.
Күз айлары шығады: Қыркүйек, Қазан, Қараша
Қыркүйек: Менің атым қыркүйек
Мен күздің басымын
Менің атым қыркүйек
Күзде мен алтынмын.
Қазан: Мен келемін соныңда
Қыркүйектін артында
Мен қазанмын балалар
Жаңбыр жауып, жел соғар.
Қараша: Келдім, міне қараша
Қар әкелдім тамаша
Күз өтеді менімен
Келесі жылда келем
Жүргізуші:Біздің балда көңілсіз адам болмау үшін,қонақтармен ойындар ойнайық
«Күзгі букетті жинайық» атты ойын
Жүргізуші: Қандай әдемі букеттер болды!
Жаңбырдың әуені естіледі.
«Күзгі ән» атты Чайковскийдің әні естіледі.
Жүргізуші:Тыныш,тыныш,балалар!Бізге тағы бір қонақ келе жатыр.
Жаңбыр шығады..
Жаңбыр:
Мен жаңбырмын, жаңбырмын,
Қонаққа сізге келдім
Сендерге би әкелдім
Тамшылармен биледім.
«Жаңбыр мен тамшылар» атты би.
Жүргізуші: Рахмет сендерге қонақтар.Біздің балалар сендерге ән орындайды.
«Жаңбыр» атты әнді вокалдық топ орындайды.
Жүргізуші: Жаңбыр бітіп,көлшіктер қалды. Мен сендерді ойынға шақырамын.
«Қыз баланы көлшіктен өткіз» атты ойындар ойнатылады.
Жүргізуші: Біздің қонақтар сендерге қызықты күзгі ертегіні дайындады.
«Неге қызанақ қызыл»
Жүргізуші: Ерте замамда бақшада көкөністер өсіпті. Барлығы тату болды, ешқашан ұрыспайтын.
«Көкөністер» - балалар шығады қияр, қырыққабат, қызанақ.
Қияр: Мен қиярмын, қиярмын
Жасыл, тәтті қиярмын
Қырыққабат: Қабат-қабат киінген
Қырыққабат мен болам
Қызанақ : Қызанақпын көнілді
Бәрінен де мен тәтті.
Жүргізуші: Қыз бала күн сайын көкөністерді суарып, қарап жүріпті.
(қыз су құйғышпен су құяды)
Қыз: Бақшаны суарамын
Өнімдерді жинаймын
(Қыз су құйған кезде, көкөністер «өсе» бастайды)
Жүргізуші: Көкөністер пісіп, өніп, өсе бастады, бірақ бір күні қызанақ ең күштімін деп шықты.
Қызанақ: (қолды белге қойып, мақтанып)
Мен ең күштімін
Мен ең тәттімін,
Мен бастықпын!
Қырыққабат:Бұл күлкілі
Барлығы да күшті
Қияр: Мақтанба қызанақ
Себебі ұят болады.
Қызанақ: Италияда мен тудым
Үлкен болып өстім
Сендермен енді
Болмайды жолым
Қияр, Қырыққабат: Мақтанып, мақтанып
Бақшадан түсіп қалды
Қызанақ шетке кетіп, отырады
Жүргізуші: Қыз бала келді, жемістерді жинады. Ал қызанақ жалғыз қалды.
Қыз бала қияр мен қырыққабатты жинап, кетеді
Жүргізуші: Қарға ұшып келді.
Қарға ұшып келеді.
Қарға: Қар-қар-р! Масқара
Жалғыз қалды қызанақ!
Қарға ұшып кетеді
Жүргізуші: Қызанақ ұяттан қып-қызыл болып кетті
Қызанақты ақ түстен қызыл түске ауыстырады
Қызанақ (тұрып): Мені кешіріндер
Өздеріңмен алындар
Жүргізуші:Қыз бала бұны естіп, өзімен бірге алып кетті.
Содан бастап қызанақ – қызыл.
Күзде бақшада көп жұмыс болады, өнімдерді жинайық.
«Өнімдерді жина» атты әнді орындайды
Жүргізуші: Енді мен сендерге қызықты ойын ұсынамын.
Ойын «Жемістер мен жидектер»
(бір топ – жемісті, екінші топ – жидекті жинайды)
Штраустың «Вальс» атты әні орындалып, залға Күз ханшайымы кіреді.
Күз ханшайымы: Мен сендердің бақшаларынның үстімен ұшып келе жатып, сендерге соғып кетіп сендермен билегім келді.
Жүргізуші: Иә, біздің балалар бүгін көңілді, мерекені қарсы алып, би билеп, ән шырқады. Сен де күз ханшайымы жоғары шығып, біздің балалармен би биле.
Жалпы би «Кел, билейік»
Бала: Армысың, Алтын күз
Бізге қош келіпсіз
Бізге қандай сыйлықтар
Алтын күз әкеліпсіз!
Күз ханшайымы: Сізге ұн әкелдім.
Балалар: Нан болады үстелде.
Күз ханшайымы: Жемістерді әкелдім
Балалар: Тоямыз дәруменге
Күз ханшайымы балаларға үлкен алма береді.
Балалар күзге рахмет айтып,
күзді шығарып салады.
Күз ханшайымы кеткеп соң, экраннан.
Күз ханшайымы:Бұл алма жай алма емес, ол алманың ішінде керемет сыйлықты қалдырдым!
Жүргізуші: Біздің мереке аяқталды.
Балалар топқа қайтады.
Кел, кел жаңа жыл!
Балалар залға екі-екіден билеп кіреді.
Жүргізушінің құттықтау сөзі. Ән «Шырша жыры»
Жүргізуші: Балалар, мен қардың дыбысын естіп тұрмын.
Осы кезде Аққала демін тоқтата алмай жүгіріп келеді.Қолында хат,залға кіреді де құлайды.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе , Аққала! Сіз бір жеріңізді ауыртып алған жоқсыз ба?
Аққала: Жоқ, ештеңе етпейді. Мен сендерге хат алып келдім.
Жүргізуші: Хат кімнен екен?
Аққала: Ойлап табыңдар, балалар.Бізге жаңа жылда кім келеді?
Балалар:Аяз ата.
Аққала: Өздерің қандай тапқырсыңдар.
Жүргізуші хатты оқиды : Біз жолдамыз, қазір сендердің мерекелеріңде боламыз.
Жүргізуші :Балалар, ендеше хатты әкелген Аққалаға рахмет айтып тақпақ айтып берейік.
Аружан: Ауыл алды ақшақар
Ақшақарда балалар
Соғып жатыр аққала
Аппақ қардан соғылған
Кіп-кішкентай доп қана.
Аққала: Рахмет балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Балалар сендер суықтан қорқасыңдар ма?
- Ал қолдарың тоңса не істейсіңдер?
- Шапалақ соғамыз.
- Ал аяқтарың тоңса не істейсіңдер?
- Аяғымызды толпырлатамыз.
- Ал мұрындарын тоңса не істейсіңдер?
- Мұрынымызды қозғаймыз.
- Ал құлақтарың тоңса не істейсіңдер?
- Құлағымызды уқалаймыз.
Осы кезде әуен ойнап, жүгіріп түлкі кіреді.
Түлкі: Құтылдым – ау , әйтеуір. Бұл жерде не болып жатыр ,қайда келдім?
Аққала: Түлкі, бұл жерде жаңа жыл мерекесі болып жатыр.
Жүргізуші: Түлкі саған не болды, неге ентігіп жүрсің?
Жүргізуші: Мен мыстан кемпірден қашып келемін.
Жүргізуші: Мерекеге келіп қалдың, ендеше балалардың биін тамашала .
«Джайв» биі
Жүргізуші: Балалар, аяз атаны шақырайық аяз ата а-у 3 рет.
Әуен ойнап мыстан кемпір келеді. Түлкі шыршаның артына тығылады.
Мыстан кемпір: Бұл не деген көп адам, бұл жерде не болып жатыр?
Жүргізуші:Бұл балалардың жаңа жыл мерекесі.
Мыстан кемпір:Жарайды болса болсын, мен қу түлкіні іздеп жүр едім , көрген жоқсыңдар ма?
Балалар: Жоқ .
Мыстан кемпір:(иіскеп) Мына жерде түлкінің иісі шығатын сияқты ғой,
әй, мынау түлкінің құйрығы ғой,қане бері кел –деп
құйрығынан тартып шығарады.
Мыстан кемпір: Бәлем сені ме, неге мені алдап кеттің?
Түлкі: Кешір, апатай, енді алдамаймын.
Жүргізуші: Бір жолға кешіріңіз, балалар, түлкіні кешіреміз бе?
Мыстан кемпір:Ойланайын
Жүргізуші: Мыстан біздің мың бұралған бишілеріміз шығыс биін билеп бермекші.
Шығыс биі.
Мыстан кемпір:Жарайды,билерін ұнады, түлкіні бір жолға кешірейін. Үйіме барайын, әй
бірақ сендердің мына ағаштарын маған ұнап тұр, алып
кетейін- деп шыршаны тартып жұла бастайды.
Жүргізуші:Қойыңыз, жаңа жылдық шыршамызға тимеңіз.
Мыстан кемпір сөзге мән бермей , былай дейді: туу!(маңдайдағы терін сүртіп тұрып).Мына шыршаның тамырының тереңін –ай, жұлынбайды ғой.Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да:Мынау қандай қызық кілт өзі, мен көрген сандықтың кілті шығар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар? Оданша осы кілтті алайын. Сөйтіп мыстан шығып кетеді.
Жүргізуші:Кәне, балалар, Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Аяз ата, Ақшақар а-у.
Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз ата: Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға,
Барша балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Аяз ата: Кәне, қызым Ақшақар, шыршаның шамын жағайық.
Балалармен бірге 1, 2, 3, 4, 5
Шыршамыз жан тез!
Жүргізуші: Балалар, Аяз атаға ән айтып берейік.
Ән «Аяз ата»
Ойын ойнау: «Қатырамын»
Аяз ата отырады.
«Қаршақыздар» биін билеу.
Аяз атаға тақпақтар айту.
Аяз ата : Жарайсыңдар, балаларым, менде сендерге құр алақан келген жоқпын.Кәне, Аққала досым сандығымды әкеліңдерші.
Ақшақар қызым сандықтың кілті қайда екен?
(Ақшақар білмеймін дейді)
Жүргізуші: Қандай кілт, манағы шыршада ілініп тұрған кілт пе?
Аяз ата : Иә, сол кілт.
Жүргізуші:Аяз ата,ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды алып кеткісі келген.
Аяз ата :Қап, әттеген-ай!Ол мыстан қайда жүр екен?
(Осы кезде залға мыстан кіреді)
Мыстан:А-а, бәлем!Таптым, сандық мында тұр екен ғой, қазір ашып көрейін – деп бара жатқанда Аяз ата шақырып алады.
Аяз ата : Мына ұрлықшы мында жүр ғой . Кәне,кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: Ойбай, тағы не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз ата :Ах, бәлем! Олай болса өзіңнен көр.Мен сені қатырып тастаймын.
Мыстан:Ой не істесем екен?Мен де мерекені жақсы көремін.Балалар өлең айтып берсе ғой. Ән «Жыл-ару»
Мыстан: Жақсы ән екен. Сендер сияқты балалар сыйлықсыз қалмау керек, міне кілт.
Сыйлықтарды тарату.
«Аяулы анашым»
Әуен ойналып балалар залға кіреді. Жүргізуші:
Аялаған анашым
Мен үшін сен дарасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын, анашым.
Құрметті аналар, әжелер, кішкентай қыздар мерекелеріңіз құтты болсын.
Ән: «Нұрын төккен маған».
1-бала: Анам менің күн көзіндей шуақты,
Даладай кең; таулы өзендей қуатты
Дүниедегі жақсылықтың барлығы
Жан анамнан тарап жатқан сияқты.
2-бала:Тыңдаймын анам сөзіңді
Қатемді әр кез кешірген
Өйткені сенсің өзімді
Ақ сүтіңмен өсірген
3-бала: Гүл құшақтап келе жатыр
Мұқаш інім; Мұрат ағам
Қызыл жасыл иісі әтір
Мен де анама гүл апарам
4-бала: Идіреді жер де төсін
Мейір төгіп кісіге
Анашымның мерекесін
Сыйлайды үлкен кіші де
Көңілді музыкамен Көктем келеді
Көктем: Сәлеметсіздер ме, балалар, мен кіммін, сендер мені таныдыңдар ма?
Балалар: Иә, сіз көктемсіз!
Көктем: Балалар, көктем ерекшеліктерін білесіңдер ме? Кім айтады?
Балалар:Қар ериді; бәйшешек шығады, құстар ұшып келеді.
Көктем: Ал ойынды жақсы көреміз бе?
Ендеше ойын ойнайық.
Ойын: « Шар жару».
Жүргізуші: Құрметті көктем, біздің балалар өте өнерлі
Қазір аналарға арнап өздерінің тақпақтарын айтып береді.
5-бала: Жадырады күннін көзі
Елжіреді сонша қыр
Анама әкеп, әкем өзі
Сыйлап жатыр қол шатыр.
6-бала: Сайда құлын, өрде құнан
Бетте қозы салды ойнақ
Анама арнап мен де бүгін
Айтам бір ән айғайлап
7-бала: Бүгін –наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
8-бала: Аялаған, баптаған
Асыраған, сақтаған
Сақтандырып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс
9-бала: Ерлік еткен біз үшін
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс.
Сюрприздік сәт: Қонаққа клоун келеді.
Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен көңілді клоунмын, сендерде қандай мереке болып жатыр? Бәрің әдемі болып киінгенсіңдер.
Жүргізуші: Клоун, бүгін аналар мерекесі, сен осында бізбен бірге бол, балалардың өнерін тамашала.
Клоун балалармен «Алма кетті домалап» ойынын ойнайды.
10-бала: «Адам бол деп»-балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде махаббат
Тілегінде мархабат
Анамызға мың алғыс.
11-бала: Бізді өсірген апатай
Еңбегі де зор екен
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең.
12-бала: Сендерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!
13-бала: Салдым бояу қаламдармен
Гүлдің таңдап ең әсемін
Күттім бірге календармен
Мерекеңді, мама, сенің
Кімді сендей жан атайын
Бақыттының бәрі екен мен
Құттықтаймын маматайым
Сегізінші наурыз мерекеңмен!
Клоун: Түсіндім, түсіндім ана деген кім екенін
Рахмет сендерге, балалар!
Ән «Сылдырмақ»
Көрініс: Бір кішкентай қыз бала жылап тұрады. Оған бір ер бала келіп сұрайды.
Ұл:сен неге жылап тұрсың?
Қыз: «Мен анамнан адасып қалдым» деп тағы жылайды.
Ұл: Қайда сенің анаң, қандай адам еді?
Қыз: Менің анам өмірдегі ең сұлу, әдемі адам.
Ұл: Ендеше, жүр анаңа алып барайын.
Ойын: Баласына жылы сөз айту.
14-бала: Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзін тыңдаймын
Анашымды сыйлаймын
15-бала: Жақсы көрем күлкіңді
Айналайын, ақ мамам
Менің мамам сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам
16-бала: Анашым, анам
Ризамын саған
Тіліңді алам
Ақылды болам
17-бала: Анашым, анам
Ыстықсың маған
Тәрбие бердің
Көп алғыс саған
Ән: « Әже»
Көктем балалармен ойын ойнайды.
18-бала: Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді
19-бала: Анашым, анам
Келгенше шамам
Үмітіңді ақтап
Азамат болам
20-бала: Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз
21-бала: Ағатын мейірім бұлағы
Жайлаушы ем, мұңсыз жағасын
Мен үшін дүние жұмағы
Құшағын екен- Анашым
22-бала: Ойнаймыз күлеміз
Жарқылдап жүреміз
Ананы сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз 23-бала:
Әлемдегі ақылды адам
Бәрінен сол жақын маған
Ол жанымда жүрсе мен де
Батырларша батылданам
24-бала:
Жақсы көрем күлкіңді
Айналайын ақ мамам
Менің мамам сүйкімді
Бәрінен жақсы адам
Жүргізуші: Ана өмір шуағы
Бала оның шырағы
Ана деген сол бір сөз
Жүрегімде тұрады
Бала үшін алаңдар
Әрқашан да аналар
Көктемнің алғаш гүлдерін
Сый құрметпен алыңдар
– деп, балалар аналарына арнаған сыйлықтарын табыс етеді.
Осымен « Ана-өмір шырағы»-атты ертеңгіліміз аяқталды.
Мерекелеріңіз құтты болсын!