СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Аяулы Анашым!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сегізінші наурызға арналған ертеңгілігі.

Балалар аналарды, әжелерді құттықтап , шағын концерт корсетеді.

Просмотр содержимого документа
«"Аяулы Анашым!"»

«Аяулы анашым!» мерекесіне арналған ертеңгілік.

Аналарды сүйеміз!

Сөзін ойға түйеміз.

Әрқашан біз ардақтап,

Әжеге бас иеміз!

Сенен өскен балалар-

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен

Кұрметті апа, аналар!

Жүргізуші:Қымбатты да ардақты,аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!

Гүл көктем,ару көктем,күн көктем!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8наурыз әжелер, аналар,қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.


Балалар залға көңілді ән-күймен ,ұлдар кіреді бір рет айналып тоқтайды,содан кейін қыздар кіреді билеп бір рет шеңберді айналып ұлдарға қарама-қарсы тұрады,ұлдар бір-бірден барып қыздардың қолдарынан ұстап орындыққа отырғызады,содан кейін өздері отырады.

Жүргізуші:Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке?

Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\

Үнемі жанында періштедей қорғаштап,демеу беретін кім? \Ана\

Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\

Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \

Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.

Ән «Апатайым анашым»Хор

Ақ анашым, әппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары

Тақпақтар: Әділ,Асыл,Х.Рауан,Жанерке,Б.Нұрбол,

Смбаева Алия,Ж.Нұрбол,Алтынай.

Аялы ғой сипаған

Алақанын анашым

Арналады сізддерге

Қазіргі біздің әніміз

Өлең «Аяулы анашым»-орындайтын Есенова Жанерке.

Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір Яблочка бие.

Қол соғып демеу берер көрермендер

Би « Яблочко»Орындайтын –ұлдар.

Жүргізуші:Ақ қар еріп

Су көбейіп!Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік атып,

Гүл бәшешек басады.

Балалар айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\

Көктем келеді.\балалар мен ,ата-аналармен амандасады.\

Жүргізуші:Көктем ,қош келдің ,төрлет.

Тақпақтар:Дильназ,Ильяс,Адилия,Иса,Е.Рауан,

Темірлан,Дінмұхамед,Бауыржан.

Би «Қара жорға»

Көктем:

Балалар сендер ойынауды жақсы көресіңдер ме? Егер сендер менің сұрақтарыма жауап берсендер мен сендерге ойын әкелдің,келесесіңдер ме?

Балалар көктемде қандай өзгерістер болады?

Көктем мезгілінде қай жақтан құстар ұшып келеді?

Көктем мезгілінде ең алғашқы қандай гүл шығады?

Дұрыс менің қолымда бәшешек гүлдер, Қазір мен бүл гүлдерді жерге бесеуін қоямын,музыка ойналады,сендер билейсіңдер,музыка тоқталғанда тез гүлді жерден алу керек,кім үлгірмейді сол ойынан шығады.

Көктем:Балалар мінің уақытым келіп қалды.Сау болыңыздар!

Мың бұралған ақ қайындай

Бишелер шықсын ортаға.

Ал ендеше қол соғайық,

Қошеметпен қол қала.

Би «Өзбек бие» орындайтын қыздар.

Тақпақтар: Ерасыл,Диана,Айдос,Жансая,Алихан,

Садвокасова Алия,Таир,Лаура,Дана.

Көрініс:Бір ананың сегіз қызы болыпты.

Өлең «Ертегілер әні»-орындайтын Қосанова Асыл.

Ата-аналар мен ойын.

Ән «Менің аннам алтын!»-орындайтын хор.

Жүргізуші:Тамаша,міне көрдіңдер біздің балалар өнерлі әнші, және өсіп жатқан артистер!

Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.

Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. ( балалар гүлдерімен ортаға шығады

Аналар,әжелер біздің ұлдар текқана аналарға және қыздарға да сыйлықтар дайындаған,соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.












































Қымбатты да ардақты,аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!

Гүл көктем,ару көктем,күн көктем!

Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8наурыз халық аралық әйлдер күнімен құттықтаймыз!

Сіздерге шын жүректен,мықты денсаулық,құт береке және бақыт тілейміз!

Анам менің-жарқыраған шырағым!

Анам менің-айтылмаған жыр- әнім!

Анам менің-күлемдеген нұрлы-аспан!

Анам менің-оқылмаған жыр-достан!

Құрметті аналар,әжелер,апайлар «Аяулы анашым!»атты ертеңгілігімізді бастаймыз!

Балалар қазір қай жыл мезгілі?(Көктем)

Көктем мезгілінде қандай мереке болады?

-8наурыз аналардың,әжелердің,қыздардың мерекелері.

Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.

Ән «Ана өмір шырағы!»

Тақпақтар:

Алия:

Алпештеген аялаған.

Ақ сүт берген апатайым.

Салем жазып бүгін саған.

Мейрамыңмен құттықтайымын!

Искендер:

Үйдің күні-Анамыз!

Үйдің гүлі-Анамыз!

Сені көрсем қуанам!

Сен керексін маған!

Алдияр:

Бізді өсірген анажан.

Енбегі де зор екен.

Құтты болсын анажан!

Құтты болсын мерекен!

Қыздардың әні: «Ақ әжем.»

Көрініс «Жер –ана»

Жүргізуші: Балалар, тындандаршы бізге біреу қонаққа кележатқан сияқты?

Музыка әуенімен залға көктем мезгілі кіреді.

Көктем мезгілі: Сәлематсіздерме,балалар!Ал енді айтыңдаршы сендер мені таныдыңдар ма?

  • Ия,дұрыс айтасындар мен көктем.Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктері болады?

  • Күн жылынады,жылы жақтан құстар ұшып келеді.

  • Ал,ен бірінші қандай гүл шығады?

  • Дұрыс,бәйшешек.

  • Жүргізуші: Көктем сіз бізбен бірге аналардың мерекесін тойлаңыз. Балалар өз өнерлерін көрсетеді.

Тақпақтар:

Асыл:

Сендей жан жоқ аялы.

Өзін үшін мақтанам

Аппақ анам,ақ анам.

Сендей бақыт жоқ маған!

Иса:

Тілінді аламын!

Ақылды боламын!

Ананың біз гүліміз!

Ана біздің күніміз!

Ән: «Ана»

Тақпақтар:Бауыржан,Аделя,Алихан.

2011жылдың киемдердің сән үлгісі.

1Көктем мезгіліне байланысты сән үлгісі(Таир, Темірлан)

2Күнделікті жұмысқа киетін киім үлгісі:( Елназар, Нұрбол )

3Спортық сән үлгісінің киімдері:(Иса, Бауыржан, Тамирлан.)

Көріңіс «Неліктен ойнамайды»

Көктем:Балалар мінің уақытым келіп қалды.Сау болыңыздар!

Тақпақ:

Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.

Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Аналар,әжелер біздің ұлдар текқана аналарға және қыздарға да сыйлықтар дайындаған,соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:Тамаша,міне көрдіңдер біздің балалар өнерлі әнші, және өсіп жатқан артистер!

Жүргізуші: Адал бол деп балдырған.

Әділікке бауылған

Жүрегінде махаббат

Тілегінде-махаббат

Анамызға мың алғыс!

Құрметті ата-аналар, балалар «Аяулы анашым!» мерекеміз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет.