СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тәрбиешілер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбиешілер

Ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы

Күні: 03.09.2020ж

«Білім беру саласы: "Шығармашылық"

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Құмға арналған қалақ».

Мақсаты: ойыншық түрлерімен таныстыруды жалғастыру, қалақ туралы түсінік беру, қалақтың қажеттілігін ұғындырып, мүсіндеуге үйрету, саусақ бұлшық еттерін дамыту,, балаларды ойыншықтарды күтіп ұстауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қажетті көрнекі құралдар: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, суреттер, ойыншық қалақ үлгі, тақтайша, ермексаз, сулық.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Балалармен бірге құмға сурет салу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру.

Қостілдік құрам: құм-песок, қалақ-совок.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушы

Балалармен песокта сурет салу

-біз немен ойнадық?

-Құммен ойнау үшін қандай құралдар керек?

Сөздік жұмыс: қалақ – савок

Біз немен сурет салды?.

- құмда ойнадық.

Педагогтің сұрақтарына жауап береді.

Құммен ойнайтын ойыншықтарды атайды.

Қалақ сөзін қайталайды.

Ұйымдастырушы ізденуші

Құмға арналған жиынтықты балаларға көрсету.

Балалар, мына шелектің ішінде нелер бар екен?

-Дұрыс айтасыңдар қалақ, елеуіш, тырма, әртүрлі ойық пішін жасайтын ойыншықтар.

-Бұл ойыншықтар мен қайда ойнайсыңдар?

-Сендер қыздарға құммен ойнайтын қалақ жасап бергілерің келе ме?

Қостілдік құрам: қалақ-совок, құм- песок.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

-ермексазды жұмсартамыз,

-алақанға салып домалақтаймыз,

-екі алақанның ортасына салып жалпайтамыз,

-«шұжық» пішінге келтіріп, оның екі шетін бекітеміз.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі.

-құламайтын қуыршақты, қоянды, аюды.

Сергіту сәті.

Алақай-ау, алақай,

Ән шырқайық, балақай.

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық, балақан.

Педагог алдын ала дайындалған үлгіні көрсетеді

Қайталайды.

-Балалар дайын үлгіні тамашалайды.

Жұмыстың орындалу тәсілін бақылайды.

Өлең жолдарын әндетіп айтып, өлең мазмұнына сәйкес қимылдар орындайды.

Рефлексивті коррекциялаушы

Балалалрдың жасаған жұмысын үлестірмелідегі мазмұнды суретке қойып, ойнауды ұсыну.

Балалар мүсіндеген қалақтарын суреттегі қыздарға береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: домалақ ермексазды алақанға салып жалпақтап, қалақ пішініне келтіреді, сабын біріктіреді.

Нені игерді: құммен ойнау үшін қалақтың керектігін

Нені меңгергерді: ермексазды домалақтау, шұжық пішініне келтіріп есу тәсілдерін.

28.10.2020 14:19