СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістеудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward &Grant, 2011). Қазіргі білім беру жағдайында Стронг идеясының мәні артып отыр. Өйткені қазіргі жаhандану заманында білім беру мен мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осы міндеттерге жауап беру үшін біз, мұғалімдер бұрынғысынша оқыта алмайтынын түсініп, оқыту стилін өзгерту қажеттігін ұғынып отырмын. Менің алдымда «Оқушыларды қалай оқытуым керек?» деген сауал туындады. Осы курс барысында түсінгенім, мұғалім оқу мен оқытуда басқару және көшбасылықты жүзеге асыра отырып, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыға қалай оқу керектігін, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқу үшін бағалау мен оқуды бағалауды жүзеге асыру, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тәжірибемізде қолдану өте тиімді әрі маңызды екеніні.

Біздің осы күнге дейін, күнделікті пайдаланып келген дәстүрлі сабақ беру стилі қазіргі жаңа форматтағы сабақ беру стилінен мүлдем басқа түрде жоспарланатындығын білдім. Дәстүрлі сабақ жоспарында мақсат мұғалімге бағытталып, оқушылар дайын білім алуға негізделіп, мұғалім оқу үдерісін өзі басқаратын, сол себепті оқушы екінші деңгейде қалып қоятын. Жаңа формат керісінше, мақсатты тек оқушыға қарай бағыттап, оқушының пәнді меңгеру қабілетін дамыту арқылы, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету болып табылатындығын түсіндім.

Сындарлы оқу теориясын (Hattie, 2009) негізге ала отырып, бағдарламаның жеті модулін өз сабағыма енгізуді жоспарлап отырмын. Сындарлы оқыту теориясының құндылығы, оқушылар бұрын алған білімдерін жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөзден, мұғалімнен, оқулықтан және сыныптастарынан алған білмдерімен астастырыла дамиды екен. Бұл дегеніміз оқушылар алған білімін жәй ғана емес, өмірде қолдану жағдайына жетеді екен.

Категория: Информатика
24.05.2017 09:11