Внимание! Все тесты в этом разделе разработаны пользователями сайта для собственного
использования.
Администрация сайта не
проверяет возможные ошибки,
которые могут встретиться в тестах.
УЗАХБАЕВА РИМА КАЛМУРАТОВНА
Теміртау қаласы, № 20 «Әдемі» балабақша тәрбиешісі
БАЛА ТӘРБИЕСІ БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ
Елбасымыз Н.Ә Назарбаев: «Балалар біздің болашағымыз. Олар міндетті түрде орта білім алу керек. Балаларды қорғау, денсаулығын сақтау –мелекеттің ісі» - деп «Қазақстан 2030» бағдарламасында айқын көрсетті.
Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы мектепке ойдағыдай бейімделуінің мазмұнын таңдау және жағдайларын анықтау негізінде балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық міндеттерін шешуді қарастырады. Адамгершілік құндылықтарды бала бойына сіңіру мектепке дейінгі шақтан басталады. Себебі бұл жастағы балалардың психологиялық ерекшіліктері адамгершілік құндылықтарды меңгеру үшін қолайлы мүмкіндіктер жасайды. Мектепке дейінгі жастар тез қабылдағышымен, үйренгіштігімен ерекшеленеді. Бала қабылдаған нәрсенің көпшілігі оның сезімінің, көңілі мен ой түюінің дүниесі ретінде қалады. Бала дүниеге келуімен өзін қоршаған адамдардың іс-әрекетіне, қимылына, ас ішуіне, киінуіне сөйлеу әрекетіне қарай соны қайталауға тырысады. Осыған байланысты мектепке дейінгі тәрбие мен отбасы қарым-қатынасы бала тәрбиесіне тигізер әсері зор болмақ. Мектепке дейінгі ұйымдардың мақсаты балаға өзін басқаруды үйрету, және жан-жақты дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, денсаулық ережелерін орындауға, ортаға бейімделгіштігін қалыптастыру бір сөзбен айтқанда дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбиеленуші балаларымызды ұлтты қадірлеуге, ұлттық әдет-ғұрыпты дамытуға, ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға сабақты да тәрбиені де бағыттасақ баланы ортаға қарай тәрбиелеген боламыз. Бала бір күннің 10-12 сағатын балабақшада өткізсе қалған уақытын өз отбасында жақын адамдармен өткізеді, бала тәрбиесіне көп үлес қосатында осы жандар. Кейбір отбасында барлық жағдайда байыппен ақылмен шешіледі, ал кейбір отбасыларында жай әңгіменің өзі ұрыс-керіспен балаға дауыс көтерумен шешіледі. Ондағы ересектердің әрбір іс әрекеті, сөзі араласатын адамдармен қарым-қатынасының барлығына бала еліктей отырып бойына сіңіреді. Егер бала ересектер қатынасынан үнемі татулық, достық, жанашырлық, адалдық өзара көмекті байқайтын болса, бұл бала жүрегіне адамгершілік, ізгілік сезімдерін құяды, ал керісінше дау-жанжал, өтірік-өсек, немқұрайлық, бас пайдасын ойлау қатыгездік сияқты қасиеттер байқаса бала санасын улауы мүмкін. Кейбір ата-ана барлығын айтып үйретуге уақытым жоқ өзі ақ жаман әдеттерін тастап тамаша тұлға болып қалыптасады деп қателеседі, балаға неғұрлым көп көңіл бөліп бала ойымен санасып отырсақ сонда ғана бала тәрбиесінде ұтарымыз көп екені даусыз. Қазіргі балалар, олар мүлдем басқа, біз сияқты емес. Үлкен болған сайын, айырмашылығы соншалықты, оларды қабылдау қиын. Бірақ оларды дәл осы күйінде қабылдау керек. Ал бұл үшін оларды түсіне,және баланы жанжақты білу,ол балаға не қажет екенін білу керек. Баланы сүйіспеншіліксіз және махаббатсыз тәрбиелеу мүмкін емес! Балаға өз қолыңызды созуды ұмытпағыз балама бүгін не оқып берем деген сұрақтар өзіңізге жиі қойыңыз олардың тілінде сөйлей біліңіз. Балаларыңыздың бойынан жат қылықты көрсеңіздер жолдастарын, немесе қоғамды кіналаудан бұрын кінәні алдымен өзімізден іздеп көрейік «мен баламды тәрбиелеуде қай жерінен ағаттық кетті, баламның бойына жақсы әдет сіңіруде, жақсы тәрбие беруде қай жерден жаңылдым» деген сұраққа жауап берсек екен. Тәрбиенің от басынан басталатыны сөзсіз. Күнделікті тіршілігімізде кездесетін « беті қолыңды жу, тісіңді тазала, өтірік айтпа, біреудің затын рұқсатсыз алма т. б» деген сияқты сөздерді айту жеңіл болғанмен, осы сөздердің тәрбиелік мәні зор екенін естен шығармаумыз керек.
Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата – аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына,отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ол үшін ата – аналар күнделікті өмірде балаларының мінез – құлқына, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударуды, тәрбие үрдісінде теріс қылықтарды болдырмауды ойластыруы шарт.Отбасында тәрбие ісімен айналысу үшін, ең алдымен ата – ана өз өмірін,өзісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.
Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби. Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отансүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.
Бала біздің бауыр етіміз олай болса баламызға сауаты да саналы тәрбие беруден шаршамайық дей келе сөзімнің соңын Жүсіп Баласағұнның өлең шумақтарымен аяқтағым келеді.
Балам білім жолын қусын десеңіз,
Бесігінде –ақ білім шоғын көсеңіз.
Білім үйрет сәбиіңе сарыла,
Уыздай ұйыт, сүттей сіңір қанына.
Список вопросов теста