22 наурыз мерекесіне арналған сценарий.
Ортаңғы топ «Бүлдіршін»
Тақырыбы: «Жыл басы –Наурыз!»
Мақсаты: Балалардың Наурыз туралы түсініктерін арттыру ,ой өрісін, тілін дамыту.Халқымыздың салтың әдет-ғұрпын өнегелі, өнерлі азамат болып бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Міндеті:
- 22 наурыз мерекесі жайлы мағлұмат беру.
- Наурыз айының ерекшелігімен таныстыру.
- Балалардың ой өрісін танымын, еліне,жеріне деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын одан әрі дамыту.
- Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен құрал - жабдықтар: ұлттық бұйымдар, киіз үйлер, ұлттық ыдыс-аяқтар,домбыралар, қамшылар, арқан, асықтар.
Музыка жетекшісі:Оразалина Сабина
Жүргізушілер: Торина С.А. Абильтаева Ұ.Қ.
Алдар көсе: Самат Абай
Мереке барысы:
Балалар музыкалық ырғақпен залға кіреді. (Балалар отырмайды, жартылай шенберге тұрады)
Жүргізуші:Құрметті қонақтар, балалар!
Ілесіп Наурызбен көктем жетсің,
Қөнілін үлкен- кіші көкке өрлесін
Еңсесі көтеріліп ер азамат,
Ескі жылмен реніш өқпен кетсін- дегендей наурыз жыл басы құтты болсын!
Жаңа жыл тек қана жақсылығың жаңалығың әкелсін! Ақ мол болсын ! Халық тоқ болсын ! Еліміз тыныш болсын! Баршамызға бақ қонсын!
Балалар хормен:
Жылдың басы – Наурыз,
Жердің басы – Наурыз.
Мерекеге арналсын.
Бүгінгі жыр – әніміз.
(Әже ортаға келеді. Әже шашу шашады) Шашу шашылады.
Балалар енді сендермен наурыз тойына дайындалған әнімізді айтайық.
Ән: «Наурыз, Наурыз!
Тақпақтар:
Азиза:Көктем, көктем,көктем,
Неткен сұлу көркем.
Қыс міне, кетіп барады,
Көктем орнын басады.
Айжан: Көктем келді тамаша
Далаға бір қараса
Бұлбұл құстар сайрайды
Күн шуағын төгеді
Менің туған жеріме
Тең келмейді ештене.
Інжу: Жаңартып сана, салтымды,
Қуантқан барша халқымды.
Наурыз тойы – ел тойы,
Ғасырдан асыр даңқыңды.
Ән болып асыл,
Даңқыңды асыр
Ғасырдан ғасыр.
Амир: Жылдың басы – Наурыз,
Жердің басы – Наурыз.
Мерекеге арналсын.
Бүгінгі жыр – әніміз.
Санжар: Наурыздың жанға жайлы самалы есіп,
Еліме сыйлап жатыр жаңа несіп.
Дәстүрін жалғастырып бабаладың,
Кеңейді жан сарайы, сана өсіп.
Алан: Жасыл көктем келеді
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе
Мөлдір тамшы төгеді.
Байманова М:Тамшы,тамшы,тамшылар
Көгерді ағаш, тал шынар.
Тамшылардан өнетін
Тамаша гүлдер бар шығар.
Аиша:Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.
Азат:Бақшаларға гүл егіп,
Жемістерді тереміз.
Дала жасыл түске еніп,
Көктем мезгілі келіпті.
Әмірхан:Бүршік жарып ағаштар
Құстар ұя салады.
Сылдыраған бұлақтар
Ағып бара жатады.
Жүргізуші:Рахмет балалар.
Жүргізуші: Ендеше, дүбірлі мерекемізге би шашуларын ала келген аруларымыздың биін тамашалайық.
Қызғалдақтай қыздарды
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билесін ортада.
Би «Қамажай» (қыздар билейді )
Залға әуендетіп Алдар көсе кіреді.
Мен Алдармын алдармын
Сақалымды талдармын
Сақал түгіл мұрт та жоқ,
Оның несін талдармын.
Аааааа Ооооо Ееееее дей келе.
Ортада тұрады,жан жағына қарап,біреуді іздегендей болып.
Алдар көсе:Кімді алдасам екен деп ә. Қандай баланы алдасам мекен?
Жүргізуші:Алдар көсе кімді алдағың келіп тұр?
Бүгін Наурыз мерекесі.
Алдар көсе:Жарайды, ешкімді алдамайын, онда да сендермен бірге ойын ойнаймын.
Ойын: «Арқан тартыс»
Жүргізуші: Алдар көсе, біздің балаларымыздың дайындаған өнерлерін тамашалаңыз!
Ән: «Көктем келді.»
Алдар Көсе: Жарайсыңдар! Әнді шынымен де әдемі айтады екенсіңдер! Тағы да қандай өнерлерін бар?!
Жүргізуші: Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Қара жорға биімен ортамызға
Бүлдіршін ұл-қыздарды қарсы алайық
Би «Қара жорға»
Тақпақтар:
Жәңгірхан: Кун шуағын шашады,
Жауын да жауып алады.
Көктем келіп жеткенде,
Ағаштар бүршік жарады.
Лина: Көлде аққу, көкте қаз,
Орман да бұлбұл сайраған.
Көптен күткен көктем кеп,
Құлпырып дала жайнаған.
Бибісара: Көктем келді, күн шығып,
Айлар,күндер тұр күліп.
Тура анам секілді,
Мейрімді боп тұр күліп.
Салимжан А: Көктем келді, көктем келді.
Жадыраған жайнаған.
Шашыраған сәулесімен,
Жасыл көктем сайраған.
Әбдіәшім: Самал беттен өбеді,
Көкте бұлттар көбейді.
Құстар да жетер ән салып,
Көгілдір нұрға тамсанып.
Манас: Көктем келіп қуандым,
Құрал-сайман қолға алдым.
Ұямды мен салайын,
Ұрпағымды жалғайын!
Тимур: Жадыраған көктем келді,
Жер анамыз көктер енді.
Ағаштарда бүршік атып,
Жасылданды бөктерлерде.
Айлин: Наурыз келді-жыл келді
Табиғатта өзгерді
Тіршіліктің иесі
Жылулықты сезгендей.
Мақсат: Көктем келді жеріме,
Бақ әкелсін еліме.
Күн күлімдеп көгімде,
Шуақ шашсын төгіле.
Көктем күні әдемі
Алдар Көсе: Бәрекелді балалар. Тақпақты сондай жақсы айтады екенсіңдер. Ал енді Күш сынасуға, әркімнің өз ептілігін сынауға уақыт келіп жетті.
Ойын: «Күш сынасу»
Жүргізуші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек. Ендеше қыздарымыздың «Домбыра» қарсы алыңыздыр!
Би: «Домбыра биі» (қыздар билейді )
Алдар Көсе: Ой, бәрекелді! Өнерлерің өрге жүзсін! Тағы да көрсетер өнерлерің бар ма?
Жүргізуші: Әрине, біздің ұлдарымыздың биін тамашалаңыз!
Би: «Бозжорға» (ұлдар қамшымен)
Ойын: «Қыз куу»
Алдар көсе:Балалар сендерге көп көп рахмет! Барлықтарыныз шеттерінен өнерлі екенсіңдер .Мереке мерекеге ұлассын!Ал енді мен журейін. Әлі көрші ауылдың балаларының өнерлерің тамашалау керек, Қош сау болындар!
Жүргізуші: Осымен Наурыз мерекесіне арналған шағын мерекелік ертенгілігіміз аяқталды. Назарларына көп рахмет.
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің №13 бөбекжай-бақшасы»
Тақырыбы: «Жыл басы –Наурыз!»
Ортаңғы «Бүлдіршін» тобы
Тәрбиешілер:Торина С.А.
Абильтаева Ұ.Қ.
Қостанай 2018жыл