СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жомарт күз сиқырлы әлем"

Нажмите, чтобы узнать подробности

мектепалды даярлық сыныптарына арналған әртүрлі тапсырмаларыап

Просмотр содержимого документа
«"Жомарт күз сиқырлы әлем"»

Технологиялық карта.

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Жомарт күз»

Мақсаты: Күз туралы білімдерін тиянақтау. Күз сыйдағы адамдар еңбегіне құрмет сезімінде тәрбиелеу. Ырыс, құт- береке, молшылық сөздерінің мағынасын түсіндіру,сөздік қорын молайту. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын, қимыл-қозғалысын дамыту.

Қызмет

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу

ояту

Балалар барлығымыз шеңберге тұрып жылулық шеңберін құрамыз.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күннді бастайық.

Балалар шеңберге тұрады.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күннді бастайық.

Ұйымдастыру

іздену

«Жомарт күз» ойыны.

«Егін жай» аймағы бидай сабақтарының жайқалып өсіп тұрған кезі.Егіс алқабын бейнелейтін көрініс.

Бидай.

Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген

Ұнатам күзді мен.

өлең шумағын жатқа мәнерлеп оқу.

«Жеміс бағы» (алма, алмұрт пісіп тұрған ағаштар, қойылған жеміс түрлері)

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

(балаларды жемістер жинауға шақыру).


«Табиғат»

Көрінеді шалғайдан,

Бел-белестер сарғайған.

Сары жапырақ төгілген,

Тоғайды да көрдім мен.

(балалар бұл кезде жапырақтарды жинайды)

Сергіту сәті.


Жұмбақтар жасыру.

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар.

Дұрыс жауабы бидай.


Қызыл,сары немелер,

Су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел,

Ырғалады, толқиды.

Сурет арқылы тақпақ жаттау.

Жапырақтар сарғайып,

Күн бұлтты болады.

Жаңбыр жиі жауады,

Құстар ұшып барады.







Бидай (бала)

Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген

Ұнатам күзді мен.





Бала: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Балалар жемістерді жинайды.


Бала: Көрінеді шалғайдан,

Бел-белестер сарғайған.

Сары жапырақ төгілген,

Тоғайды да көрдім мен.

Балалар жапырақтарды жинайды.





-бидай.






-жапырақ.


Жапырақтар сарғайып,

Күн бұлтты болады.

Жаңбыр жиі жауады,

Құстар ұшып барады.


Рефлекеті

түзету

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қандай айлар күз мезгіліне жатады?

-Қазір қандай ай?

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Күз мезгілі.

-Қыркүек, қазан , қараша.

- Қазан айы.

-күз мезгілінде күн суып, құстар жылы жаққа кетеді, жапырақтар сарғайып жерге түседі.

Күз мезгілінде көкөністерді жинаймыз.



Күтілетін нәтиже:

Білу: күз мезгілі және оның айларын білу.

Игеру: үйренген сөздерін іс-әрекет үстінде қлдану.

Меңгеру: Өлеңдегі бейнелі сөздерді табиғат ерекшеліктерімен салыстыра талу.