СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жарайсың, "Сыныптастар"!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қала мен ауыл мектеп оқушылары арсында қыркүйек айынан басталған "Жайдарман" ойындарының қортынды финалың кезеңі 21 сәуір күні БЖО "Жас-Ұлан" орталығында өтті. "Жеңіс кубогын" жеңіп алған "Сыныптастар" командасы. Жарайсыңдар!!!

Просмотр содержимого документа
«Жарайсың, "Сыныптастар"!»

Нәтижелер

Жарайсың, «Сыныптастар»!

«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы «КВН» орталығының жетекшісі С.Баймұратовтың 2015-2016 оқу жылында қала мен ауыл мектеп оқушылары арасында ұйымдастырған «Жайдарман» ойындары қыркүйек айында өзінің маусымашар ойындарын өткізген болатын. Міне, соңғы финал ойыны 21 сәуір күні өте жоғарғы деңгейде өтті..

Алғашқы маусымашар ойынына қала мектептерімен қатар Восточный, Фурмунов ауылынан небәрі 7 команда қатысты. Барлық кезеңдерге командалар өте жақсы дайындықпен келіп, үздік ойын өрнегін көрсетті. Финалдық кезеңге жолдама ұтып алған 5 команда «Жеңіс кубогы» үщін тартысқа түсті. Финалдық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ-орынды Фурмунов ауылынан келген «Әзіл державасы» командасына бұйырса, ІІ-орын «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы «Жас ұрпақ» иеленсе, І-орын және «Жеңіс кубогын» қала және облыстық «Жайдарман» ойындарында үздік ойын көрсетіп жүрген, жуық арада облыстық деңгейде өткен финалдық кезеңге жолдама ұтып келген «Жас-Ұлан» орталығының «Сыныптастар» командасы жеңіп алды. Ал, финалдық кезеңге дейін келіп, жақсы ойын көрсетіп, «Үздік әзіл» номинациясымен «Шымшыма» командасы, «Стилді команда» номинациясымен Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебінің «Дубль 2» командасына бұйырды. Сонымен қатар қыздар арасында үздік ойыншы атанған «Жас Ұрпақ» командасының белсенді ойыншысы Марат Мадина, ұлдар арасында «Шымшыма» командасының мүшесі Танашов Темірлан атанды. Қазылар алқасы мен көрермендердің көзайымына айналып үлгірген Фурмунов ауылынан келген «Әзіл державасы» командасы мен көзге ерекше түскен аталмыш команданың ең жас ойыншысы Шалдыбайұлы Еркебұлан және жетекшісі Саменова Жанеркеге деген ықыластары ерекеше болды.

Сонымен қыркүйек айында басталған «Жайдарман» ойындары өз нәтижесіне жетті. Келесі маусымашар ойындарына қатысатын командалар бұдан да жақсы дайындықпен келеді деген үміттеміз.


Маженов Б.А.

«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы

«Жас қалам» жас журналистер клубының жетекшісі

Арқалық қаласы