Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай болады?
-Жақында қандай мереке болады?
-Жаңа жыл мерекесі несімен ұнайды?
Жаңа жыл мерекесі қыс мезгілінде тойланады. Жаңа жылда жасыл шыршаны безендіріп, ойыншықтармен сәндейміз. Жаңа жыл мерекесі отбасылық мереке. Әндер айтып, би билейміз.
Просмотр содержимого документа
«Жаңа жыл меркесі»
Кіші жас «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу
қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Қош келдің,Жаңа жыл»
Тақырыбы: «Жаңа жыл мерекесі»
Мақсаттары:
Тәрбиелік:Балаларды бауырмалдыққа, ұқыптылыққа, армандай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық : Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, қиялдау,елестету дағдыларын дамыту, тілдерін дамыту.
Оқыту: Жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін тереңдету.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету.
Ресурстармен қамтамасыз ету:Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай болады?
-Жақында қандай мереке болады?
-Жаңа жыл мерекесі несімен ұнайды?
Жаңа жыл мерекесі қыс мезгілінде тойланады. Жаңа жылда жасыл шыршаны безендіріп, ойыншықтармен сәндейміз. Жаңа жыл мерекесі отбасылық мереке. Әндер айтып, би билейміз.
2.Негізгі бөлімі:
Сурет бойынша әңгімелесу.
Жылдың қай мезгілі бейнеленген?
-Қыс туралы өлеңдер білесіңдер ме?
-Қыс мезгілінде қандай мерекелерді атап өтеміз?
-Ендеше осы берілген сурет бойынша әңгіме құрастырамыз.
Қостілдік құрам:
Қыс – зима
Жаңа жыл – новый год
Шырша – елка
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам»
Мақсаты: әдемілікке, әсемдікке баулу.
Ойын шарты: екі үлкен шырша қойылады. Балалар екі топқа бөлініп, шыршаны безендіруі керек. Сол топ жеңімпаз болады.
Қорытынды
-Балалар қандай тақырып өттік?
-Биыл қандай жаңа жыл енді?
-Тышқан деген немене?
-Тышкан қайда жүреді?
-Сурет бойынша қандай әңгіме айттық?