СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаңа жыл кешіне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа жылға арналған саяхат. Саяхат жасау арқылы оқушыларға  түрлі елдерде жаңа жыл мерекесінің қалай тойлануы туралы мәлімет беру

Просмотр содержимого документа
«Жаңа жыл кешіне саяхат»

«Жаңа жылға саяхат» жаңа жыл кеші

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!

 1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,

Төрле, төрле жеріме,

Құт береке  әкелгейсің еліме,

Үміт артып армандарға аяулы

Шаттығыңа бөлегейсің бізді де,- дей отырып балаларға деген ыстық лебізін қабыл алайық.

 2-жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге

 1-жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды  маңайды.

“Жаңа жылмен құттықтаймын”деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды

 2-жүргізуші: Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңіздер!

 1-жүргізуші: Төрлетіңдер, төрлетіңдер

Шырша сәнін көріңдер

Әсем әнмен би билеп,

Күй жырларды төгіңдер-дей келе ортаға кешімізді әнмен ашатын 8 «А» класс оқушысы Асанова Сымбаттың «Жаңа жыл » әнін қарсы алыңдар

 2-ЖҮРГІЗУШІ :   Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ  дастарқан жапқандай

Халық біткен қарбалап

Қонақ күтіп жатқандай

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде-жақсылық

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық.

Әр оқушыдан өткен жылы қандай жақсылық болды? деген сұрақ қоямыз

   1- жүргізуші :Жаңа жыл-туындаған жаңа армандар,

Жаңа жыл- шуылдаған жаңа ормандар.

Ал мынау-мәңгі бақи жаңа дүние,

О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар

8 «Ә» класс оқушыларының билерін тамашалайық!

  1- ЖҮРГІЗУШІ:       Құрметті қонақтар, мен оқушылар!.Келе жатқан жылан жылы мерекесімен құтықтаймыз.Бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

 2- ЖҮРГІЗУШІ:     Жаңа жыл –ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке.Неге десеңіздер?Өйткені бұл күні жер шарымызды Ертегі аралайды.Ертегі әр елдің шыршасына саяхат жасайды.Бүгін бізде Ертегі мен бірге саяхат жасаймыз.Жер шарының Жаңа жылын бірге атап өтеміз.

Достар, біз халықаралық эксрпесс поезының жұмсақ вагонына отырып, Жаңа жылдық сапарға аттанамыз.

 Стук колес , гудки паровоза

 І- аялдама  Польша (Музыка Полька)

1-ЖҮРГІЗУШІ:  Варшава Польшанаң астанасы. Жаңа жыл қарсанында Варшава қаласы нағыз балаганға айналады.Күні-түні карнавалдық кештер өтеді. Ерлер әйелдердің киімін киіп, балалар бет-әлпеттерін, жүздерін түрлі бояулар мен бояйды. Көшелерін түрлі шарлар мен көркемдеп, безендіреді. Сағат түнгі 12-ні соққанда Варшава қаласының тұрғындары шарларды жара бастайды, сонда салют фейерверк пайда болады.

Сондықтан бізде мерекелік салют, фейерверк жасаймыз

 КОНКУРС-1 Ортаға 3 жұп шақырылады. Әр жұпқа шарлар беріледі. Жұптар араларына шар қыстырып, белгіленген мәреге жету керек. Ән тоқтаған кезде кімнің шары түспей мәреге жетсе, сол жеңімпаз болып, саналады.

 Стук колес , гудки паровоза

Музыка Бах

 2-ЖҮРГІЗУШІ: 2 аялдамаГермания-ұлы ғалымдардың, ақындардың музыканттардың отаны.Жаңа жылдық түнде Моржатазартқышты кездестіріп, күлге бүліну-Германияда бақытты белгі деп саналады, ал түнгі 12 00-де, орындық пен үстелдін үстіне шығып,айқайлап Жаңа жылға қарсы секіру керек екен .

 КОНКУРС –2 Ұлдарға 3 ұл ортаға шығып, бір қатарға тұрып , Жаңа жылға қарсы секіреді.Кім алысрақ секіреді сол женімпаз болып саналады.

Европаны араладық , ал енді ыстық экзотикалық Африкаға барамыз., бірақ поезд онда  жүрмейді Сондықтан біз машинамен барамыз.

Ия, шіркін жол үстінде ән тыңдағанға не жетсін!  Ендеше 8 «ә» класс оқушыларының орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.

 ШУМ МОТОРА МАШИНЫ

ЗВУК клаксона

1-ЖҮРГІЗУШІ: 3аялдама  Білесіздер ме?  Кения тайпаларының бірі Жаңа жыл қарсанында бір-бірінің бетіне түкіреді екен, солай олар денсаулық, бақыт, табыс тілейді екен. Өте экзотикалық дәстүр,екен, бірақ  сіздер қобылжымаңыздар.Біз бір-біріміздін бетімізге түкірмейміз, бірақ африканша достарымызды құттықтаймыз.

КОНКУРС-  3   3 қатысушы ортаға шақырылады. Әр біреуіне соска –пустышка беріледі.

Кім алысрақ түкіреді сосканы ,сол жеңімпаз болып саналады.

Африка –ыстық күйіп тұрған күн, өткізбейтін джунгли және темпераментті, жандандырылған билер.

Ендеше африкандық би марафоның жариялаймыз.

( Би-5 мин)    Би арасында ең күшті бишіні таңдаймыз.

Саяхатымызды жалғастырамыз автокөліктен корабльге отырып, америкаға жол аламыз.

 ПЛЕСК ВОЛН, КРИКИ ЧАЕК

БРИТНИ СПИРС

2-ЖҮРГІЗУШІ: 4 аялдама Біз Америкадамыз.Бостандық ескерткіші, Майкл Джексен, Мадонна, және Арнольд Шварцнейгр.Жаңа жыл қарсаныңда Америкада ең күшті , ең мықты қайратты  деп саналатын конкурс өткізіледі.

Ендеше ортаға өзін күшті, мықты  деп саналатын оқушыларды  шақырамыз.

Конкурс Сіздерге мынадай тапсырма: күш сынасу. Жеңген оқушы женімпаз болып саналады.

Саяхатымызды жалғастырамыз.Ұшаққа отырып Жапонияға ұшамыз.

 ШУМ САМАЛЕТА.

ЯПОНСКАЯ МУЗЫКА

1-ЖҮРГІЗУШІ: 5 аялдама 31 желтоқсанда күні жапондықтар, үйлерін жинап, тазалайды, ал түнгі 12.00 де ұйқыға жатадыЖаңа жылдың күннің бірінші сәулелерін қарсы алу үшін, таңның атысымен тұрады екен.  Жапония жұмбақты ел, Бұл елдің тұрғындарының таланттары көп, бірі-басқа кісінің  ойын айту.

Ендеше біз белгілі жапондық сиқыршының салонындамыз.Біз осы жиналған қауымның  ойын ести аламыз.

1

2

Енді саяхатымызды жалғастырамыз.

 ШУМ Самолета

РУССКАЯ ПЕСНЯ

2-ЖҮРГІЗУШІ: 6 аялдама Біз көрші елімізге Ресейге келдік. Сіздер білесіңдер ме? 1700 жылға дейін Ресейде Жаңа жыл мерекесін тойламаған. 1966 ж 15 желтоқсанында Петр І 1700 ж 1 қантарынан бастап Ресейде жаңа жылсанау басталады деп жарғы жариялайды. Осы күні пушкалардан ату, смола жағу, үйлерді  пихта, шырша ағаштарымен безендіру және де ән айтып, би билеу керек екен.

 МАШИНА ДАУЫСЫ

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,

Әрқашан мерекелік көңіл болсын

Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,

Қане достар, күлкімен орта толсын

8 «А» класс оқушыларының биін қабыл алыңыздар

  1-ЖҮРГІЗУШІ :7 аялдама Қонақта жақсы, ал үйде оданда жақсы .Сонымен Біз Қазақстанға Ақтөбе облысы Өрлеу Ауылындағы №57 ЖББОМ

ораламыз. Көрініздер біздің мектепте қалай жаңа жыл мерекесін  қарсы алады.

Сіздерді келесі конкурс күтіп тұр.

Конкурс-2 Мерекеден киін өте көп қоқыс қалады, ендеше бутылкаға газеттерді кім бірінші салады, сол жеңімпаз.

1- ЖҮРГІЗУШІ:       Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым

Жақсылықтың жаршысы да нұрысың

Адамдардың асқақтаған арманы,

Ақындардың таусылмайтын жырысың

2- Жүргізуші:        Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр

Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр

Құт болып береке бер халқымызға

Мерейін мәртебесін биікке асыр. –дей келе ортаға әсем әнімен

Аяз ата мен Ақша қарды шақырамыз.

 Аяз Ата:Уа, балаларым  Халықта айтады: Ең жақсы ән- айтылмаған ән, ең

жақсы қала –салынбаған қала, ең жақсы жыл- келе жатқан жаңа жыл.

365 ашық күндер, жақсылықпен, кездесулер әкелсін.Мақсаттар мен жоспарлар орындалсын.Жаңа жыл құтты болсын, бақыт әкелсін!

 Ақшақар:  Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Міне жаңа 2017 жыл да келіп қалды. Бұл жылы да елімізде тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын!

 

Бірге: Жаңа жылдырыңыз құтты болсын!

С Новым Годом!

Happy New Year!