| Жаңа тақырып. Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштар өз таңбаларымен жазылады. а+(в-с+d)=а+в-с+d а+(-в+с-d)=а-в+с-d Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбасы қарама-қарсы таңбаға өзгереді. а-(в-с+d)=а-в+с-d а-(-в+с-d)=а+в-с+d егер өрнек сан мен бір немесе бірнеше әріптің көбейтіндісі болса, онда санды коэффициент деп атайды. -3*14mk = -42mk І. Топтық жұмыс Топтық жұмыс үшін оқушылар топтасады. Сыныпқа кіргенде таратылған қағаздар арқылы топтар 3 топқа бөлінеді. «Айнымалы», «Алгебралық өрнек», «Коэффициент» «Конверттегі сұрақ» әдісі Оқушылар берілген конверттің сыртында орналасқан тапсырмаларды орындап, ішіне салып, конверт алмасады. (№ 660, 661, 662(1)) Бағалау: «Мадақтау сэндвичі» әдісі (топтар өзара бағалайды) Саралау тәсілі: тапсырма, дереккөздер, қорытынды ІІ. Жеке жұмыс «Құмсағат» әдісі 2 тапсырма уақытқа беріледі. Уақыт аяқталғанда оқушылар көршілерімен дәптер алмасады. № 664, 665 Бағалау: өзара Саралау тәсілі: тапсырма, қарқын, қорытынды ІІІ. Сергіту сәті. «Австралиядағы жаңбыр» |