| (ЖЖ) Бір бірімен сәлемдесіп, жақсы тілек айтады. -Бүгін ауа райы қандай болып тұр? Ауа райы қандай тамаша! Көңіл күйімізде осындай тамаша болсын. Өткенді қайталау (ТЖ) «Ыстық доп » ойынын ойнату. Доп лақтыру арқылы сұрақтар қою. Дыбыс нешеге бөлінеді? Ы дыбысы қандай дыбыс? Ыдыс сөзін буынға бөл. Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар? Дауысты дыбыстар қалай айтылады? Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? -Не ұшып жүр? Қоңыздың дыбысын тыңдау. - Не естіліп тұр? -Қандай дыбыс естіліп тұр? –Бүгін сиқырлы кітап бізге қандай тақырып алып келді? -Балалар қоңыз қандай дыбыс шығарады? Ж дыбысын таза, анық дыбыстату, талдау. Ж дыбысы дауыссыз, ұяң дауыссыз дыбыс. Суретке қарап заттың атауын атайды. Әліппе-дәптермен жұмыс. Әже, жолбарыс, морж сөздеріне қысқаша түсінік беру. Әже, жолбарыс, морж сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ж дыбысының орнын ажыратқызу. Балалардың өздеріне ж дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды. Сергіту сәті Тіл ұстарту жаттығуы. Жа-жа-жа Менің атым Қожа.. Ж дыбысының кіші және бас әріптер таңбасы дәптердегі үзік сызықтарды қосу арқылы жазу жұмысы орындатылады. (ТЖ) Топқа қима әріптер беріледі сол әріптерден сөз құрап жапсырады, дауысты, дауыссыз екенін белгі арқылы бояп, сөздерге дыбыстық талдау жасайды, ондағы ж дыбысының орнын ажыратады. Осы сөздерден сөйлем құрайды. |