СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Visual Basic ортасында «тармақталудың» алгоритмдік құрылымы. «Visual Basic ортасында миникалькулятор жобасын құрастыру»

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Паскаль программалау тілінде «тармақталу» процедурасын қайталау. Visual Basic ортасында «тармақталудың» алгоритмдік құрылымы мен оның ерекше-ліктерімен танысу. Val, str процедураларын қайталау және MsgBox хабарлама терезесін қарастыру. Тармақталуды пайдаланып кодтау арқылы миникалькуля-тор жобасын құру. 

Просмотр содержимого документа
«Visual Basic ортасында «тармақталудың» алгоритмдік құрылымы. «Visual Basic ортасында миникалькулятор жобасын құрастыру»»

Тақырбы: Visual Basic ортасында «тармақталудың» алгоритмдік құрылымы. «Visual Basic ортасында миникалькулятор жобасын құрастыру» 

Сабақ мақсаты: Паскаль программалау тілінде «тармақталу» процедурасын қайталау. Visual Basic ортасында «тармақталудың» алгоритмдік құрылымы мен оның ерекше-ліктерімен танысу. Val, str процедураларын қайталау және MsgBox хабарлама терезесін қарастыру. Тармақталуды пайдаланып кодтау арқылы миникалькуля-тор жобасын құру. 
Міндеттері: 
Дидактикалық: Оқушыларды Visual Basic тілінде формалар мен программалар құру білім-біліктерін қалыптастыру; 
Дамытушылық: программалауға танымдық қызығушылығын дамыту;
Тәрбиелік: топтық жұмыс арқылы есептің шешілуіне бағытталған ортақ шешім қабылдауға үйрету, берілген тапсырманы өздігінен орындауға бағыттау. 
Сабақ түрі: аралас (жаңа материалды игеру және практикалық жұмыс)
Сабақта үйымдастырылатын оқытудың негізгі формалары:
• Оқушылардың өзіндік жұмысы;
• Топтық жұмыс;
• Компьютерде жеке жұмысы;
Әдістері: 
• Көрнекі-демонстрациялық;
• әңгімелесу;
• практикалық жұмыс.
Оқытудың құралдары: 
• Оқулық: Б.Қ.Сапарғалиева, Н.Е.Масалимова, Г.А.Тезекбаева Информатика –Жаратылыстану-математика бағытындағы 10 сыныпқа арналған, «Арман-ПВ» баспасы, 2014 .
• Техикалық және программалық құралдар: дербес компьютерлер; сабақ тақырыбына сәй-кес презентациялар; NetControl бағдарламасында құрылған тест; Visual Basic програм-малау ортасы.
• Үлестірме материал: оқушыларға арналған практикалық жұмыс.
Сабақ жоспары
1) Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын белгілеу (ұйымдастыру бөлімі) – 1мин 
2) Негізгі білімдерін белсендіру (актуализациялау) (ДК білімдерін тесттік бақы-лау, оқушылар білімдерін ауызша тексеру). 
3) Жаңа білім игеру (презентация). 
4) Жаңа білімдерін бекіту (практикалық жұмысқа дайындық (жобаны құру , прог-раммасын жазу және Visual Basic ортасында миникалькулятор жобасын құру) 
5) Сергіту сәті: көзге арналған гимнастика
6) Қорытындылау: (информатикалық «пинг-понг» ойыны) 
7) Рефлексия, бағалау және үй тапсырмасы 

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Сыныпты сабақ дайындау: амандасу, түгендеу, бүгінгі сабақ мақсат, міндеттерімен таныстыру.
2. Негізгі білімдерін белсендіру (актуализациялау) 
- Visual Basic ортасы терезесі, негізгі элементтері бойынша білімдерін тексеру (тест NetControl-да орындалады)
- жоба, VBды программалау кезеңдері, терезесі, кодтау алаңы, басқару элементтері бойынша бі-лімдерін белсендіру

3. Жаңа білім игеру. Жаңа тақырып презентациямен таныстырылады. 

Конспектпен жұмыс 

Шартты оператор If Then Else
Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар If Then Else пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалу немесе орындалмауына байла-нысты атқарылады. Кейде бір тармақ ішінде ешбір амал орындалмай да қала береді. Шарт ретінде логикалық өрнектің мәні пайдаланады. 
If шартты операторы. If (егер) операторы программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілі-гін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады.
Қарапайым түрі:
If шарт Then 1-ші оператор [Else 2-ші оператор]
- егер шарт, If тен кейінгі шарт ақиқат (True) болса, онда Then нен кейінгі 1-ші оператор орын-далады, керісінше жағдайда шарт жалған (False) болғанда, Else ден кейінгі 2-ші оператор орын-далады. 
Толық синтаксисі: If шарт 1 Then 
1-ші оператор
…
[ m-шы оператор]
[Else If шарт 2 Then 
k-шы оператор] 
[Else
n-ші оператор]
End If

Екінші жағдайда 1-ші оператор ... m-шы оператор жаңа жолдарда жазылады, ElseIf бол-ғанда қосымша шарттарды тексеруге мүмкіндік береді. Добавлением нескольких инструкций ElseIf инструкциясын бірнеше рет қосу арқылы шарттардың бірнеше жағдай қарастырылады. Else қарсы жағдайды қарастыруда пайдаланылады. Егер бір шартты басқа шарт негізінде қарас-тыру жағдайы туындағанда, кіріктірілген түрде қолданылады, мысалы: 
If шарт 1 Then
If шарт 2 Then 
1-ші оператор
Else
m-ші оператор
End If
Else
n-ші оператор
End If


4. Жаңа білімдерін бекіту.
(практикалық жұмысқа дайындық (жобаны құру , программасын жазу және Visual Basic ортасында миникалькулятор жобасын құру) 
Тапсырма: Екі санды енгізгенде таңдалған амалдар бойынша есептеу әрекеті (при «+», «-», «*», «/» батырмаларын таңдау арқылы) орындалып, әрекет нәтижесін көрінуі керек. Егер сан-ды 0-ге бөлген жағдайда MsgBox процедурасы хабарлама шығартындай «/» батырмасының әрекетін толықтыру.
Сұрақтар:
1. Пішінде қандай нысандар( элементтер) қажет болады (мүмкін жауаптары: мәтіндік өріс, жазу)
2. Пайдаланушы программада қандай әрекет жасауы тиіс? (сандар енгізеді)
3. Программа қандай әрекеттер жасауы тиіс? (енгізілген мәтінді оқып, санға айналдырып, таңдалған амалды орындап, нәтижесін жазу) 

4. Амалды орындайтын қандай нысанды(элемент) программалаймыз? (батырма)
5. Батырманың программалық коды қалай болады? 
Private Sub CommandButton1_Click()
Text3.Text = Val(Text1.Text) + Val(Text2.Text)
Label4.Caption = "+"
End Sub

Private Sub CommandButton2_Click()
Text3.Text = Val(Text1.Text) - Val(Text2.Text)
Label4.Caption = "-"
End Sub

Private Sub CommandButton3_Click()
Text3.Text = Val(Text1.Text) * Val(Text2.Text)
Label4.Caption = "*"
End Sub

Private Sub CommandButton4_Click()
If Val(Text2.Text) 0 Then
Text3.Text = Val(Text.Text) / Val(Text2.Text)
Label4.Caption = "/"
Else
MsgBox ("деление на ноль")
End If
End Sub

6. Мәтіндік өрістегі сандар өшірілетіндей батырма дайындап, әрекетін жазу. 
Private Sub CommandButton5_Click()
Text1.Text = ""
Text2.Text = ""
Text3.Text = ""
Label4.Caption = ""
End Sub
7. Шығу батырмасын программадан шығуды орындайтындай етіп дайындау 
Private Sub CommandButton6_Click()
End
End Sub

Еске түсіру: 1.Өткен сабақта дайындаған жоба бойынша (үшбұрыш ауданы мен периметрін есептейтін) Val функциясы цифрлардан тұратын Х жолдық қатарын сандық шамаға, Str функциясы Х сандық шамасын символдық шамаға айналдырады. 
2. MsgBox процедурасымен танысу, оның екінші сан 0 болған кезде бөлуге болмайтыны жө-нінде хабарлама «Деление на 0» деп шығару
MsgBox – Visual Basic программасында хабарлау терезесі 
Хабарлама терезесі мына элементтерден тұрады: 
-хабарламаны енгізу өрісі;
-тақырып жолынан;
-батырмалар қатарынан; 
MsgBox ( хабарлама мәтіні) [,тұрақты] [, тақырыбы]
Тапсырманы талқылау.
Проблема: Val, Msg Box процедураларын пайдалана отырып, Label, Text, Command нысанда-рымен қалай жобаны құруға болады. 
Оқушылар проблеманы шешудің өз нұсқаларын ұсынады. 
Главное: 
1. Val, MsgBox процедуралары қалай жұмыс істейді?
2. Компьютер нөлге бөлу барын қалай анықтайды? (операция былай болуы керек: егер ен-гізілген екінші сан 0ге тең болмаса,онда нәтиже шығалы, әйтпесе хабарлама терезесі «Деление на ноль» деп шығарады), (If… then… else…)

Компьютерде жұмыс істеуді бастамас бұрын онда қалай отыру керектігі жөнінде нұсқаулық ай-тылады. 






Компьютерде өзіндік жұмыс (уақыт12-15 мин)
Миникалькулятор дайындау. 


5) Сергіту сәті: компьютерде жұмыс барысында оқушыларға Netcontrol арқылы «көз жатты-ғулары» хабарламасын жіберіп, орындату 
6) Қорытындылау: (информатикалық «пинг-понг» ойыны) 
- Сабақта қандай жаңалық алдыңдар?
 «тармақталудың» алгоитмдік құрылымы, блок-схемасы туралы еске түсірдік 
 Val, STR процедураларын еске түсіреотырып, миникалькулятор жобасын құрдық. 
 MsgBox процедурасымен таныстық.
 Шағын тест арқылы бұрын алған білімдерімізді түйіндедік. 
- екі топ информатикалық «пинг-понг» ойынын ойнайды. (бір-біріне өткен тақырыптар бой-ынша сұрақтар қою арқылы)
7) Рефлексия, бағалау және үй тапсырмасы 
Әр топ бойынша көмекшілер сабақ барысында әр топ мүшесіне өойылған бағалау парағындағы бағаларын тапсырады. (тест, практикалық жұмыс, ауызша жауап беруі , топтағы белсенділігі).
Бағалау парағы
Оқушы аты-жөні Тестілеу бойынша Практикалық жұмыс Ауызша жауап беруі Топтағы белсенділігі Қорытынды бағасы








Сабақ бойынша рефлексия (сауалнама толтыру) 
1. Сабақта мен ... белсенді болдым/ белсенділік танытпадым
2. Осы сабақтағы жұмысыма менің... көңілім тояды/ көңілім тоймайды
3. Сабақ мен үшін... ұзақ болып көрінді/ шапшаң өтті
4. Сабақта мен... шаршадым/ шаршаған жоқпын
5. Менің көңіл күйім... көтерілді/ сол қалпында
6. Сабақтағы материал мен үшін... қажетті/қажетті емес
қызықты/ қызықсыз
7. Сабақта алған бағам мені... Қанағаттандырады/ қанағаттандырмайды.

Үй тапсырмасы
1. оқулық: §16, 122-124 
2. жобаны құру этаптарын қайталай отырып, квадрат теңдеуді шешу жобасының этапта-рын дайындап келу.




© 2017, 834 6