| | Ұзақ мерзімді жоспарының тарауы 7.3С Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула.. |
| Күні | |
| Сынып | 7 |
| Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
| Мұғалімнің аты-жөні | Мустафина Гульжанат Калкамановна |
| Сабақтың тақырыбы | Валенттілік.Химиялық формула. |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 7.1.2.11 -элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу |
| Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар |
| -химиялық элементтердің атауларын біледі ; -валенттілік пен химиялық формуланы ажыратады ; |
| Басым бөлігі |
| -кейбір заттардың формулаларын жазады; - тұрақты және ауыспалы валенттілікті ажыратады ,түсіндіреді. |
| Кейбір оқушылар |
| - валенттілік бойынша формула құрастыра біледі; - химиялық формулаға мысалдар келтіреді |
| Оқу дағдысы | Білу, түсіну,қолдану |
| Бағалау критерийлері | - элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра біледі. |
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: |
| Элементтердің валенттіліктерін айта алады, қосылыстардың химиялық формуласын айтады |
| Пәнге қатысты лексика және терминология |
| Валенттілік, бинарлы қосылыс, индекс, коэффициент. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Валенттілік-бұл химиялық элемент атомының басқа... қосып алу қабілеті. Бинарлы қосылыстар...тұрады. |
| Құндылықтарды дамыту | Мәдениет пен тілдің біртұтастығы (6-шы сілтеме) |
| Пәнаралық байланыс | Физика |
| Алдыңғы білім | Физика курсынан алынған білім |
| Сабақ барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
| Сабақтың басы 2 мин 1-2 мин | | Ширату жаттығулары Ширату жаттығуы “Сиқырлы сандар” Оқушыларға сандар беріледі (6, 11, 19, 10) Оқушылар сандарды таңдау арқылы, бірдей сандар бір топқа орналасады: І-топ 6-сандары ІІ-топ 11 сандары ІІІ-топ 19 сандары IV-топ 10 сандары 1.Оқушылар қалай ойласыздар бұл сандар нені білдіреді? (What do you think what these numbers mean?) 2.Периодтық жүйеден бұл сандарды табыңдар, және ол қандай элементтерді сипаттайды? (find these numbers from the periodic table and what elements do they describe? 3.Атомдық массаны өлшеу үшін қандай шама қабылданған? 4.Периодтық кестеден сутек, оттек, азот, күкірт және фосфордың с.а.м тауып, бүтін санға дейін дөңгелекте 5.Периодтық жүйеден с.а.м 20, 40, 80 және 201-ге тең элементтерді тап 6.Массаның атомдық бірлігі дегеніміз не? 7.Элементтердің с.а.м мәні қайда көрсетілген? - сұраққа дәл жауап бере алды - сұраққа сыныптың көмегімен жауап берді, өздігінен тақырыпты қайталауы керек  - сұраққа мүлде жауап бере алмады, тақырыпты қайталауды қажетсінеді | Ширату жаттығулары Сиқырлы сандар 6, 11, 19, 10  |
| Сабақтың ортасы 10-12 мин | | Жаңа тақырып бойынша оқушыларға мәтін беріліп,ішінен негізгі термин сөздерді БББ кестесіне толтырады. Негізгі сөздер: Химиялық формула (chemical formulae),индекс (index), коэффициент(coefficient), валенттілік (valence), бинарлы қосылыстар(binary compounds). БББ кестесі бойынша білгім келеді бөлімін мұғалім оқушылармен бірге талқылайды. Мәтін: Атомдардың (atom) массалары өте аз шама болғандықтан, оларды пайдалану қолайсыз. Сондықтан атомдық массаны өлшеу үшін массаның атомдық бірлігі (atomic mass unit) немесе қысқаша түрде м. а. б. қолданылады. Массаның атомдық бірлігі - көміртек атомы массасының 1/12 бөлігіне тең шама. Көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен берілген атомның массасы қанша есе ауыр екенін көрсететін шама салыстырмалы атомдық масса (Ar) (relative atomic mass) деп аталады. Заттардың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер (index) арқылы шартты түрде жазу- химиялық формула(chemical formulae) деп аталады. Химиялық элемент таңбасы оның бір атомын көрсетеді. Ал индекс молекуладағы химиялық элемент атомының санын көрсетеді. Атомдардың немесе молекулалардың санын көрсету үшін коэффициент (coefficient) пайдаланылады. Коэффициент химиялық элемент таңбасының немесе химиялық формуланың алдына жазылады. Химиялық формула құрғанда көбінесе химиялық элементтердің валенттілігі ескеріледі. Валенттілік (valence)-бұл химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомының белгілі санын қосып алу қабілеті. Екі элементтен тұратын қосылыстар бинарлы қосылыстар (binary compounds) деп аталады. Бейнеролик (валенттілік) | Бағдаршам көздері  Джигсо Білім ленд сайтынан |
| 30 мин | | Ж: Әрбір оқушыға үлестірме материал арқылы тапсырмалар ҚБЖ жинағынан беріледі.Жұмыс дәптерлеріне орындайды.Дискрипторға сәйкес бағаланады. 1-тапсырма:Барлық оқушылар орындайды. Мысалды қолдана отырып кестені толтырыңыз | № | Химиялық элементтер | Атомдық қатынасы | Химиялық формуласы | | 1 | Calcium + Carbon | 1,56 : 3,12 | CaC2 (мысал) | | 2 | Potassium + Chlorine | 1,34 : 1,34 | | | 3 | Manganese + Oxygen | 1,15 : 2,3 | | | 4 | Sodium + Phosphorus | 3 : 1 | | | 5 | Iron + Oxygen | 1,25:1,875 | | | 6 | Aluminum + Oxygen | 1: 1,5 | | | Дескриптор | | | - атомдық қатынастар арқылы екі элементке ортақ еселікті дұрыс анықтайды; | | - қосылыстың құрамындағы элементтер қатынасын бүтін санға келтіреді; | | - бинарлы химиялық қосылыстың формуласын құрайды. Жасыл қалам - әдісі арқылы бағаланады. | Атомдық қатынастар арқылы екі элементке ортақ еселікті дұрыс анықтаса қосылыстың құрамындағы элементтер қатынасын бүтін санға келтірсе бағаланады. 2-тапсырма Кейбір қосылыстардағы элементтердің валенттілігін және валенттіліктеріне сәйкес заттардың формулаларын құрастырыңдар: PH3, SiH4, CH4, HCl, Al2O3, Cl2O7, I V I VII II V III II AgO, PO, LiO, MnO , HS, NO BO ZnO ЖЖ 3 -тапсырма Оқушыларға химиялық элементтердің таңбалары және валенттіліктер жазылған кесте беріледі. Сәйкестендіру арқылы табады. | Элемент таңбалары | Валенттіліктер | | H,O | III,II | | Al,Cl | V,I | | B,Zn | I,II | | P,H | II,II | | Ca,O | III,I | Дескриптор -валенттіліктің ауыспалы және тұрақты екенін біледі -атауы бойынша элементтің химиялық символын көрсетеді ТЖ 4-тапсырма Химиялық элементтер,индекстер,валенттіліктер жазылған Бинго парақтары беріледі.Оқушылар олардан формула құрастырады және шар стерженьді модельдерден күрделі заттардың модельдерін құрастырады.Әр жұптың алдына 3 түсті стикерлер беріледі.Өз тапсырмаларының оңай күрделі екенін сол стикерлермен көрсетеді Дескриптор -химиялық қосылыстардың формулаларын және модельдерін құрастырады Басбармақ әдісі арқылы бағаланады Мұғалім сабақ соңында БББ кестесі арқылы кері байланыс жасайды. | Бинго парақшалар |
| Сабақтың Соңы 5 мин | | Оқушыларды бағалау ағашы арқылы бағалауға болады | |