СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ұстазы жақсының -ұстамы жақсы"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Стаья о педагоге написанное ее же учителем.

Просмотр содержимого документа
«"Ұстазы жақсының -ұстамы жақсы"»

ЭССЕ

Оқытушы: Жарылгасинова Ж. Г.

Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені, мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін.

Әрине, ұстаз болу жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіруді аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізе аласың деп білемін.Ұстаз ретінде мен тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын. Ешбір сәтте есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл - Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі шыққан емес.

Менің ұғымымда, біріншіден ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, ұстаздардың бұлжытпас борышымыз.
Екінші, ең бастысы, мұғалім шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мұғалім өз мәртебесін көтере алады.
Үшінші, балаға үнемі қолдау көрсету – ізгі ұстаным. Оның астарында не бір қағидалар бар: баланы жақсы көру, оның адами өмір сүру ортасын шама жеткенше ұйымдастыру, баланың бойынан өзінің балалық шағын зерделі көзбен көру.
Аталған оқу орнында 2015-2016 оқу жылынан бастап, "Тарих және қоғамдық пәндерді оқытудағы заманауи әдістер" атты ізденіс тақырыбым және мұғалімнің жеке жұмыс жоспары төңірегінде жұмыс жасаудамын. Жұмыс жоспарының алғашқы кезеңінде аталған тақырыптар бойынша әдебиеттер оқылды, ізденіс жұмыстары жүргізілді. Одан әрі ПЦК отырысында: "Ұлттық идея" Концепциясының бірқатар аспектілері,"Қазақстан тарихы сабақтарында инновациялық әдістерді қолдану", Тарих және қоғамдық пәндерді оқытуда жаңа технологияларды қолдану" тақырыптары бойынша, ал "Шығармашылық ізденіс" отырысында "Өздік жұмысын ұйымдастырудың формалары" тақырыбы бойынша баяндама оқыдым, өзімнің сабақтарымда оқытудың заманауи әдістердін біртіндеп қолдана бастадым.



2015-2016 оқу жылының 5-ші қарашасында - Елбасына деген құрметіміздің шексіздігін айқындау мақсатында ЭПП-329 тобында "Салиқалы саясаттың саңлағы" атты тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткіздім;

2015-2016 оқу жылының 3-ші желтоқсанында - ЭПП-329 және ЭЭО-327 тобының студенттері қатысқан "Ғаламтор мен әлеуметтік желі біздерге қажет, қажет емес" тақырыбында пікірталас ұйымдастырдым;

8 желтоқсан- тарих және қоғамдық пәндер апталығы барысында бірнеше бағытта ұйымдастырылған конференцияға ЭПП-328 тобының студенті Камалиден Олжасты дайындап, қатыстырдым.

2015-2016 оқу жылының 10-шы желтоқсанында- Семей геодезия және барлау колледжінде орта арнаулы оқу орындары студенттерінің қатысуымен өткізілген пікірталас ойындарына АУП-325 тобының студенттерімен қатысып қайттым (Дюсембаев Есет, Токенов Ербол);

2015-2016 оқу жылының 17 желтоқсанында- Семей қалалық мәдениет үйінде өткізілген "Студент жастар театры-2015" конкурсына студенттерді дайындап, жетекшілік етіп, сайыста ІІІ орынды иелендік;

2015-2016 оқу жылының 20 желтоқсанында - ЭПП-329 тобымен қалалық мәдениет үйінде қала әкімі Е.Б.Сәлімов және елеулі тұлға Р. Сейсенбаевтардың қатысуымен өткізілген Жастар форумына қатыстық.

Тарихи оқулардың VІ ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында ұйымдастырылған "Тұғыры биік- Тәуелсіздік" тақырыбындағы концерттік бағдарламасын әзірлеуге жетекшілік еттім;

2016 жылдың 20 сәуірінде ҚИУ-де өткізілген Халықаралық ғылыми-конференциясына: «Ақпараттық технологиялар: даму перспективалары» тақырыбындағы баяндамамен қатыстым (баяндама жинаққа енгізілген);

2016-2017 оқу жылының 25 қарашасында "Қазақстан тарихы" пәнінен ЭПП-310 тобымен "Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы басқарған 1836-1838 ж.ж. ұлт-азаттық көтерілісі" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

2016-2017 оқу жылының 25 қарашасында М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінде ұйымдастырылған: "1желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне" арналған "Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы" атты облыстық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің арасында өткен ІІІ облыстық Президент оқуларына студент дайындап, "Алғыс хатпен" марапатталдым (ОПУД-315 студенті-Әметова Айым да "Алғыс хатпен" марапатталды).

2016-2017 оқу жылының желтоқсан айында колледжімізде ұйымдастырылған "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әдістемелік конференцияға белсенді қатысқаны үшін" Сертификатымен марапатталдым.

2016-2017 оқу жылының 12-ші желтоқсанында әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ПЦК-ның ұйымдастыруымен өткізілген "Бір шаңырақ астында" тақырыбындағы конференцияға студенттерім: Құсайынов Нұрым, Тукенова Асылзат, Нургалиева Мадина, Ахмадиев Мағжан, Болатов Әділ, Бахтияр Темірлан, Тоқтарханов Еламан қатысып, сертификаттармен марапатталды.



2016-2017 оқу жылының 19-шы желтоқсанында "ХХІ ғасырдағы ғылым мен техниканың жетістіктері" тақырыбында өткізілген облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, келесі студенттер сертификаттармен марапатталды:

Тукенова Асылзат, Ахмадиев Мағжан, Тоқтарханов Еламан, Болатов Әділ, Құсайынов Нұрым, Нургалиева Мадина, Бахтияров Темірлан.

2016-2017 оқу жылының 19-шы желтоқсанында "ХХІ ғасырдағы ғылым мен техниканың жетістіктері" тақырыбында өткізілген облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына студенттер дайындағаным үшін Алғыс хатпен марапатталдым.

2016 -2017 оқу жылының 23-ші желтоқсанында М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Отаншылдық сезім- жаһандану жағдайындағы бәсекеге қабілетті елдің құрушы факторы" тақырыбындағы І халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына белсене қатысқаны үшін ЭПП-310 тобының студенті Ахмадиев Мағжан сертификатпен марапатталды.

2016 -2017 оқу жылының 23-ші желтоқсанында М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Отаншылдық сезім- жаһандану жағдайындағы бәсекеге қабілетті елдің құрушы факторы" тақырыбындағы І халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушы студент дайындағаным үшін Алғыс хатпен марапатталдым.