Просмотр содержимого документа
«"Ұстаздарға тілектер"»
CfCfwkt
Білім игеру процесінде бәсеке мен жарыстың бір ғана түрін қабылдауға болады. Ол өзіңмен – өзің жарысу
“ Өмір бойы білім алу –әр қазақстандықтың кредосына
айналуы қажет ”
Н.Ә. Назарбаев
Үйрену мен есте сақтаудың ең тиімді әрекеті –басқаларды үйрету!
Адам басқаларды үйреткенді ұнатады, ал өзін үйреткенді жақтырмайды.
Тәртіп тәрбие мен үйретудің құралы емес, - нәтижесі!
“ Мен айтып берсем –шәкірт түсінеді!” деген ұстанымды бүгінгі күні қолданбаған жөн
Қолдану дегеніміз өздігімен /өз қолымен, өз басымен/ проблеманы іске асыру
“ Мен шәкірттерімді ешқашанда үйретпеймін, мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын”
А. Эйнштейн
Әр сабақта жағымды атмосфера орнатуға ұмтылу- жақсылық пен ізгілік нышаны
“ Адамдар туралы ұдайы жақсы пікірде болыңдар!”
“ Іштеріңде ең жақсы адамның кім екендігін айтайын ба? Ол –мінезі жұмсақ адам”
Мұхаммед /С.Ғ.С./
Ұстаздың негізгі қағидалары мынадай болуы қажет:
“ Жасасын қате!”
“ Тек ештеңе жасамаған адам ғана қателеспейді!”
“ Қатесіз үйрену мүмкін емес!”
“ Адам қателесу арқылы үйренеді!”
“ Қатеге кешірімді болайық!”
Әр сабаққа жаңалық енгізу жұмыс тиімділігін арттырады!
Қарым –қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға бейімдеу
Мотивацияны тудырмай, қызығушылықты оятпай тақырыпты терең игеру мақсатына жетуіміз екіталай!
Бүгінгі күні педагогтың негізгі қызметтері мынадай:
-ұйымдастырушы;
-менеджер/басқарушы/;
-бағыт – бағдар беруші;
-қолпаштаушы;
Бүгінде формалды білім жеткіліксіз.
Сол себепті де біз өмір бойы өздігімізше үйренуіміз қажет
Шәкірттер қалай үйренеді?
Өздігімен, тек белсенді әрекеттер арқылы!
Сол себепті де әр сабақта шәкірттердің белсенді әрекеттері ұстаздың басты мақсаты болуы қажет!
Адам үшін ең қызықты нәрсе – өз қолымен жасағаны!
Біз былайша
/тиімді түрде/ үйренеміз:
-пікір таластырғанда;
-өзіміз өз қолымызбен жасағанда /белсенді әрекеттер арқылы/;
-бірлесе оқығанда;
-басқаларды үйреткенде;
-ойын түрінде;
«Қолыңа іс алған екенсің – аяқсыз қалдырма, қайта қалауын табуға ұмтыл, табандылық таныт, сәл сәтсіздікке ұнжырағаң түспесін».
Сау болыңыздар