Просмотр содержимого документа
«Үй жануарларының түрлері»
Тақырыбы:Үй жануарлары.
Сабақ: жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Үй жануарлары туралы айтып,таныстыру, түсіндіру.Балалардың білімдерін толықтыру;
2.Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
3.Дамутышылық : Сөздік қорларын дамыту
Әдіс-тәсілдер: саяхат, сөздік, практикалық.
Көрнекілігі: Үй жануарларының суреттері.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі ( 2 мин) Балалардың көңілін сабаққа аудару.
Өткен тақырыпты еске түсіру, қайталау.Жабайы аңдар туралы әңгімелеу. Балалардың әңгімелерін тыңдау,әр балаға әңгімелету.
Сергіту:Ормандағы аюдың.
2.Суретпен жұмыс: Үй жануарларының суретін көрсету,әңгімелеу.
-Сұрақ-жауап:-суреттен не көріп тұрсыңдар?
-суреттегі жануарларды қалай атайды?
-неліктен?
-Жаңа сөздермен жұмыс – Үй жануарлары,төлдер
- Жұмбақ жасыру,шешу Азулы, ұзын, жасыл.
Кішкентай,сары,мамықтай.
Қып-қызыл,епті,қу.
Маймақ,дәу,қоңыр. Бұл не?
Сергіту: Бала-бала-балақай
Қане қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат
Былай-былай ойнап.
Топ-топ ,топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса Алтын күн!
Жаса-жаса Алтын күн! Қимыл қозғалыс жаттығу жасау.
3.Оқулықпен жұмыс: Бұлардың қайсысы артық?Бірдей екі құлынды табу. Балалардың әңгімелерін толық тыңдап, толық жауап алу.
Сабақты қорытындылау: Сабақ ұнады ма? Ой бөлісу.