СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Уй жануарлары"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

План урока по казахскому языку для учителей казахского языка

Просмотр содержимого документа
«"Уй жануарлары"»

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: Үй жануарлары

Мектеп: «№12 ЖОББМ» КММ

Күні: 12 казан 2017 жыл

Мұғалімнің есімі: Камбарова .Ж.Х

СЫНЫП: 3 Г

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны: -

Сабақ негізделген оқу

Мақсаты (мақсаттары)

Т1. Зейін қойып тыңдау.

О1. Зейін қойып оқу.

Т2. Сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

А1. Сөз көлемі және сөздік қордың саналуандылығы

Ж1. Әр түрлі стильде жазу




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Сөзді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды.

Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды, сөздердің мағынасын түсінеді.

Білетін әріптерді пайдаланып отырып, сөздер құрастырып жазады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. Үй жануарларын атап бере алады. Үй жануарларының атауларын оқиды.

Кейбір оқушылар:

Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді

Тыңдаған мәтінді түсінеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолдана отырып, өздігінен қарапайым сөйлемдер құрап жаза алады.

Тыңдаған мәтіндегі таныс сөздерді табады. Кем дегенде үш жаңа сөздің мағынасын түсінгендігін сөйлем құрастыруда көрсете алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Үй жануары, үй жануарларының атаулары, төлдері. Қара қозы, ақ лақ, қоңыр құлын, т.б.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

  1. Үй жануарларының суретін көрсету арқылы таныстыру. Жай сөйлем арқылы үй жануарларының түстерін сипаттау.

Сен неліктен үй жануарлары пайдалы деп айтасың?


Жазылым бойынша ұсыныстар:

Көп нүктенің орнына тиісті қазақ тіліне тән дыбыстарды қойып,сөздерді көшіріп жаз.

Қ...лын, б...зау, т...үйе, жыл...ы, т.б.

Алдыңғы оқу Қоршаған орта туралы сөздерді еске түсіру.

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған тақырыптармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 10 мин

1. Ұйымдастыру (Тіл дамыту сұрақтары)

2. Қызығушылығын ояту. Қиық суреттер арқылы (пазл құрастыру арқылы) жануардың пішінін жасап шығару. 1 мин

3. Топқа бөлу: Жануарлардың суреті бойынша. 2 мин

4.Үй тапсырмасын сұрау: Қоршаған орта туралы сөздерді еске түсіру. 7 мин


Қиылған суреттер



Суреттер қолдану

Ортасы 25 мин

1. Слайдтан сүт тағамдарын көрсете отырып, оны қайдан алатынымызды айта келіп оқушылар өздері іздене отырып бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.я

Үй жануарларын төлдерімен бірге суреттерін слайдтан көрсете отырып таныстыру 9 мин

А) Оқушылар көреді

Ә) Өздеріне таныс сөздерді айтып шығады

Б) Жаңа сөздерді қайталау(хормен), жекелей

В) Сөз тіркестерін құрап айту.

Г) Үй жануарларының атауларын тізбектей оқиды.

2. Жай сөйлем арқылы үй жануарын сипаттау үлгісін көрсету. Менің мысығымның түсі қара. 4 мин

Сергіту сәті Үй жануарларының қатысуымен бейне ролик 2 мин

3. Көп нүктенің орнына қазақ тіліне тән әріптерді қойып, сөздерді көшіріп жаз.

Қ...лын, б...зау, т...йе, жыл...ы, ...ой, ...йрек, 7 мин

4. «Стоп кадр» тақырыбына «Пантомима» ым-ишара арқылы жануарды бейнелеу. 3 мин

Тақырыпқа байланысты суреттер, интербелсенді тақта











Қағаз, қарындаш



Дәптер

Аяқталуы 10 мин

«Төртінші артықты тап» бойынша тақырыпқа сай емес суретті табу. 3 мин

Кері байланыс. «Ыстық орындық». Сұрақ – жауап. 3 мин

Үй тапсырмасы: жаңа сөздерді жаттау 2 мин

Бағалау 2 мин

Суретті карточкалар

Жоспар



Қосымша ақпарат Саралап оқытылатын оқушы жоқ

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін қалай жоспарлайсыз?

Пән аралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ мен байланыс құндылықтардағы байланыс

Карточкалар беру, деңгейлік тапсырмалар беру


Мадақтау, жұлдызшалар, смайликтер

Әлемтану, , бейнелеу, Сергіту сәтін жасату, партада отыру ережесін айту, АКТ-ны 10 мин көлемінде қолдану

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төменгі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушы оқу мақсатына талпынды. Себебі, жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрай алды.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болады (Оқытуда да, оқуда да ескеріңіз )?

1: Қызығушылықтарын ояту дағдысы

2: Бекітудегі ойындар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (Оқытуда да, оқуда да ескеріңіз )?

1: Мадақтау

2: «Стоп кадр», «Ыстық орындық».

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеме оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін не білдім?

Үй жануарларының суреттерін және маскасын жасап әкелуді тапсырамын.