СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

" Үй жануарлары "

Нажмите, чтобы узнать подробности

" Үй жануарлары "

 

 

 

 

Просмотр содержимого документа
«" Үй жануарлары "»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні, айы, жылы: 4.10.2018ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты:

Білімділік: балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету, олардың төлдерін ажыратуға дағдыландыру. Төрт түлік малды күтуге, оларға қамқор болуға баулу.
Тәрбиелік: Төрт түліктің төлін сүюге, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу. Пайдасын айтып, оларды баптауға, қорғап, қамқорлық жасауға баулу.
Дамытушылық: Үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал- мәтел қайталай отырып, сұрақ жауап арқылы тіл байлықтарын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: үй жануарының суреттері, акварель бояу, қылқалам.
Белингвизм: үй жануарлары- домашные животные.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың

қызметі

Мотивациялық қозғаушы

  • Балалар, бүгін ерекше күн. Бізге қонақтар келіп отыр. олай болса, қонақтармен сәлемдесейік Күннің көзі ашылып,
    Көкке шуақ шашылсын.
    Құтты қонақ келіпті
    Төрімізге еніпті,
    Амандасу үлкенге,
    Тәрбиенің басы ғой.
    Ал, кәнекей, бәріміз
    Сәлем дейік, үлкенге.
    Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Балалар шеңбер бойымен тұрады



Ұйымдастыру-щы ізденуші

Балалар, біз бүгінгі сабағымызда Мен әрбір үстелге алдына бір суреттің қиындыларын тастадым сол қиындыларды құрастырып көрейікші.
- Қандай суреттер шықты
- Өте жақсы
- Ал, осы жануарларды бір сөзбен қалай атаймыз.
- Неге оларды үй жануарлары деп атаймыз?
- Иә, дұрыс үй жануарларын үйде ұстайтын болғандықтан үй жануарлары деп атаймыз
- Үй жануарларының көптеген пайдасы бар үстіміздегі киім, ішіп- жеп отырған азығымыз,, тамағымыз осының бәрі төрт түліктен алынады.
- Қой- төрт- түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны. Аяғымызға киетін байпағымыз, киіз үй жабындылары, еденге төселетін киіздер бәрі де қойдың жүнінен жасалады. 
-Қойдың төлі қалай аталатынын білесіңдер ме? 
- Өте дұрыс
- Ал, енді ешкіге тоқталатын болсақ ешкінің түбіті, терісі, сүті, еті өте пайдалы оның әсіресе терісі мықты болады. Ертеректе ешкі терісінен сусын құятын ыдыс жасаған оны мес деп атаған. 
- Ал ешкінің төлін қалай атайды?
- Дұрыс
- Балалар, сендер таңертеңгі тамақтарыңа көбіне қандай тамақ ішесіңдер?
- Иа, дұрыс осы сүтті сиырдан сауып аламыз. – Сүттен басқа сиырдың сүтінен жасалатын ұлттық тағамдар өте көп. Олар құрт, ірімшік, май, қаймақ, айран, сүзбе т.б сиырдың еті де дәмді болады. 
- Сиырдың төлін қалай атаймыз?
- Иә, бұзау деп атайды
- Түйенің сүті шұбат деп аталады. Шұбат әрі сусын, әрі тамақ, емдік қасиеті де бар. Түйеге ертеде жүк артып, көшіп- қонған кезде өте керек көлік ретінде пайдаланған. Өзге жануарлардан ерекшелігі шөлге, аштыққа төзімді.
- Түйенің төлі қалай аталады?
- Өте дұрыс
- Балалар, біз биыл жылқы жылын қарсы алдық. Жылқы- мінсе көлік, сойса ет. Жылқыны көлік ретінде де пайдаланады. Оның еті өте дәмді қазы- қарта, жал- жая, қымыз адамға өте пайдалы емдік қасиеті бар.
- Ал, балалар, осы жылқының төлін кім айтады екен?
Сергіту сәті: Домбырады мен ойнаймын,
Дың,- дың,- дың2 рет
Қозы, лақтар би билейді
Дың,- дың,- дың2 рет
Енді ойнаймын сазсырнайда
У,- у,- у2 рет
Құлын, бота би билейді
У,- у,- у2 рет
Енді ойнаймын даңғырада
Даң,- даң,- даң2 рет
Төлдер қашты, қатты састы
Даң,- даң,- даң2 рет
- Ендеше, біздің бүгінгі сурет салу сабағында осы үй жануарларының суреттерін салатын боламыз
Жұмыс барысы:
 Балалар енді келесі кезекте осы үй жануарларының суреттерін салайық.
қауіпсіздік ережелерімен танысып алайық.
 Қайшыны ұстағанда көршілеріңе ұшын қаратпай ұстаңдар, қайшылауға болмайды.
 Субояқты пайдаланғанда көп суламай аздап қана пайдалану керек.
Мінекей, балалар сендер өздеріңе тапсырылған тапсырманы өте жақсы орындадыңдар





Қой, сиыр, түйе, жылқы




Үйде өсіріледі














Қозы






Лақ











Бұзау








Бота


Рефлексивті коррекциялаушы

  • Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабағымызда нелер туралы әңгімелестік

  • Осы үй жануарлары туралы тақпақ өлеңдер білеміз бе?

  • Ендеше осы тақпақтарымызды айтайық

  • Ал, жұмбақ білеміз бе?

  • Енді балалар, бәріміз орнымыздан тұрып осы үй жануарларын қолымызбен жасап көрейікші

  • Балалар, сендер бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар ендеше мен өте жақсы қатысқандарыңа мынадай смайликтердің суреттерін беремін

  • Осымен сабағымыз аяқталды

  • Сау болыңыздар.

  • Үй жануарлары туралы


  • Иа, білеміз




  • Иа білеміз

  • Иа, жарайды

  • Мынау ешкінің мүсіні

  • Мынау жылқының мүсіні

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Үй жануарлары суретін бейнелеуді үйрету

Нені игерді: Үй жануарлары тақырыбымен танысты

Нені меңгерді: Үй жануарларының суретін әр түрлі тәсілмен салуға дағдыланды