Екінші кіші «Жұлдызша »тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:09.04.18ж
Тәрбиеші:Абенова М.К.
Білім беру саласы:» Коммуникация»
Өтпелі тақырып: Ғарышқа саяхат
Пән:Көрке әдебиет
Тақырыбы: Тұнғыш қазақ ғарышкері
Мақсаты:
Тәрбиелік:Туған жердің табиғатын сүюге,
адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу.
Дамытушылық:Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын көбейту,көріп тану қабілеттерін дамыту
Оқыту:Балаларға ғарыш туралы түсініктеме беріп,қазақ елінің тұңғыш ғарышкерлері Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаевтар жайлы балалардың
білімдерін кенейту.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы,
дамыту технологиясы
Ресустармен қамтамасыз ету:суреттер
Блингвальдық компоненті : ғарышкер-космонавт,тұнғыш-первый
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Жұмбақ шешу: Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/
Ұшқыш емес, бірақ ол
Аспанда қалықтап ұшады
Оны кім деп ойлайсындар? /Ғарышкер/
Негізгі бөлім:
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар. Аспан әлемінде де, көптеген ғалам бар. Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз.
- Балалар, сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
- Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп атаймыз. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық. Мына суреттегі алғаш ғарышқа ұшқан адам, ол Ю. Гагарин деген кісі. Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі. Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышкерлері - Т. Әубәкіров және Т. Мұсабаев деген ағаларымыз. Бұл кісілер еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек. Ал мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар бар.
«Тұңғыш қазақ ғарышкер»
(автор С. Қалиев) өлеңін жаттау.
Мен ақылдымын,
Қиындықтан қорықпаймын
Мен жаспын қандай әдемімін,
Мен ұзақ өмір сүремін.
Менің қолымнан көптеген жақсылық келеді.
Мен халқыма қызмет етемін
Айға ұшамын,жерге түсемін,
Халқыма тыныштық тілеймін.
Ғарышкер туралы өмір баянын мұқыят тыңдайды.
Дидактикалық ойынды куана ойнауға асығады.
Дидақтикалық ойын: «Ғарышкер»
Ойының шарты: аспан әлеінің өзгешелігін атап беру.
Ойын мақсаты: балалардың көңіл күйін көтеріп, қиялын дамыту.
Ойынның барысы:
-Сендер ғарышкерсіңдер, ғарышқа сапар шеккелі дайын тұрсыңдар.
Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстаңдар. Міне, ұштық! Ұшып келіп орындық.
Ойынды шарты бойынша ойнап, ойын барысын түсініп ғарыш әлеміне саяхат жасаған қызықты екенін айтады.
Қорытындылау:
-Ғарыш әлеміне нелер жатады?
-Кім ғарышкер болғысы келеді?