СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Туған қалам - Арқалық"

Нажмите, чтобы узнать подробности

5-сыныптарға арналып жасалынған тәрбие сағаты. Қостанай облысындағы Арқалық қаласына арналады.

Просмотр содержимого документа
«"Туған қалам - Арқалық"»

«Туған қалам – Арқалық»

(тәрбие сағаты)


Мақсаты: Оқушылардың өз қаласы жайында тарихи мағлұмат беру, өз мекеніне деген патриоттық сезімін ояту.

Көрнекілігі: Қаланың көрікті жерлерінің көрінісі, тақырып жазылған плакат

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз сүйікті қаламыз – Арқалық қаласына арналмақ.


2-жүргізуші: «Туған қалам – Арқалық» » атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымызды арнауымен бастамақ, қабыл алыңыздар!


1-жүргізуші: Бұрын ешқандай ел болмаған жапан далада қала салына бастауына осы өлкеде қанатты қазына – алюминийдің мол қорының табылуына себеп болғаны сөзсіз. Сонау 1931-1932 жылдары М.С.Быкова басқарған экспедиция Түлкісай өзенінің жағалауынан тұңғыш рет боксит түйіршіктерін табады. Бір жыл өте келе биологтар барлау жұмыстарының көлемін одан әрі ұлғайтып, аймақты картаға түсіріп егжей-тегжей зерттеу жүргізеді.


2-жүргізуші: Толық мағлұмат бермей тұрып сіздердің қаламыз туралы не білетіндерінізді байқалық:

  1. Арқалық қаласының алғашқы атауы (Қызылқозы)

1-жүргізуші:

  1. Олай аталу себебі (Қойшы қой бағып жүргенде қозы жерге аунайды. Сол кезде ақ қозыңы үсті қызыл түске боялып қалады)

2-жүргізуші:

  1. Арқалық қаласының іргетасы қаланған жыл (1956)

1-жүргізуші:

  1. Арқалық Мемлекеттік педагогикалық институты қай жылы ашылды? (1972ж)

2-жүргізуші:

  1. Арқалық – Есіл темір жол қатынасы орнаған жыл?(1959ж)

1-жүргізуші:

  1. 1958 жылы 30 шақырым жердегі қандай өзеннен су келетін құбыр тартылды? (Ашутасты)

  2. Арқалық аталу себебі (батыр атауы, жайлауға көшетін байлардың тоқтайтын мекені – әр халық)


2-жүргізуші: 1937 жылы Қызылқозыдан мол кен көзі ашылды. Бірақ кен қорын меңгеру кейінге қала береді. Себебі мұндағы боксит қоры қанша екенің ешкім дәл есептей алмаған екен. Оның үстіне Ұлы Отан соғысы басталып кетеді. Содан 1947 жылы байырғы геолог А.Н.Волков Қарағанды орталық геологиялық басқармасында жинақталған құжаттармен таныса келе барлау жұмыстарын қайта қолға алу үшін қаржы бөлдіргенге дейін зерттеу ісін амалсыз тоқтатып қояды.


Оқушылар Арқалық туралы өлең жолдарын оқиды


1-жүргізуші: осы арада мағлұматымызды тоқтата тұрып қаламыздағы ескерткіштерді атауларынды сұраймыз.


2-жүргізуші: 1947 жылдың көктемінде, қарамағында А.Тоқсанбаев, М.Лугачин, Х.Умершин – барлығы жеті адам бар геологиялық кеңесі самолетпен Қызылқозыға келеді. Жаз бойы палаткада тұрған олар, күн суыта шымнан баспана салып алады. Осы экспедицияның тиянақты зерттеу жұмыстарының нәтижесінде кен орынының қоры да анықталып, барлау ісіне қаржы жылдан-жылға молырақ босатылады.

Қаламыздың жұмыс жасап жатқан мекемелерін атаныздар.


1-жүргізуші: Кеніштің салынуына байланысты кеншілер поселкесі болашақ Арқалық қаласы 1956 жылы мамыр айында қаланды. Бұрын ол ешқандай қоныс болмаған жапан далада қала орнату адам айтқысыз қиындыққа түскені ақиқат. Қажетті құрылыс материалдары қыс кезінде тратор шанасымен тасылғаны да белгілі.


Бос орынды толтырындар:


  • Арқалық Қостанай облысында орналасқан.

  • Қаланың негізі 1956 жылы салынды, қала статусына 1965 жылы ие болды.

  • Қаланың жалпы жерінің аумағы 1558,7 мың га құрайды.

  • Қала Қостанай облысының Амангелді ауданымен, Ақмола облысының Жарқайың ауданымен, Қарағанды облысының Ұлытау ауданымен шектеседі.

  • Жер бедері - Қазақ жазық бедерімен сипатталады.

  • Топырағы солтүстігінде – сарғылт , оңтүстігінде – ашық сарғылт топырақтан тұрады.

  • Ауа райы шұғыл континенттік.



2-жүргізуші: Қаламыз көркейе берсің, болашағы зор болсың, атағын асқақтатар жастары көп болсың деп, болашақ қаламыздың суретін өз қалауларын бойынша салуға тапсырма береміз. Ең үздігін сыныппен анықтайтын боламыз.



«Болашақ Арқалық» тақырыбында көрме жасалады. Ең үздік сурет анықталады.


1-жүргізуші: Аз да болса мағлұмат алып, қаламызға деген сүйіспеншіліктеріңізді арттырдық деген оймен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.