СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Төл сөз бен төлеу сөз

Нажмите, чтобы узнать подробности

ттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттт

Просмотр содержимого документа
«Төл сөз бен төлеу сөз»

7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау 
Сабақтың мақсаты: етістіктің райларынан алған теориялық білімдерінің деңгейін бақылау.
Сабақтың міндеттері: білімділік – етістіктің райларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білу; дамытушылық – етістіктің райлары туралы білімдерін жүйелеу, жинақтау, талдау жұмыстарын жүргізу; тәрбиелік – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке, туған жерді сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу, жинақтау сабағы.
Оқытудың әдісі: практикалық әдіс.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау.
б) Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Қалау райдың жасалу жолын сұрау, мысалдармен дәлелдеу. 180 - жаттығуды тексеру.

«Қайталау- оқу анасы» деп бекерге айтылмаған. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай деп ойлайсыңдар? ( жауап: етістіктің райларын қайталау).

  Аукцион әдісі бойынша сұрақтарға жауап береміз.

1) Етістікке сипаттама беріңіз.

2) Мағыналық түрлері, нақты мысал келтіріңіз.

3) Есімше, көсемшенің жұрнақтарын атаңыз.

4) Етістік категорияларын атаңыз.

5) Етіс түрлері.

6) Шақ түрлері.

7) Шақ түрлеріне мысал.

8) Рай, сызбамен көрсетіңіз.

9) Барлық шаққа ие болатын қай рай?

10) Тәуелдік жалғауларын керек ететін қай рай?

Тест

1) «Шашып тұр» етістігі осы шақты білдіріп тұр ма?

  • 2) -ған есімшенің жұрнағы ма?

3) Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай үшке бөлінеді?

4) Бір жаққа қаратылып, іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай түрі бұйрық рай деп аталады?

5) «Айтпа» ашық райлы етістік пе?

6) «Оқытсаң» шартты райлы етістік пе?

7) -қы, -кі жұрнақтары бұйрық райдың жұрнақтары ма?

8) «Тайса» етістігі ІІ жақта тұр ма?

9) «Санасын» бұйрық райлы жіктелу ме?

10) «Жазайын» шартты райлы етістік пе?



ІІІ. Актуалдау кезеңі.
Жаттығу жұмысындағы «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақалдың бағыныңқы сыңары қандай рай екендігі сұралады.
«Етістікті рай категориясы неше топқа бөлінеді? Олар қалай жасалады?» деген сұрақтарға жауап алынады.

IV. Жаңа сабақ.
Етістіктің райларын қайталау. Әр райдың жасалу жолдарын оқушылармен бірлесе отырып, еске түсіру. Оқушылардың жұмыстары тексеріліп, уақытылы бағаланып отырады.

V. Дамыту кезеңі.
1. 181 - жаттығудың етістіктерді теріп жазып, ашық райлы сөйлем түрлерінің қалай жасалғанын айту, сөйлемдерді әр топ өздеріне берілген рай аттарына сәйкес айналдырады.
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болатын.(Ашық рай, ауыспалы өткен шақ).
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болсын. (Бұйрық рай, ІІ жақ, анайы түрі)
Біздің бекінісіміз ойпаңдау жерде болса игі еді. (Қалау рай).
ә) Топтағы басқа оқушылар «Бақытты болу деген не?» атты ойтолғау жазады. Оқушылардың жұмыстары тексеріліп, рай түрлеріне талданады.

4. Әр топтан бір оқушы тұрып, келесі топқа сұрақ қояды. Сұраққа басқа оқушылар жауап бере алады.

Сөйлемдегі етістіктерді бұйрық райға түрлендіріп айт
1.Сабақта ұйықтауға болмайды. Сабақта ұйықтама
2.Мұрат өлеңді жатқа айтады. Мұрат өлеңді жатқа айт
3.Әрдайым үлкен кісілердің кеңесін тыңдап жүремін. Әрдайым үлкен кісілердің ақыл кеңесін тыңдап жүрейін
4.Жомарт сұраққа ойланбай жауап берді. Жомарт сұраққа ойланбай жауап берсін.
5.Мақпал тамағын ішті.Мақпал тамағын ішсін
Қалау райға айналдыр
1.Сабақта ұйықтағым келеді
2.Мұрат өлеңді жатқа айтса игі еді
3.Әрдайым үлкен кісілердің кеңесін тыңдап жүргей
4.Жомарт сұраққа ойланбай жауап бергісі келді

       

Семантикалық картамен жұмыс

Ата- ананың қадірін білмесең, басқа біреудің жақсылығына баға бере алмайсың. Адамдар қоршаған ортаны бүлдірмегей. Берекені көктен тілеме, еңбектен тіле. Өз ұлтымның жанашыры боламын.

Ашық

Бұйрық

Шартты

Қалау


VII. Үйге тапсырма. Етістіктерді үш жақта және рай тұлғаларында түрлендіріп, мақал-мәтел қолданып, "Атаның баласы ғана емес, адамның баласы болсам....."деген тақырыпта шығарма жазу.
VIII. Бағалау.