| ҰМЖ бөлімі: 8.2А Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар | Мектеп: №273 орта мектеп |
| Күні: 13.12.2018ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Пернебай А.С. |
| Сынып: 8 «А,Ә,Б» | Қатысқандар : | Қатыспағандар: |
| Сабақтың тақырыбы: | Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу |
| Оқу мақсаттары | 8.1.3.6 Тікбұрышты үшбұрышты 30º, 45º, 60º-қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін табу үшін қолдану; 8.1.3.7 Тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 30º, 45º, 60º-қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолдану; |
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тригонометриялық функцияларының мәнін табады. Оқушылардың басым бөлігі: тікбұрышты үшбұрыштың екі элементі бойынша белгісіз элементтерін табады. Кейбір оқушылар: тақырыпқа берілген күрделі есетерді шығарады. |
| Бағалау критерийі | -Пифагор теоремасын есептер шығаруда қолданады; -Екі катеті бойынша тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады; -Гипотенузасы және сүйір бұрышы бойынша тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады; -Катеті және сүйір бұрышы бойынша тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады; -Гипотенузаға түсірілген биіктік және сүйір бұрышы бойынша тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады; -300 -қа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең екенін біледі |
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар: -берілген бөлімнің терминдерін қолданады; Негізгі сөздер мен тіркестер: Тікбұрышты үшбұрыш, сүйір бұрыш, катет, гипотенуза, биіктік, синус, косинус, тангенс, котангенс Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: 1)Тікбұрышты үшбұрыштың катеті оның гипотенузасы мен мен қарсы жатқан бұрыштың синусы арқылы қалай өрнектеледі? 2) Тікбұрышты үшбұрыштың катеті оның гипотенузасы мен мен қарсы жатқан бұрыштың косинусы арқылы қалай өрнектеледі? 3) Тікбұрышты үшбұрыштың катеті оның екінші катеті мен мен қарсы жатқан бұрыштың тангенсі арқылы қалай өрнектеледі? 4) Тікбұрышты үшбұрыштың катеті оның екінші катеті мен мен іргелес жатқан бұрыштың котангенсі арқылы қалай өрнектеледі? |
| Құндылықтарға баулу | Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру. |
| Алдыңғы оқу | Тікбұрышты үшбұрыш, катет, гипотенуза ұғымдарын біледі, тригонометриялық функциялардың мәнін табуды біледі. |
| Сабақтың барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
| Сабақтың басы | 2 мин
2 мин
2 мин | Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа назарын аудару, сабақтың мақсатын айту. Үй жұмысын тексеру. №18, дид-қ материалдар Үй тапсырмасы ауызша оқылады. Үй тапсырмасын қорытындылау. 1)Қандай тригонометриялық тепе-теңдіктер сүйір бұрыштың тригонометриялық функцияларының анықтамаларынан тікелей шығады? 2)Негізгі тригонометриялық тепе-теңдік нені білдіреді? 3)Бұрыштың синусы оның косинусымен және керісінше бұрыштың косинусы оның синусымен қалай өрнектеледі? 4)Сүйір бұрыштың тангенсі мен косинусы өзара қалай байланысады? | |
| Сабақ- тың ортасы | 12 мин 13 мин 6 мин | Жаңа білім беру. Сынып 4 топқа бөлінеді. Әр топ өзіне тиесілі есепті постерде шығарады, кейін қорғайды. 1 топ. (Екі катеті бойынша тікбұрышты үшбұрышты шешу). Берілгені: Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері 5 см және см. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен сүйір бұрыштарын табыңыздар. Жауабы: 10 см, 300, 600. 2 топ. (Гипотенузасы және сүйір бұрышы бойынша тік бұрышты үшбұрышты шешу). Берілгені: Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 8 см. Сүйір бұрышы . Катеттерін және бұрышын табыңыздар. Жауабы: см, 4 см., 600. 3 топ. (Катеті және сүйір бұрышы бойынша тік бұрышты үшбұрышты шешу). Берілгені: Тік бұрышты үшбұрыштың ВС катеті 12 см. Сүйір бұрышы . Гипотенузасын, екінші катетті және бұрышын табыңыздар. Жауабы: , см, 300. 4 топ. (Гипотенузаға түсірілген биіктік және сүйір бұрышы бойынша тікбұрышты үшбұрышты шешу) Берілгені: АВС үшбұрышының тік бұрышынан гипотенузаға түсірілген биіктік 6 см. Бір бұрышы . Тік бұрышты үшбұрыштың басқа элементтерін табыңыздар. Жауабы: см, см, 12 см, 600. | № | Дескриптор | Балл | | 1 | Пифагор теоремасын қолданады | 1 | | 2 | Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусын, косинусын, тангенсін, котангенсін табады | 1 | | 3 | Тригонометриялық қатынастардан катеттер мен гипотенузаны табады. | 1 | Оқушылар қорғап болғаннан кейін тік бұрышты үшбұрышты шешудің әрбір жағдайын алгоритм түрінде айтылады. № 1 Алгоритм. Берілгені: екі катет.  № 2 Алгоритм. Берілгені: Гипотенуза және сүйір бұрыш.  № 3 Алгоритм. Берілгені: Катет және сүйір бұрыш.  № 4 Алгоритм. Берілгені: Гипотенузаға түсірілген биіктік және сүйір бұрыш. , , Жаңа білімді бекіту. Оқулықтан №1, №2, №3, №4, №5 есептер тақтаға шығарылады. Жеке жұмыс. 1. Жіпке ілінген жүк түріндегі маятникті 600 бұрышқа ауытқыту арқылы тепе-теңдік қалпынан шығарды. Маятниктің АС ұзындығы 20 см. Жүктің биіктігі тепе-тең қалыппен салыстырғанда қаншаға өзгерді? Дескриптор: білім алушы -Берілген элементтер бойынша тікбұрышты үшбұрыштың белгісіз элементтерін табады | презентация
Оқулық, тақта, бор
|
| Сабақ- тың соңы | 3 мин
| Рефлексия. "Бағдаршам" әдісі. Қызыл - мен бәрін түсіндім. Сары - үйрендім, бірақ маған әлі де көмек керек. Жасыл - маған сабақ түсініксіз, қиын болды. Үй жұмысын беру. №6, 78-бет | Кері байланыс парағы |
| Қосымша ақпарат |
| Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
| Жеке жұмыс арқылы оқушының материалды игеру деңгейін анықтаймын. Топтық жұмыс арқылы өзара қолдау жүзеге асырылады. | Жалпы сыныптық, өз беттік жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады; Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту; Рефлексия | Қауіпсіздік ережесі |
| Сабақ мақсаттары дұрыс жоспарланған ба?Сабақтың уақыттық кезеңі сақталды ма? Сабақ жоспарынан ауытқу болдыма? | |
| Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |