«Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімдері: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Табиғат бұрышындағы құстарды бақылау.
Мақсаты: Балаларды жанды табиғат мүшелерінің бірі құстармен таныстыру. Табиғатты зерттеуге, танып – білуге деген құштарлықтарын ояту. Табиғатқа қамқорлықпен қарау керектігін түсіндіру.
Билингвальды компонент: тотықұс – попугай, қанаттар – крылья, тұмсық – клюв, табиғат бұрышы – уголок отдыха.
| Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеттері |
| Мотивациялық қозғаушылық. | 1. Табиғат бұрышына жақындап келіп, балаларға жұмбақ оқиды. Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап, Басына бөрік киер, құндыз ұстап. (Тотықұс) | Балалар жұмбақтың шешуі тотықұс екенін табады. Назарларын тотықұсқа аударады. |
| Ұйымдастыру іздестіру. | 2. Билингвальды компонент: тотықұс – попугай, қанаттар – крылья, тұмсық – клюв, табиғат бұрышы – уголок отдыха. 3. Әңгіме өткізу. - Балалардан тотқұс туралы білетіндерін сұрайды. Балалардың жауаптарын тыңдап болған соң, тотықұс туралы ақпарат береді. Тотықұс – құйрығы қысқа, түрлі түсті құс. Ол Африка, Америка және Австралияда тіршілік етеді. Адамдар оны қолға үйретіп, торда ұстайды. Сөйлейтін тотықұстарда бар. Олар сенің айтқаныңды қайталайды. 4. Тотықұстың қанаттарын, тұмсығын, аяқтарын көрсетіп, олардың атқаратын қызметімен таныстырады. Мысалы, қанаттары ұшу үшін, тұмсығы қорегін шоқып жеу үшін, аяқтары жүру және бұтаққа қонып отыру үшін керек. - Кәне, тотықұсқа жем беріп, ол жемді қалай шоқып жейтінін көрейік. 5. Сергіту жаттығуы. Кәне, қанат жазайық, Тоты болып ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, Қайта келіп қонайық. Ұшты-ұшты ойын: | Жаңа сөздердің қазақша және орысша атауларын қайталайды. Тотықұс туралы білетіндерін айтады. Педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды. Бір-екі бала тордағы тотықұсқа жем салады, қалғандары оның қалай қоректенгенін бақылайды. Қимылмен сергіту жаттығуын орындайды. |
| Рефлексиялық- түзетушілік | Сұрақ-жауап әдісі арқылы білімдерін қорытындылайды. Бүгін табиғат бұрышында қандай құспен таныстық? Оның қандай мүшелері бар екен? | - Тотықұспен таныстық. - Оның басы, екі аяғы, қанаттары, тұмсығы бар (көрсетеді). Тотықұстың суретін бояйды. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: құстардың пайдасы, оларды бір-бірінен ажырата білуге байланысты берілген тапсырмаларды.
Түсінеді: құстардың бірнеше түрін және олардың ерекшеліктері туралы берілген мәліметтерді.
Қолданады: құстарды басқа жан-жануарлардан ажырата білу дағдыларын.
«Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні:
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімдері: Жаратылыстану.
Тақырыбы: «
Мақсаты:.
Қостілдік компоненттер: құстар – птицы, торғай – воробей, сауысқан – сорока.
| Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеттері |
| Мотивациялық қозғаушылық. | Таңғы шеңбер: Күн дидарлы арайлы Нүрын төгіп қарайды Барлық бала шаттанып Қуанышпен тарайды | Шаттық шеңберінде тұрады, бір – бірімен амандасады. |
| Ұйымдастыру іздестіру. | 1Қай мезгіл? Керемет – тамаша. Қандай құстарды білесіндер? Торғай мен сауысқанның суреттерін көрсетіп, олардың қонақ екенін хабарлайды. 1. Білімді өзектендіру. Біздің топқа нелер ұшып келді? Торғай мен сауысқан аң ба, әлде құс па? 2. Құстар туралы әңгіме өткізу. Құстар қанат және қауырсындарымен ерекшеленеді. Олардың ауыздарының орнында тұмсық, қолдарының орнында қанат, екі аяғы бар, бірақ олар көбіне аспанда ұшып, қалықтап жүреді. (Суреттер көрсетеді). Мынау – сауысқан. Оны ақ бүйірлі құс деп те атайды. Себебі оның екі бүйірі ақ түсті. Мынау не? Көгершіндер ішінде Шауып жүргой бір нәрсе. Жақындап біз қарасақ, Торғай екен кішкене. Пішіні бойынша қайсысы үлкен? Торғай ма, әлде сауысқан ба? Бұл екі құстың түстері қандай? Құстар зиянды құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Сөйтіп, олар көптеген зиянды жәндіктерді құртады3. Билингвальды компонент: құстар – птицы, торғай – воробей, сауысқан – сорока. 4. Сергіту сәті: Күні бойы бұл құстар, Билеп жатыр тынбастан! Таңменен бәрін оятып, Дәмесі бар ырыстан! Біз билеп жатқан кезде тағы бір қонақ келді. Ол келген не екен? (Көбелектің суретін көрсетеді). Көбелек өзін құстар қатарына жатқызады екен. Осысы дұрыс па? (Жоқ, қанаты, тұмсығы жоқ). 5. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді. 6. Жеке жұмыс жүргізеді: «Құста тап!» ойыны. Шарты: ағаш бұтақтарына тек құстардың суреттерін жапсыру керек. | - Торғай мен сауысқан. - Олар – құстар. Өйткені олардың қанаттары бар. Ұшады. Педагогті тыңдап, сұрақтарына жауап береді. - Торғай. - Екеуінің пішіндері және түстері әртүрлі. - Бірақ екеуі де құс. Екеуі де ұшады. Қайталайды. Музыка әуенімен «құстар» биін билейді. - Көбелек. - Жоқ. Көбелектің тұмсығы, қанаты, қауырсыны жоқ. Ол – жәндік. Тапсырманы орындайды. Ойынға кіріседі. |
| Рефлексиялық- түзетушілік | Ал енді еске түсірейік, бүгінгі сабағымыз қай тақырыпта болды? Сауысқан, торғай, қарға – барлығын бір сөзбен қалай айтамыз. | Өткенді қорытындылайды. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: құстардың пайдасы, оларды бір-бірінен ажырата білуге байланысты берілген тапсырмаларды.
Түсінеді: құстардың бірнеше түрін және олардың ерекшеліктері туралы берілген мәліметтерді.
Қолданады: құстарды басқа жан-жануарлардан ажырата білу дағдыларын.
«Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: 13.09.2016ж
Тәрбиеші: Оспанова.А.С
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімдері: Құрастыру.
Тақырыбы: «Тар және кең жолдар».
Мақсаты: Балаларды тар және кең ұығмдарымен таныстыру, құрылыс материалдарымен жұмыс жасай білуге, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға және педагогтің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыру білуге дағдыландыру, ұқыпты жұмыс жасай алуға тәрбиелеу.
| Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеттері |
| Мотивациялық қозғаушылық. | Тәрбиеші балаларды бірінің артынан бірін қатарға тұрғызып, «Пойыз» ойынын ойнатады. Балалардың белсенді қимыл-қозғалыс жасауына назар аударады. | Балалар бірінің белінен бірі ұстап қатармен жүру арқылы екі рет шеңбер жасап айналып келіп, орындарына отырады. |
| Ұйымдастыру іздестіру. | Орындарына отырған соң, тәрбиеші баалардың назарынөзінің алдындағы құрылыс материалдарын аударады. Олардың түстерін, көлемін, пішінін сұрайды. Жіңішке және жалпақ жолақ қағаздарды көрсетіп, түстерін сұрап, бұл-«жол болады»дейді. Ол үшін міне, мына ойыншық құлыншақ ол жолмен қалай жүреді екен, сендер қарап көріңдер,деп өзінің алдындағы жіңішке жолақ қағаздың үстімен жүргізіп көрсетеді. Бір баланы шақырып, екінші жолақ қағазға құлыншақты жүргізіп көрсетуін сұрайды. Енді бұл жолды құрылыс материалдарымен жасап көрейік деп кірпіштерді бірінен кейін бірін тізіп қою арқылы тар жол жасап көрсетеді. (Жіңішке жолақтың үстіне қояды). Үлкен ойыншықты кең жолмен, кіші ойыншықты тар жолмен жүргізуге болатынын балалар өздері ойлануға бағыт береді. | Текшелер, кірпіштер, Қызыл, жасыл, көк Балалар тәрбиеші сұрақтарына жауап береді. Бала жолақтың үстімен құлыншақты жүргізеді Әр бала өзінің қолындағы ойыншығына сәйкес «кең» немесе «тар»жол құрастырады. |
| Рефлексиялық- түзетушілік | Енді екінші кең жол жасау үшін жалпақ кірпіштерді пайдаланамыз. Олүшін бірінші кірпіштерді бірінен кейін бірін тізіп қоямыз. (5 кірпішті) «Тар және кең жолдар»ойыны. Балаларға өздері «тар» және «кең» жолдар құрастыру үшін құрылыс материалдары, құлыншақ ойыншықтарын тәрбиеші таратып береді. Тәрбиеші әр баланың құрастыру іс-әрекетіне көңіл бөліп, өздері қандай жол жасағанын айтып беруді өтінеді. Түсі, пішіні, көлемін және кеңістікте қалай орналастырғанына мән береді. Жақсы жасаған балалардың құрылыстарын мадақтайды. | Балалар құлыншақ жолдың үстімен жүргізіп көреді. Балалар өздерінің алдыларындағы құрылыс матеиалдарынан «тар» жол құрастырады. Құрылыс материалдарынан «кең»жол құрастырады. Олар өздері жасаған жолдарымен құлыншақты жүргізіп ойнайды, жолдың тр немесе кең екенін айтып береді. «Кең», «тар»ұғымдарына сәйкес іс-әрекетті қайталап, өздерінің қандай жол жасағанын айтып береді. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: құрылыс материалдарының түсін, көлемін, пішінін ажырата алуды.
Түсінеді : «кең», «тар» ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алдуы.
Қолданады: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда оны көлемі, пішініне сәйкес кеңістікте дұрыс орнластыра білуге дағдыланады.
«Балбөбек» тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Күні: 27.09.2016ж
Білім беру саласы: «Таным».
Кіші сала: Құрастыру.
Тақырыбы: «Машина».
Мақсаты: Балаларды пішіндермен жұмыс жасауға үйрету, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру, тәрбиешінің ұсынған шарты бойынша пішіндерді дұрыс орналастыра отырып машина құрастыра білуге үйрету
Қостілдік компонент: машина –көлік.
| Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеттері |
| Мотивациялық қозғаушылық. | Тәрбиеші екі түрлі машинаны: жеңіл машина мен автобустың суреттерін көрсетіп, балалардан қандай машина екенін сұрайды. Суреттерді тақтаға іліп, айырмашылығын айтуларын өтінеді. | Балалар жеңіл машина, автобус екенін айтады. «Жеңіл машина кіші, автобус үлкен», -деп жауап береді. Автобусқа көп адамдар отырады. |
| Ұйымдастыру іздестіру. | Пішіндердің түсін, көлемін сұрайды. Енді осыдан қандай машина құрастыруға болатынын көрсетеді. Ойын: «Машинаның дыбысын сал» | Түстер көк, жасыл, сары. Балалар машинаны құрастыруға кіріседі. Балалар тәрбиешімен бірге ойын ойнайды. |
| Рефлексиялық- Түзетушілік | Тәрбиеші балалардан қандай машиналармен танысқанын сұрайды, машиналар қалай қарай жүрді, «алға», «артқа» қарай жүру үшін не істедік? Тәрбиеші балалардың жұмысын мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін аяқтайды. | Балалар құрастырған жұмыстарына мәз болады. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: пішіндердің түстерін, пішінін ұғынады.
Түсінеді : машинаның дыбысын салып, алға- артқа қозғалатынын түсінеді.
Қолданады: пішіндерден машина құрастырады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Тәрбиеші:
Білім беру салалары: Таным
Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Біздің топтың ойыншықтары»
Мақсаты: Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру;
Дамытушылық :Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір-бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу..
Қажетті құрал-жабдықтар: ойыншықтар аю, ұшақ, машина, шар, үлестірмелі материалдар.
Әдіс- тәсілдері: Сұрақ –жауап, әңгімелесу, ойын, сергіту, мадақтау, қорытындылау.
| Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
| Себепті қызығушылығын ояту кезеңі | Шеңбер болып түрып, сүйкімді қуыршаққа тілек айтайық. | Балалар тәрбиешімен бірге қайталап айтады. |
| Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | 1.Әңгіме жүргізу. -Балалар, бізге ойыншықтар елінен де қонақтар келіпті. Бұлар кімдер екен? Е.Өтетілеуұлының «Ойыншықтар» өлеңін оқиды: Аю,қоян,жолбарыс Арыстан мен піл,барыс- Ойыншықтар, тұрыңдар. Ойын-сауық құрыңдар. 2.Ғажайып сәт. Шарға байланған не екен? Өзі әдемі,бәрімізді таңғалдырып тұр. Балалар қараңдаршы шардың өзі де сиқырлы екен. Шардың құпиясын ашу үшін мына тұрған хатты оқиын. «Сәлеметсіңдерме балалар, мен сендерге ойыншықтар елінен көптеген тапсырмалар жібердім. Егер осы тапсырмаларды орындасаңдар, сендерге сыйлықтар беремін». Балалар қараңдаршы қандай әдемі ойыншықтар! -Балалар ойыншықтарды бірнеше түрге бөлеміз: қатты, жұмсақ, резеңке. 3.Сергіту сәті:»Ойыншықтар» 4.Ойын: «Кім жылдам» 5.Ойыншық туралы тақпақ оқу.Ойыншық туралы тақпақ оқып еді, сөмкесі ашылды. Ішінде көптеген ойыншықтар бар.Қандай ойыншықтар бар екенін атайық. | Балалар шарға байланған аюға қарайды. Балаларға ой тастау. Балалар білетін ойыншықтарын атайды. (Машина, доп,қуыршақ, аю) Қайталап айтады. Балалар тәрбиешімен бірге айтады. Балалар өздерінің жақсы көретін ойыншықтарын айтады. -Мен машина жақсы көремін. Балалар қимыл-қозғалыспен тәрбиешімен бірге айтады. Балалар көрсеткен ойыншықтардың атын айтады. |
| Іс-әрекеттің бағалау кезеңі | Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Балалар аюдың сөмкесін қалаған ойыншықтарын алып ойнайды.. | Балалар салған суреттерін тамашалайды. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ойыншықтардың атын,түрін, түсін, көлемін ажырата;
Қандай түсініктерді игерді:Ойыншық туралы білімдерін толықтырып, ойыншықтарды дұрыс қолдана білу дағдыларын;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойыншықтар және олардың неден жасалатыны туралы мәліметтерді;