Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средный группе
Өткізу күні/Дата проведения: 11.11.2019
Тәрбиеші/ Воспитатель: Смағұл П.А
Білім беру саласы/Образовательная область:Таным
Пән/Предмет:Жаратылыстану
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Теңіздер мен мұхиттардың әлемі»
Тақырыбы/Тема: «Теңіздер мен мұхиттар»
Мақсаттары/Цели:
Тәрбиелік - воспитательная:Балаларға теңіздермен мұхиттардың айырмашылығын ажыратуға үйрету. Қайда орналасқаның айту.
Дамытушылық – развивающая: Өз ойларын дұрыс сөйлем құрау арқылы жеткізе алу,тілдің граматикасын сақтауға үйрету.
Оқытушылық - обучающая : Теңіздермен мұхиттар жайлы түсінік беру.
Педегогикалық технологиялар/пед.технолии: Денсаулық технологиясы, ойын әдісі
Ресурстармен қамтамасыз ету /Ресурсное обеспечение: сабаққа байланысты суреттер
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: теніз –море,мұхит-океан
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең/организационный момент:
Тосын Сәт: Тәрбиеші:Балалар сендер саяхатқа барғанды жақсы көресіңдер ме?
Олай болса қай жаққа саяхатқа барар едіңдер? Немен барар едіңдер?
Балалар жауабы.
Тәрбиеші: Ал мен сендерге теңізге саяхатқа шығуға ұсынамын.Теңізге шығу үшін қандай көлікке мінеміз?
Балалар жауабы.
Тәрбиеші: Кемеге мінуге дайынсыңдар ма?
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Теңіздің дауысы. Біршама уақыттан соң теңіздегі кеменің қираған дауысы естіледі, су патшасы -Сүлеймен шығады.
Су патшасы: Кім менің тыныштығымды бұзған? Кім менің патшалығыма келген? Мен теңіздер мен мұхиттар патшасымын! Мыналарды ұстап, теңіз түбіне тастауға бұйырамын! Бұдан былай менің тұтқынымсыңдар, сендерді бақа мен балыққа айналдырып жіберемін. Кәне, тасбақа көмекшім көмектесіп жібер.
Балаларға баскиімдерін кигізіп жібереді.
Тәрбиеші: Су патшасы -Сүлеймен, кешір бізді. Біз теңізді көргіміз келіп еді, сізді ренжіткіміз келген жоқ.
Су патшасы: Егер сіздер су түбінен шыққыңыз келсе, мен қойған тапсырманың бәрін орындауларың керек.
Тәрбиеші: Келісеміз ғой.
Балалар: Ия.
Су патшасы : Мына жерде тұрған екі ракушканы көріп тұрмысыңдар, оның ішіндегі інжуді тез жинап үлгерулерің керек, бірақ менің тасбақам сендерге кедергі жасайды. Сіздерді ұстап алуы мүмкін, абай болыңдар.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: теніз –море,мұхит-океан
Сергіту сәті:
Балық болып жүземіз,
Шынығамыз суда біз!
Шынықсақ біз бәріміз,
Шымыр болып өсеміз!
Су патшасы : Мына жерде тұрған екі ракушканы көріп тұрмысыңдар, оның ішіндегі інжуді тез жинап үлгерулерің керек, бірақ менің тасбақам сендерге кедергі жасайды. Сіздерді ұстап алуы мүмкін, абай болыңдар.
Балалар: Біз дайынбыз!
Тапсырманы орындайды.
Су патшасы: Жарайсыңдар , барлық тапсырманы орындадыңдар, енді сіздерді қайтадан балаларға айналдырайын. Мен сендерге сый ретінде, мына су түбіндегі қазынадан берейін, кемелеріңді қайтарайын.
Тәрбиеші: Рахмет, Су патшасы -Сүлеймен, бізге өте қызықты болды, сау болыңыз!
Кейін оралып келе жатып, сұрақтар қою арқылы қорытынды жүргізіледі. Тәрбиеші: Балалар біздер қайда саяхаттадық? Кімді көрдік? Қандай тапсырмалар орындадық?
Балалар жауабы.
Тәрбиеші: Барлығың да өте батыл екенсіздер! Тамаша балалар!
Біз қайта өз балабақшамызға ораламыз!
Жеке жұмыс: Алина мен Бейбарыстан нан тақырыбына байланысты сұрақтар қоямын?
3.Қорытынды бөлім/итоговая часть:
Балалар, «Су - тіршілік нәрі»!
- Балалар, біз су туралы не білеміз? Су бізге не үшін керек және қандай жағдайда пайдаланамыз?