Просмотр содержимого документа
«"Темекі, насыбайдан аулақ бол"»
| ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ |
| Сабақ № 12 | Мектеп: «№ 60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ |
| Күні: 04.12.2020 |
| Пәні: Тәрбие сағаты | Мұғалімнің аты-жөні: Ажибаева Гульзия |
| Сынып: 9 Д | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| Сабақтың тақырыбы: | Темекі, насыбайдан аулақ бол |
| Мақсаты: | Жасөспірім оқушыларға қоғамға кері әсер ететін зиянды әдеттер туралы толық мағлұматтар бере отырып, олардан бойын аулақтату. Санитарлық-гигиеналық талапқа сай таза жүруге, адамгершілікке және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. |
Сабаққа шолу
Кіріспе. Елбасымыздың халыққа арнаған әрбір жолдауының ел болашағы үшін мәні зор. Соның ішінде денсаулық мәселесін айрықша назарға ұстап, «Қазақстан-2050» стратегиясында «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың кепілі» екендігін алға қойды.Елбасымыз «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты жолдауында нұрлы жол – бұл әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жолындағы ауқымды қадам.
Өркениет жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Халықтың дені сау болып тұрса, мемлекеттің де қадамы нық, келешегі кемел болары сөзсіз. Нұрлы жолға бағыттайтын саламаттылық-саулық кепілі, ал саулық-табысты болашақ болмақ.
Елбасының: «Қазақстан - 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:
1-бағыт: «Темекі шегуді тоқтату»
2-бағыт: «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»
3-бағыт: «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»
Бұлардың қай-қайсысы да адам өміріне зиян екені дәлелдеуді қажет етпейді. Біз осы зиянды заттар туралы тереңінен тоқталайық.
Темекінің шығу тарихы және темекімен күресудің қандай жолдарын білесіздер?
мысалы.Темекімен күресу жолдары:
- Англияда темекі шеккендерді дарға асқан.
- І Петр темекіге салық салу мемлекетке пайдалы деп шешкен.
Бейнебаян тамашалау https://youtu.be/0uQIbmdwwv0
мазмұны бойынша постер қорғау
Ұлы ойшыл Сократқа кезінде ынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, атақ па, даңқ па?» - деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытқа кенелте алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ – деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулық келілі – салауаттылықта ,балалар.
Насыбай құрамы: темекінің жапырағы, тауықтың қиы, әктің суы, қарағаштың шайы, сексеуілдің күлі,-бәрі улы заттар адам ағзасына әсер етеді.
Жасөспірімдер әуелі олар өздерін үлкен санап, мықты жігітпін деп ойлап, сөйтіп насыбай қолданады. Екеуі де никотинге тәуелді. Темекі өкпеге түссе, насыбай ауыз қуысы арқылы қан тамырларына түседі. Насыбай атқандардың 80 пайызы адамдардың ауыз қуысы, асқазанда қатерлі ісіктер пайда болады.
Шығармашылық тапсырма
........................... балаыз
...........................даламыз
........................................
........................... баламыз
«Аяқталмаған сөйлем» тренингі
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен болады бақытты өмір...» атты дәйексөздің адам өмірі үшін қаншалықты маңызды екендігін мағынасын ашып түсіндіру.
Қорытынды. Деніміз сау, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болып, зиянды заттардан бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын қалыптастырайық.
| Үй тапсырмасы |
| мәлімет жинау |
| Сабақтың қорытындысы |
| Нені білдіңіз? Сәтті тұстары Сәтсіз тұстары |