СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тех карта 2 младшая группа Сурет

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тех.карта 2 кіші топ Сурет  Қар жауды жапалақтап 

Просмотр содержимого документа
«Тех карта 2 младшая группа Сурет»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

№ 17 технологиялық картасы


Өткізген: Закетаева А.А

Өткізілген мерзімі: 27.12.18 ж.

Топтың жас ерекшелігі: № 1 ІІ кіші топ

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Сюжеттік сурет салу «Қар жауады жапалақтап».

Мақсаты: Балаларды қарды бейнесін суреттеуге үйрету.

Міндеттері:

БМ: Балаларды қарды бейнесін суреттеуге,суретті қағаз бетіне дұрыс орналастыруды үйрету.

ДМ: Қиялын, шығармашылығын, ойлау қабілетін, тілдерін дамыту.

ТМ: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекі құралдар: қыс мезігілі бейнеленген сурет, үлгі жұмыс, бала саны-на қарай: көгілдір түсті қағаз, қылқаламдар, ақ түсті бояу, су, майлықтар.

Сөздік жұмыс: жапалақтап, қар жауады.

Көптілді компонент: қар – снег-snow, қар жауады – идет снег-snowing.


Қызметтің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Кіріспе әңгіме:

-Балалар, суретке қарап, айналаны, ағаштарды, үйлердің шатырларын не басып қалған айтыңдаршы.

Суретке назар аударады.

Балалардың жауаптары:

-Бәрін қар жауып қалды.

Ұйымдастырушы-лық - ізденістік


-Дұрыс, бәрін қар басып қалған.

Көптілді компонент: қар – снег-snow, қар жауады – идет снег-snowing.

-Қар қандай түсті?

-Қар неменеге ұқсайды?

-Қар туралы тағы не айтуға бола-ды?

-Қар суық болады. Қолға алсақ еріп кетеді.

Үлгі жұмысқа назар аудартады.

-Бүгін біз сендермен жапалақтап (сөздік жұмыс) жауып тұрған қар-ды саламыз.

Сурет салу жолдарың түсіндіру және көрсету.

- Біз суретті көгілдір түсті қағаз-дың бетіне саламыз. Өйткені қар да қағаз да ақ түсті, сондықтан салған суретіміз көріңбей қалады.

- Қарды салғанда үстінен бастап төменге қарай саламыз (көрсету).

Сергіту сәті:

Саусақтарым дем алып,

Қайта сурет салады.

Аяқтарым секіріп,

Қуаттанып қалады.

- Ақ түсті бояуды алып, суретті қылқаламды қағазға біраз басып саламыз (көрсету).

-Жақсы. Енді жұмысқа кірісіңдер.

Балаларға жұмысқа кірісуге ұсы-ныс береді. Балалардың жұмыста-

рың қарастырып, үнемі қадағалап отырады.


-Қар ақ түсті?

-Қар қантқа ұқсайды.

-Суық,жұмсақ, т.б.





Үлгі жұмысқа назар ауда-рады.



Тәрбиешінің іс-әрекетін ба-қылайды.







Тұрып бойларын жазады.

Мәтінге сәйкес іс-әрекеттер жасайды.



Тәрбиешінің іс-әрекетін ба-қылайды.



Өздігінен жұмысқа кіріседі.

Рефлексиялық-

түзетушілік


-Балалар, біз бүгін нені салдық?

-Қарды біз қандай түспен салдық? Неге?

-Жақсы. Енді жапалақтаған қардың салынған суреттерінқарастырайық.

- Біз қарды салдық.

-Қарды ақ бояумен салдық. Өйткені қар ақ түсті.

Тәрбиешінің көмегімен жұ-мыстарын сөреге қойып, қа-растырады және бағалайды.

Күтілген нәтиже:

Біледі: қардың қасиеттері, түсі туралы.

Игереді: қардың түсін, қасиеттері туралы түсініктері.

Меңгереді: жасаған затты үлгі жұмыспен салыстыруды.


Тексерді:

Ескерту:




Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар: