| Сабақ тақырыбы: | Тазалық сақтаймыз. |
| Білімділік: | Тақырып бойынша шағын мәтіндерді құрау арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. |
| Дамытушылық: | Жаңа тақырып бойынша шағын мәтіндерді сипаттау арқылы ақпараттық-танымдық құзіреттілігін дамыту. |
| Тәрбиелік: | Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы жағымды қарым-қатынас құра білуге тәрбиелеу. |
| Сілтеме: | Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы. |
| Жетістік критерийлері: | Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып көлемінде қазақша қарапайым хабарлама жасай алады. |
| Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): мәтіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табады, сөздердің лексикалық мағынасын түсінеді, шағын мәтіндерді тыңдау барысында түсінгенін сурет, сызба және айтылым арқылы көрсете алады. |
| Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сөздерді мағынасына қарай орынды қолданып, сыныптастарымен сұхбат құра алады. |
| Жаңа сөздер: | Сула сыпырушы, сыпыру. |
| Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, плакаттар, маркерлер, желімқағаздар. |
| Оқыту әдістері: | Көрнекілік, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, диалог, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Тірек сөздер» стратегиясы, «Бұл дыбысты айтпа!» ойыны, «Баспалдақ» тәсілі,сергіту жаттығуы. |
| Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. «Қазақ балалар кітапханасы» көптомдығы. |
| Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Шаттық шеңбері» тренингін өткізеді. | Оқушылар «Шаттық шеңбері» тренингінің негізінде сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді. |
| Өткен сабақты тексеру | Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. | Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
| І. Қызығушылықты ояту | Т.Жексенбайдың «Мектеп ауласы» әңгімесін оқып береді. Әңгіме желісі бойынша оқушыларға сұрақтар қояды: | Тыңдалым. Айтылым. Мәтінді тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. |
| ІІ. Мағынаны тану | 1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. |
| | Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады. | Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды. |
| | 2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалым мен оқылымға арналған мәтінді тыңдатады, сөздердің мағынасын түсіндіреді. | Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды, жаңа сөздерді қайталайды. |
| | 3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады. | Оқылым. Жазылым. Тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді жазады. |
| | Ә) Айтылым. Оқулықтағы 2, 4 -тапсырманы орындатады. | Айтылым. Мәтін құрайды, «Бұл дыбысты айтпа!» ойынының шартын орындайды. |
| | 4. Мәнерлеп оқу. Ғ.Өкеевтің «Аула – біздің үйіміз» өлеңін мәнерлеп оқып береді. Оқушыларға өлеңді жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады. Ауламызда ойнаймыз, Ойнап қана қоймаймыз. Жаңа қоныс – жаңа үйді, Әнге бөлеп жинаймыз. | Тыңдалым. Айтылым. Тыңдалым, Айтылым. Тыңдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады, жаттайды. |
| | 5. Сергіту сәті. Мұғалім күнделікті сергіту жаттығуын жасатады. | Мұғаліммен бірге сергіту жаттығуын жасайды. |
| ІІІ. Ой толғаныс | Тірек сөздерді пайдаланып, «Менің аулам қандай?»деген шағын мәтін құрастыруды тапсырады. | Айтылым. Мәтін құрайды. |
| IV. Бекіту | «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады. | Сөйлемдерді оқиды, талдайды. |
| V. Бағалау | Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. | «Баспалдақ» тәсілі бойынша өзін бір- бірін бағалайды. |
| VI. Үйге тапсырма | Оқулықтағы 3-тапсырманы орындау. | |
| VII. Рефлексия | Мұғалім түрлі желімқағаздар таратып береді. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі. |