Просмотр содержимого документа
«Тармақталған алгоритмдерді программалау»
Лабораториялық жұмыс №8
Тақырыбы: Тармақталған алгоритмдерді программалау
Мақсаты: Тармақты алгоритмдердің орындалу ретін блок-схема түрінді сипаттау, шартқа берілген есептердің программалау жолдары, тармақталған алгоритмге берілген есептің программалау қатарын көрсету, If then еlse шарттық операторын қолданып тармақталған алгоритмдерді программалауды үйрету
Теориялық мәлімет: Белгiлi бiр шартты тексеру нәтижесiне байланысты екi түрлi iс-әрекеттiң бiреуi ғана орындалатын жағдайда шарттық оператор қолданылады. Шарттық оператордың жазылу форматы:
Толық түрi: If then
еlse ;
Ең алдымен шарттағы логикалық өрнектiң нәтижесi анықталады. Егер нәтиже ақиқат болса орындалады, ал нәтиже жалған болса орындалады.
Қысқаша түрi: Шарттық операторда шарт орындалмаған жағдайда еш нәрсе орындау қажет болмаса, else тармағын жазбауға болады:
If then ;
Тармақты алгоритмдердің орындалу реті блок-схемада анық көрінеді.
Мысал
функциясының мәнін есептейтін программа құру.
Program esep2_2;
Var {айнымалыларды сипаттау бөлімі}
x: Integer; {х – бүтін сан}
А: real; {А нәтиже – нақты сан}
BEGIN {программа басы}3
Write( 'x = '); { x санын енгізу туралы ақпаратты экранға шығару }
ReadLn (x) ; { x – ті енгіземіз}
If (x
{ егер х саны (-1)- ден кіші болса, А= функциясы орындалады}
Else A:= 3* sqrt(x+1); {әйтпесе (х-1 болса), А= функциясы орындалады }
WriteLn('A =', A:5:3); {нәтижені экранға шығарамыз}
END. {программа соңы}
+ -
Деңгейлік тапсырмалар:
1 деңгей
Берілген Х,У мәндерінің х-қа үлкенін, ал у-ке кіші мәнін бөліп беретіндей программа құру
2 деңгей
х,у (х≠у) сандары берілген. Олардың кішісін қосындының орта шамасымен, ал үлкенін – екі еселенген көбейтіндімен алмастырыңыз.
3 деңгей
Кез келген 3 бүтін сан берілген: X, Y және Z. Осы сандарды кему реті бойынша орналастыратын программа құру қажет.
Зертханалық жұмыстың орындалуы бойынша қосымша тапсырмалар:
1. Берілген Х,У мәндерінің х-қа кішісін, ал у-ке үлкен мәнін бөліп беретіндей етіп өзгертіңіз
2. х,у (х≠у) сандары берілген. Олардың кішісінің квадратын , ал үлкенін – кубын табатындай етіп алмастырыңыз
3. х,у (х=у) сандары берілген. Олардың кішісінің квадратын , ал үлкенін – кубын табатындай етіп алмастырыңыз