Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу- кызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні/Дата проведения: 4 казан 2019 жылы
Тәрбиеші/Воспитатель: Аллаярова Калима Ахметкалиевна
Білім беру саласы/Образовательная область: Денсаулық
Пән/Предмет: Дене шынықтыру
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Табиғаттағы жанды,жансыз»
Тақырыбы/тема: «Бір қатарда жүру және жүгіру».
Мақсаты/Цели: Тапсырманы орындай отырып, сапта бір-біреуден жүру және жүгіру. Қос аяқпен басты затқа тигізіп секіру. Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен жүру.
Окыту/обучающая: Алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіруді қайталау, еңіс тақта бойымен тепе- теңдікті сақтап жүру дағдыларын бекіту.
Тәрбиелік: Дене шынықтыру мен жүйелі шұғылдануға тұрақты қызығушьлық пен қажеттілікті, адалдық, батылдық, ұжымшылдық тәрбиелеу
Сөздік жұмыс:
Билингвалдық компонент: Қаршықтар-снежки, алаң-площадка
Ресурстармен камтамасыз/ Ресурсное обеспечение: Музыка,ысқырғыш,қаршықтар,себет,шеңбер,еңіс тақтай.
1.Мотивациялық кезеңі.
Балалар спорт залға кіреді, нұсқаушы балаларды бір қатарға тұрғызады, олармен амандасады.
Қауіпсіздік ережесін айту
2.Негізі бөлімі/основная
Залды айнала бір бірінің артынан жүргізеді. Басты тік, арқаларын түзу ұстап жүруін қадағалайды.Шеңберге тұрғызады
ЖДЖ қаршықпен өткізеді.
- Жаттығулары.
Секіртпемен жаттығулар
Б.қ..: негізгі тұрыс. Екі бүктелген секіртпені жоғары көтеру, иықтың артына түсіру, қайтадан көтеру және төмен түсіру. 7-8 рет қайталау.
Б.қ. аяқ алмақ қойылған, секіртпе екі қолда. Тізеде бүгілген оң (сол) аяқты көтеріп, кеудеге тарту. Бастапқы қалыпқа қайта оралу. Әр аяқпен 4-5 рет қайталау.
Б.қ.: Аяқтары сәл алмақ қойылған, секіртпе бір қолда. Екігі бүктелген секіртпені бір жағында айналдыру, келесі қолмен айналдыру.
Б.қ.: Аяқтары сәл алмақ қойылған, секіртпелер нықтың артында. Алға еңкею, секіртпені жоғары көтеру, түзелу, секіртпені нықтың артына ұстау. 7-8 рет қайталау.
Орында тұрып, екі аяқпен секіртпе арқылы секіру.
Аяқтың ұшына көтеріліп, секірпені жоғары көтеру. Секірпені түсіру, табанға тұру 5-6 рет қайталау.
Алға жылжи отыра, секіртпеден секіру жеңіл, аяқтың үшімен секіру, аяқты шамалы бүгу.
Сапта бір-бірден жүру, секіртпені қою, екі тұру
Залды айнала бір бірінің артынан жүргізеді. Басты тік, арқаларын түзу ұстап жүруін қадағалайды.Сапта бір-бірлеп жүру және жүгіру. Бір-бірінен 1,5–2 метр арақашықтықта отыру, аяқты алшақ ұстаған қалпында допты домалату. Қауіпсіздік ережесін қайталап айту.Балалар колоннаға бір-бірден тұрады (бір-бірімен қол ұстаспай). Біріншісі — паровоз да, қалғандары— вагондар. Нұсқаушы сигнал береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балалар жүгіруге айналады. «Поезд станцияға жақындап келеді»,— дейді нұсқаушы.Балалар жүрісті бірте-бірте баяулатады да, поезд тоқтайды. Балалар серуендеуге шығады; олар жан-жаққа тарап, гүлддер, жеміс, саңырауқұлақ, бүршік тереді. Сигналды ести сала олар қайтадан қатарға тұрады да, поездың қозғалысы жаңадан басталады
Оқыту: Тізені жоғары көтеріп жүру, аяқтың ұшымен жүгіруді, допты қақпадан асыра лақтыруды үйрету.
Ойың
- К.О «Ит пен кояндар»
3.Қорытынды: Бір қатарға тұрғызады. Дем алатын жаттығуды жасатады. Балаларға шар үйреуді ұсынады.Жарайсындар бүгінгі сабақ еңбектеуді үйрендік, солай ма? Жарайсындар, барлық жатығуларды дурыс жасадыңдар. Балалар бәріміз тату болайық, қол ұстасып жүрейік.