СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Таным белестері

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

    Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

    Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

   Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

    Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

     Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Просмотр содержимого документа
«Таным белестері»

Бекітемін:_________________

Мектеп директорының оқу ісі

жөніндегі орынбасары Г.Әшірова





Мектеп: Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебі

Мерзiмі:05.09.2017ж    №  1  Тақырып:  Таным белестері

Құндылық: Дұрыс әрекет,ішкі тыныштық.Қасиеттер: Адалдық,мейірімділік,кең пейілділік

Мұғалiм: Нұрланқызы Гүлназ  Сынып:  10 «а», «б»     


Сабақ мақсаты: Оқушылардың бойында адам туралы, оның дүниетанымдық көзқарасы туралы, ішкі тыныштық сақтауды қалыптастыру отырып, оларға өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі дамыту және бағалай білу туралы түсінік беру.

  Міндеттері:

- оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін ұғындыру.

- оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін дамыту

- оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстаным, өзіне-өзі сенімділік, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерін екендігін ұғындыру.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, дәптер, күнделік, слайд

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті.    Нұрға бөлену

  Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.  


Үй тапсырмасын тексеру

«Жаз» тақырыбына әңгімелесу

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі. Өзін-өзі қалай тануға болады? Борышыңды өтей бастаған сәттен бастап-ақ, өзіңді тани аласың.Иоганн Гете

  1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Өзін-өзі қалай тануға болады?


Әңгімелесу.

  1. Жазғы демалысты қалай өткіздіңіздер?

  2. Демалыс күндкрі қандай пайдалы іс жасадыңызжар?

  3. Өзін-өзі тану үшін адам не істеу керек деп ойлайсыздар?

 

  1. Мәтінмен жұмыс

Н.Р.Күнхожаевтың «Өмірлік бағыт» атты мақаласы

Адамда саналы түрде қалыптасқан өмірлік бағыт оның әлемді, өмірді, өзін-өзі тұтас түсінуіне байланысты. Өмірлік бағыт адамның іс-әрекетінен, өмірге берген бағасынан көрінеді. Адамның өмірлік бағытының негізгі сипаты – оның белсенділік дәрежесі. Өзін-өзі тануда, өзін-өзін жетілдіруде, өмірде және қоғамда өзорныңды табуда әркімнің белсенділігі алға шығады. Жақсылық үшін, адам игілігі үшін жасалған белсенділік маңызды деп саналады.

Адамның өмірлік бағыты оның өмір бейнесінен көрінеді. Адамдардың өмір бейнесі, салты олар өмір сүріп отырған қоғамның материалдық, рухани және мәдени дәрежесімен анықталады. Сондықтан аадм өмірінің көп жағдайы өмірдің бағытына байланысты. Әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті. Ол үшін мына ережелерді басшылыққа алсаңдар дұрыс болады:

  • Өмірде қандай жақсылық болса, соны көре біліңдер;

  • Өмірде кездесетін ұсақтыққа назар аудармаңдар;

  • Өмірдің ең құнды жақтарын алуға тырысыңдар;

  • Адамның әлсіздігіне шыдамдылықпен қараңыз;

  • Ондай жағдай сіздің де өміріңізде кездесуі мүмкін;

  • Өмірде жақсылық та, жамандық та болады, сондықтан оның жақсылығына рақаттаныңыз, алыңыз, ал жамандығына ренжімеңіз.

Сөйтіп, өмірлік бағыт дегеніміз әркімнің өз өмірлік жолын таңдауға әкеледі.

Мәтін бойынша сұрақтар:

  1. Мәтін не туралы?

  2. Адамға өмірлік бағыт не үшін керек деп ойлайсыңдар?

  1. Сіз өмірлік жолыңызды қалай таңдар едіңіз?.

 

  1. Шығармашылық  жұмыс, топтық жұмыс.

 Төменде берілген ой-тұжырымды жалғастырыңыздар.

  • Біздің танымымыз артқан сайын орындайтын міндетіміз де көбейе береді.

 

  1. Топпен ән айту.

  «Өміріңе немқұрайлы қарама» Дәрібаевтар




 

  1. Үй тапсырмасы.

№2 сабақ

Б.Әлжақсыұлының «Тоғыз жауың тағы бар...» өлеңін оқу


 

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

          Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!