СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Такырыбы: Шаршы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жана жылдық мерекеге дайындық ретінде қағаздан шыршаны қиып, бүктеп жасаи білуге үйрету, қағазбен жумыс жасау дағдырларын қалыптастыру.

Просмотр содержимого документа
«Такырыбы: Шаршы»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

№ 9 технологиялық картасы


Өткізген: Закетаева А.А.

Өткізу мерзімі: 25.12.18 ж.

Топтың жас ерекшелігі: № 1 ІІ кіші топ

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Құрастыру»

Тақырыбы: «Шырша»

Мақсаты: Жаңа жылдық мерекеге дайындық ретінде қағаздан шыршаны қиып, бүктеп жасай білуге үйрету, қағазбен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері: Қағаздан құрастыру дағдыларының қалыптасуы.

БМ: Жандары мен бұрыштарын қиыстырып, шаршы пішінді қағаз парағын бүктеуге үйрету.

ДМ: Конструктивтік ойлау қабілет-терін, тапқырлықтарын дамыту.

ТМ: Табиғатқа сүйіспеншілікпен, ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Қолданатын құралдар: жасыл, қоңыр түсті қағаз, желім, қылқалам және үлгі көрнекіліктер.

Сөздік жұмыс: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Көптілдік компонент: шырша-елка-fir-tree, ойыншық-игрушка- a toy.


Қызметтің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық



Жаңа жыл мерекесі жақындап қалғанын ескертіп, жасыл шырша жанында ән салып, би билейтіндерін, жаңа жылдың көркі, сәні жасыл шыршаны біз бүгін қағаздан қиып жасаймыз деп, шырша туралы тақпақ оқып береді.Үлгіге талдау жасайды.

Балалар суретке назар аударады, құрылыс материалдар түстерін, пішінін айтып береді. Ойында тәрбиеші көрсеткен ұсақ ойыншықтарды салыстырмалы түрде қайсысы биік, қайсысы аласа екенін айтады

қайталайды

Ұйымдастырушылық– ізденістік



Жасыл түсті қиылған шырша қағаздардың бірнешеуін балаларға таратып береді, оны диагоналы бойынша

үш бұрыштап бүктеуді көрсетеді, бірнеше үшбұрыш жасауды ұсынады. Қоңыр түсті қағазды алып оны ортасынан бүктеп көрсетеді ол шыршаның діңі болады. Енді осы үшбұрыштарды бір-біріне үшбұрыштың төбесіне желім жағу арқылы жапсырамыз. Желімдеуге көмектесеу. Үшбұрышты бүктеуді дұрыс болуын, саусақтармен бүктеу сызығын бастырып, тегістеу керектігін көрсетеді. Балалар жұмыстарына бақылау мен басшылық жасалады. Жұмысты аяқтаған балалар оның айналасына ұсақ суреттер немесе ойыншықтар қойып, ойын ойнаумен жалғасады. Өздері білетін шырша туралы өлең, тақпақтар айтып береді.

Көптілдік компонент: шырша-елка-fir-tree, ойыншық-игрушка- a toy.

Балалар жасыл түсті қағазды бүктеп үшбұрыш жасайды, бірнеше үшбұрыштарды бір-біріне желімдейді. Қоңыр түсті қағаздан оның діңін жасап, оны орналастырады. Шырша әдемі болу үшін оны безендіреді, алдын ала қиып дайындалған түрлі түсті дөңгелектерден шырша ойыншықтарын іледі.

Рефлексиялық -

түзетушілік



Қағазбен жұмыс жасаудағы балалар іс-әрекетін қорытындылап, жақсы жасалғандарын атап өтіп, шыршалардың дұрыс жасалғандарын бағалайды, кейбір жұмыстарға жеке көмек көрсетіледі.

Балалар өздері қандай шырша жасағандарын айтып береді


Күтілген нәтиже:

Біледі: қағаздан жұмыс жасауда оның түсін, көлемін, пішінін ажырата алуды және оны бүктеу арқылы үшбұрыш жасауды;

Игереді: қарама-қарсы бұрыштарын теңестіріп бүктеу ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;

Меңгереді: қағаздан ұқыпты жұмыс жасауға және оны кеңістікте дұрыс орналастыруды.




Тексерді:

Ескерту:




Педагогикалық қолдауға мұқтаж болған балалар: