1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тақпақ жаттау:
Қыстың күні көнілді,
Көп қызықты көреміз.
Шығып алып далаға,
Сырғанақты тебеміз.
,кәзір Балалар жылдың қай мезгілі?Қыс мезгілінде ауа-райында өзгерістер қандай болады?Қыс мезгілінде адамдар қалай киінеді?Қыс мезгілінде неше ай бар?
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы:"Қыс қызығы"»
Кіші жас «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Алақай, қыс келді!»
Тақырыбы: : Қыс қызығы
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшан жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Қоршаған ортамен танысу арқылы баланың ой – өрісін дамыту.
Оқыту: Жапалақтап жауып тұрған қар ұлпаларының суретін түтікше арқылы үрлей отырып, бейнелеуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Қыс туралы түсінік беру.Қыстың адамзат үшін қандай пайдасы.Сурет салу технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Сурет салуға арналған қағаз,сүлгі,гуашь , «Қыс қызығы»тақырыбына үлгі суреттер.Түтікше.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тақпақ жаттау:
Қыстың күні көнілді,
Көп қызықты көреміз.
Шығып алып далаға,
Сырғанақты тебеміз.
,кәзір Балалар жылдың қай мезгілі?Қыс мезгілінде ауа-райында өзгерістер қандай болады?Қыс мезгілінде адамдар қалай киінеді?Қыс мезгілінде неше ай бар?
2.Негізгі бөлімі:
Балалар біз сурет саламыз жапалақтап жауып тұрған қар ұлпаларын.
Көк түсті қағазды алып ,ақ түсті гуащь бояуына қылқаламды батырып ,көк түсті қағазға тамызып ,бояуды түтікшемен үрлеп ,қар ұлпасының суретін бейнелейді .
Балалар тәрбиешінің көмегі арқылы күннің суретін салады.
Сергіту сәті:
Саусақтарым тұрыңдар ,
Сапты бірге құрындар,
Желмен бірге майысып,
Оңға,солға бұрындар.
3.Қорытынды:
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтап,мадақтау.