Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Қарға"»
Ересек топтарға арналған «Түрлі-түсті бояулар» вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні :
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Өтпелі тақырып: "Қазақстанның Қыстайтын құстар»
Тақырыбы: "Қарға"
Мақсаты:
Тәрбиешілік:
Саусақпен түрту арқылы құс бейнесін салуды үйрету.Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Балалардың ойлау қабылетін дамыту.
Оқыту:
Құстарды ажырата білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: коммуникативті-ақпараттық технологиясы, ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы, жеке тұлганы дамыту технологиясы.
триз әдісі.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Үлгі сурет,бояу,су ыдысы,қол орамал
Билингвалдық компонент: құс -птица, қарға -ворона
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Көркем сөз: Қарға,қарға,қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қар болар,
Бұтаға қонар қарғалар.
2. Негізгі бөлім:
Қыстап қалатын құстарды сұрай,аттарын айту.Құстардың бөліктеріне тоқталу
Саусақпен жұмыс істеу үлгісі:
-Құстың бейнесі салынған сурет алынады.
-Қара бояу ыдысқа езіліп дайындалады
-Саусақты бояуға батырып алып суреттегі құсты түрту арқылы бейнелеу.
-Құстың көзін қоңыр түспен жасау
(үлгі суретті көрсету)
Сергіту сәті:
Кәне қанат жазайық,
Құстарға ұқсайық.
Ұшып,ұшып алайық,
Қайта жерге қонайық.
Балалар орындарына отырып жұмыс жасауға кіріседі.
Дидактикалық ойын:
«Ненің басы?», «Ненің аяғы?»
Ойынның мақсаты:
Әр құстың дене бөлігін сағат тілшегі арқылы дұрыс таба білу.
Ойынның мазмұны:
Дөңгелектенген қағаз бетіндегі құстардың басы мен аяғының суреттері бойынша сағат тілшегі арқылы сәйкестендіреді(торғай,сауысқан қарға)
3. Қорытынды:
Балалардың жұмыстарын бағлау,мақтап.