СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: «Қ» дыбысы мен әрпі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: «Коммуникация.»

Пән: «Сауат ашу»

Өтпелі тақырып: «Қардың пайдасы.»

 Тақырыбы: «Қ» дыбысы мен әрпі.

Мақсаттары: 1.Тәрбиелік: Буындарды,қысқа сөздерді оқуға тілдерін дамыту,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Тіл ұстарту жаттығуы арқылы тілдерін дамыту. Дидақтикалық ойындар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Оқыту: «Қ» дыбысы мен әрпін таныстыру ,сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу, АКТ.

Ресурстармен қамтамасыз ету: қолайна, жұмыс дәптері, әріп қималары.

Көптілділік: киіз үй-юрта, ою-өрнектер-национальный орнамент.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Қ» дыбысы мен әрпі.»

Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Білім беру саласы: «Коммуникация.»

Пән: «Сауат ашу»

Өтпелі тақырып: «Қардың пайдасы.»

Тақырыбы: «Қ» дыбысы мен әрпі.

Мақсаттары: 1.Тәрбиелік: Буындарды,қысқа сөздерді оқуға тілдерін дамыту,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Тіл ұстарту жаттығуы арқылы тілдерін дамыту. Дидақтикалық ойындар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Оқыту: «Қ» дыбысы мен әрпін таныстыру ,сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу, АКТ.

Ресурстармен қамтамасыз ету: қолайна, жұмыс дәптері, әріп қималары.

Көптілділік: киіз үй-юрта, ою-өрнектер-национальный орнамент.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезеңі:

Педагог топтағы үстел үстіне ұлттық бұйымдарды әкеліп қояды.

2. Негізгі бөлім:

- Балалар, сендер не көріп отырсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар. Мұның бәрі – қазақтың ұлттық бұйымдары.

- Мына киіз үй неден жасалған?

- Ал мынау не?

- Сырмақ неден жасалған?

- Балалар, мына сырмақ қандай оо-өрнектермен әшекейленген?

- Сырмақты, киіз үйді қойдың жүнінен жасайды. Сырмақтың бетін неше түрлі ою-өрнектермен әшекейлейді.

- Балалар, біз қазақтың халқының ою-өрнектермен, сырмақпен таныстық.

Сырмақ – өрнектелген төсеніш.

- Сендер айтқан оюлардың бәріде «қ» дыбысынан басталды.

- Балалар, бүгін біз «қ» дыбысымен және әрпімен танысамыз. Дыбысты біз естиміз, ал әріпті көзімізбен көреміз. Мысалы: қолымызды шапалақтасақ, үстел үстін ұрсақ, дыбыстар естіледі. Ал әріптерді қолымызбен жазамыз және көзімізбен көреміз.

- Қане, бәріміз «қ» деп қолайнамызға қарап айтайық. «Қ» дыбысының дұрыс артикуляциясы мынадай: ерін ашылып, тілдің ұшы астыңғы тістің түбіне тиеді. Міне, осыдан «қ» дыбысы жасалады.

- «Қ» - дауыссыз дыбыс. Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

- Енді өздерің «қ» дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтындар.

- Дұрыс айтасыңдар. Мен бір өлең шумағын оқимын, қай сөзде «қ» дыбысы бар екенін еске сақтап отырыңдар.

Құлыншағым – құндызым,

Құлдырайды, шабады,

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

(І. Жаңсүгіров)

Сергіту сәтін ойын арқылы өткізуге болады.

«Жасыл қияр» ойыныБалалар шеңбер бойымын жүреді. Ортада бір бала тышқан болып отырады. Балалар өлең жолдарын айтады:

Қияр, қияр, қиярлар,

Алысқа кетіп қалмаңдар.

Ұйықтап жатыр дәу тышқан,

Оятып енді алмаңдар!


Оянған тышқан балаларды қуып ұстайды, ұсталған бала «тышқан» болады.

- Балалар, міне - «қ» әрпінің баспа және жазба түрі. Осы әріпті ауада жазып көрейік.

- Осы «қ» әрпіне өзіміз өткен әріптерді қосып, қысқа сөздер жазайық.

Педагог әріп қималарымен тақтаға сөздер жазғызады. Сол сияқты басқа сөздерге де дыбыстық талдау жасауға педагог көмектеседі.

- «Қар» сөзі неше дыбыстан тұрады?

- Неше буын?

- Неше дауысты дыбыс бар?

Қызыл, көк түстерді қою арқылы талдау жасатады.

Педагог көмегімен буындарды оқу. Қысқа буындарды оқыту.

«Ойлан тап!» дидактикалық ойнын ойнатуға болады.

Ойын шарты: педагог жұмбақ жасырады, балалар жұмбақтың жауабын тауып, сөйлем құрайды.

Дәптермен жұмыс: дәптердегі № 15 тапсырма орындалады.

Жеке жұмыс жүргізеді.

3. Қорытынды:

- Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

- «Қ» дыбысы қандай дыбыс?

- Қандай сөздерде дыбыстық талдау жасадық?