СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы:Бір үзім нан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды адал еңбек етуге ,нанды қастерлеп құрметтуге үйретеді.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы:Бір үзім нан»

Ересек тобындағы ұйымдастырылған

оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: «Ас атасы нан»

Тақырыбы: Бір үзім нан

Мақсаттары:

- Тәрбиелік: : Балаларды адал еңбек етуге, нанды қастерлеп құрметтеуге,  адам еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

- Дамытушылық: : Нан туралы түсініктерін тереңдету

- Оқыту: Нанның адамның еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Еңбекті бағалап, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі -Балалар, мына суреттен нанның қандай түрлерін көріп тұрсыңдар? Атап беріңдер.

-Нанды неден пісіреді?

  • Ұнды қалай жасайды? (Балалардың жауаптары тыңдалады).

  • Мынау - бидай масағы, сабағы, мұртшалары. Егер бидайдың қауызын аршитын болсақ, ішінен бидайдың дәні шығады. Бидайды ұнтақтаса, ұн болады. Наубайханада осы аппақ ұнға тұз, су, ашытқы араластырып, қамыр илеп, нан пісіреді.

ІІ. Негізгі бөлім

Сөздік жұмысын жүргізу.

Оқу іс-әрекетінің барысында танысатын наубайхана, наубайшы, диірмен, комбайн сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Наубайхана - нан пісіретін, нан жабатын орын.

Наубайшы - наубайханада нан пісіретін адам.

Диірмен - дәнді дақылдарды тартып, ұн шығаратын кәсіпорын.

Комбайн - әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған машина.

Жұмбақ шешу.

Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды. (Егін)

  • Балалар, диқан сөзін қалай түсінесіңдер?

  • Диқан - егін шаруашылығымен айналысатын адам.

-Диқан көктемде егістікке егін - бидай, қарабидай, арпа, жүгері, сұлы, т.б. егеді. Оны жаздай күтіп-баптайды. Күзде егіс даласында бидайды комбайнмен орады, жинайды, бастырады. Жүк машинасымен тасиды. Қырманға әкеліп, тазалап, кептіреді. Сонан соң элеваторға жібереді. Элеватор - бидай сақтайтын қойма, онда бидайды көп жылдар бойы сақтауғаболады, Одан диірменге жібереді. Диірменшілер ұн тартады. (Элеватор, диірменнің суреттері көрсетіледі). Ұнды наубайхана жөнелтеді. Наубайханада наубайшылар әртүрлі нан пісіреді. Ыстық нан, үн дүкендерге түседі. Дүкеннен нанды, ұнды сатып аламыз. Анамыз ұннан бауырсақ, шелпек, нан, тоқаш, т.б. пісіреді.

Сергіту сәтін өткізу.

Жайқалады ақ бидай, (Қолдарын жоғары көтеріп тербеледі).

Басын иіп аққудай. (Бастарын иеді).

Трактор мен комбайн (Қолдарын алға созып, тракторды жүргізеді).

Жүргізуге мен дайын. (Қолдарын айналдыра комбайнды жүргізеді).

Бір үзім нанертегісін оқу.

Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті. Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге: – Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді. - Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, – деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды. – Алтынымның жартысын берейін, – дейді ол бұл жолы. – Жоқ, бере алмаймын, – деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.

ІІІ. Қорытынды.

-Біз бүгін қандай ертегімен таныстық?

-бай өзімен бірге не алды?

-Кедей өзімен бірге неалды?

-Нан алтыннан қымбат па?











© 2019, 1955 1