| Мотивациялық – қозғаушылық | Шаттық шеңбер ұйымдастыру: Армысың, ардақты Аспан ата! Армысың, мейірімді Жер ана! Армысың, шұғылалы алтын күн! Күліп шықты күн бүгін. | Балалар шеңбер бойында тұрып бір – біріне жылы тілектерін білдірді. |
| Ұйымдастырушы-лық-ізденістік | Жұмбақ шешу: Тілі былдыр, үні сылдыр. Ол не? (жаңбыр) Өлең оқу: Алатаудың бауырында,атам-әжем ауылында,ақша бұлтар, ауа берші, Жау-жау, жаңбыр, жауа берші. Әңгімелесу: Балаларға күзгі жаңбыр туралы әңгімелесу. -Балалар, бүгін біз суық түстерді қолдану арқылы күзгі жаңбырдың суретін саламыз. Балаларға салу жолын көрсетіп, түсіндіру. Сергіту сәті: Бала, бала, балақан, Қане, қайсы алақан. Саусақтарын әйбат, Былай, былай ойнат.. Қимылды ойын: «Кім жылдам» | Зейін салып тыңдайды, өлең шумағы не туралы айтылғаны айтады, қойылған сұрақтарға толық жауап береді. Балалар мұқият тыңдап, алдарында тұрған ақ қағаздың бетіне суреттерін салады. Сергіту сәтін қимылмен орындайды. Қимылды ойынды қызығушылықпен ойнайды. |
| Рефлексиялық-реттеушілік | Балалардың жасаған жұмыстарына көрме ұйымдастырып, бағалау. Балаларды мақтап, мадақтау. | Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап берді. |