Тақырыбы: Түстер әлемі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: бояулармен, оларға тән қасиеттермен таныстыру; қылқаламмен дұрыс жұмыс істеу, бояу тақтаны дұрыс пайдалану дағдыларына баулу; сурет салуға құштарлықтарын арттыру; сызықтар, сүйкей жағу ұғымдарын түсіндіру.
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Түстер әлемі.»
1-сабақ. Тақырыбы: Түстер әлемі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: бояулармен, оларға тән қасиеттермен таныстыру; қылқаламмен дұрыс жұмыс істеу, бояу тақтаны дұрыс пайдалану дағдыларына баулу; сурет салуға құштарлықтарын арттыру; сызықтар, сүйкей жағу ұғымдарын түсіндіру. Қажетті құралдар мен материалдар: Бояу қарындашпен орындалған суреттер; қағаз, бояу тақта, тұрлі қылқаламдар, гуашь, акварель бояу, су құйылған ыдыс, қол орамал.
балалар үшін: қағаз, жұмыс дөптері, жай және түрлі - түсті қарындаштар, акварель бояу, гуашь, қылқаламдар, су құйылған ыдыс, қол орамал. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. 1.Кіріспе әңгіме: Балаларға ерте кезде адамдардың суретті жерге, тастарға салғандығы туралы айту. Оларда құралдар, бояулар болмаған, бертін келе бояу ретінде саз балшықты жағып, тастарға сурет салып көрген. Кейінірек шөптің бояуы шығатынын байқап, оларды бояу орнына қолданды. Қылқаламның орнына саусақтарымен жұмыс жасаған. Сосын құстың қанатын пайдаланды. Қарындаш жоқ болғандықтан, бор немесе қорғасынмен сызды. Кейінірек түрлі түсті қарындашты, акварель бояуларды алуан түрлі тұс беретін қоспалар қосып, дайындай бастады. Сурет, сиқырлы бояулар туралы өлеңдер оқып беріп, балалардың сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Әртүрлі материалдармен сурет салу тәсілдерін көрсетіп, қылқаламмен, қарындашпен дұрыс жұмыс жасау ережесін түсіндіру. 2.Өзіндік жұмыс: балалар акварель бояу, гуашь, түрлі түсті қарындаштардың қасиетін анықтау үшін өз беттерінше тәжірибе жасап көреді. Балалар бояулардың қасиеттерін анықтайды: акварель бояу ағады, тез ериді, мөлдір; гуашь қалың жағылады, қою; түрлі түсті қарындаштар жұмсақ, ашық түсті, сызық түрінде түседі. 3.Түсіндіру: жұмыстың орындалу барысын түсіндіру. Балалар жұмыс дәптерлерінде сызықтар мен геометриялық материалдарды түрлі бояулармен (акварель, гуашь, түрлі түсті қарындаштар) орындап жаттығады. Балалардың жұмыстарын қадағалап, іс-әрекет барысында қиналған балаларға көмек қолын созып, бағыт-бағдар беріп отыру керек. Оқу іс-әрекетін қорыту. Орындалған, аяқталған жұмыстарды бағалап, талдау жасауды балалармен бірге жүргізу. Талдау барысында ең жақсы, сапалы орындалған суреттерді үлгі ретінде тақтаға іліп, балалардың еңбектерін бағалау, мадақтау.