Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в среней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 13.02.2018
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық
Пән / Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Табиғат әлемі
Тақырыбы / Тема: "Қысқы табиғаттағы шыршалар"
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная: Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерге тәрбиеле
2.Дамытушылық – развивающая : Алыс және жақын орналасқан шыршалардың бейнесін салуды үйретуге машықтандыру.
3. Оқыту – обучающая : Қырау жапқан әртүрлі ағаштардың суретін салуға үйрету, аралас техникамен жұмыс істеуге баулу, түрлі бейнелеу құралдарымен жұмыс істеу.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, ақ қағаз, жай қарындаш, гуашь бояу, қылқалам.
Билингвалдық компонент : Қар –снег, аяз -мороз.шырша-елка
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
Жұмбақ жасыру.
Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келеді. Тауып көріңдерші.
Тікен, тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте. (шырша)
2.Негізгі бөлім
Суретпен жұмыс.
Балалар мына суреттен не көріп тұрсыңдар?
- Шыршалар, орман іші, айнала аппақ қар.
- Шырша бұтақтарын қар басқан. Шырша-лардың бәрі ақ тон, ақ қалпақ киіп алғандай.
- Шырша ағашы қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды.
-Балалар, шырша ағашын үш тілде айтып көрейікші.
Шырша-ёлка-christmas tree
- Балалар, шырша, сондай көрікті ағаш, алып ағаш.
- Шырша қайда өседі? Дұрыс, көбіне орманда.
Ал, орман қайда орналасқан? Дұрыс, сырт жақта, тау бөктерінде.
-Шырша ағашын қартайған кезде ғана кесіп алуға болады. Өйткені, ағаш та қартайған кезде ауырады екен. Ауырған ағаш сынып кетсе айналадағыларына қандай зиян әкеледі, сол үшін шеберлер қартайған ағашты кесіп, неше түрлі бұйымдар, ағаш тостаған, қасықтар, бесік, есік, сөрелер жасайды екен.Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы да керемет екен.
Балалар қыс мезгілі, шыршалар туралы тақпақтар білеміз бе?
Қыста да, жазда, күзде де
Тұрады жасыл түске еніп.
Шипасы мол шыршаның,
Тыңайтар бізге күш беріп.(Ерасыл)
Рахмет, балалар! Өте жақсы айттыңдар.
Қимылды ойын: ( Сергіту сәті)
«Шырша, бүршік, қоян»
Шарты: «шырша» дегенде қолды екі жаққа созу, «бүршік» дегенде отыра қалу, «қоян» дегенде секіру керек.
Балалар сурет салғанды ұнатамыз ба?
Ендеше бүгін «Қар жамылған шырша» бейнесін саламыз.
Жұмыс барысы үлгіге қарап түсіндіріледі:
1-топ.Қағазды аламыз. Оны ортасынан екіге бүктейміз. Сонан соң жартылай шыршаның суреті салынған жерді жасыл түсті гуашьпен бояймыз. Бояп болған соң, бүктелген қағазды бір-біріне қосамыз. Енді ашамыз. Шыршаның бейнесі шықты ма?
Шыршаның бейнесі шықса, қарды тіс пастасының көмегімен мақталы таяқшаларды пайдаланып, салынған шыршамыздың жиектеріне жағамыз. Қалған тіс пастасын қар жауып түрғандай етіп әр жерден саламыз.
2-топ. Алдарыңызда сәбізден, картоптан дайындалған пішіндер тұр, Сол пішіндерді ретімен гуашь бояуына батырып, қағаз бетіне басып шыршаның бейнесін жасаймыз. Жасап болсақ, құрғақ қылқаламды бояуға батырып, шыршаның жиегіне жағамыз. Саусақтарын пайдаланып, қар жауып тұрған бейнені жасауға болады. Сонда біздің қар басқан шыршамыз дайын болады.
Балалар суретті салуға кіріседі. (музыка ойнап тұрады) Жасап болған балалар қолдарын сүртіп, әдемі салынған суреттердің арасынан кімнің суреті әдемі шыққанын қарайды.
3.Қортынды
Билингвалдық компонент : Қар –снег, аяз -мороз.шырша-елка
Жарайсыңдар балалар суреттерің сондай әдемі шықты, тақтаға әкеліп іліп қояйық. бүгінгі оқуіс -әрекетіне жақсы ат салыстындар . Бәріңе көп рахмет