СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Табиғат – тылсым дүние

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

аааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа

Просмотр содержимого документа
«Табиғат – тылсым дүние»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары 17


Мектеп: «Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мерзiм:

Тақырып: Татулық – достық кілті

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу

Мұғалiм: Маратқызы Ж Сынып: 9 а,б-сынып

Мақсаты: Оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту .

Міндеттері:

- татулық , бірліктің адами қарым – қатынасындағы мәнін ашу ;

- адамдармен силастықты , жарастықты қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту ;

- бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу .

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық,дәптер,ақ қағаз,түрлі-түсті қалам

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәтi. « Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

үнтаспа

Үй тапсырмасын тексеру

Қ.Толыбаев «Ақиқат» мәтінін оқу


Жағымды ой-пікір. Дәйексөз.

Жағымды ой-пікір. Дәйексөз.

« Алтау ала болса ,

Ауыздағы кетеді .

Төртеу түгел болса ,

Төбедегі келеді »

Халық мақалы


Мұғалімнің сыйы:

Видеоролик: «Соқыр ана»


Топпен ән айту:

Е.Бағаев «Тәуелсіздік тағдыры»


Үй тапсырмасы:

Үнді аңызы «Құстар торға қалай түсті?»


Оқушылар бір – біріне жақсы тілек білдіреді .